facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
zhas-otbasylar-t-sau-kesu-salty-zh-ne-t-sau-kesu-saltyn-tk-zude-k-mge-sen-m-art-andary-turaly
logo
Жас отбасылар тұсау кесу салты және тұсау кесу салтын өткізуде кімге сенім артқандары туралы
Таңғажайып Қазақстан

30.11.2018

Жас отбасылар тұсау кесу салты және тұсау кесу салтын өткізуде кімге сенім артқандары туралы

Арзу Кешкинбаева, 28 жаста, туған жері — Астраxань, @zuzik.art_studio


Астраxаньда туылдым және отбасым көбінесе орысша сөйлейді. Ал күйеуім Ақтаудан, оның отбасысы тек қазақ тілінде сөйлейді. Бірақ бұл бізге тіл табысып, бақытты өмір сүруге кедергі етпейді. Ақтауда тұрамыз, мен үйде жұмыс істеймін — шақыру қағаздар, баннер, бомбоньеркалар жасаймын.

WhatsApp Image 2018-11-21 at 14.07.26.jpeg

Батыста дәстүрлерді қастерлейді және тұсау кесу салтын барлығы қатаң ұстанады. Сондықтан бұл салтты жасамау туралы тіпті ойымыз да болған жоқ.

Жарты жыл алдын мерекені жақын туыстар арасында, яғни менің және күйеуімнің отбасымен тойлайтынымызды шештік. Сондай-ақ, басқа қалада, Бурабай деген көркем жерде тойлайтын болдық. Алдын ала билеттерді сатып алып, жайлы үйді жалға алып, торт пен шарларға, қызымыз үшін ұлттық киім мен тәй-тәй жолына тапсырыс бердік.

WhatsApp Image 2018-11-21 at 14.07.26 (1).jpeg

Менің ойымша, тұсауды кесу үшін болашақта балаңыз ұқсайтын адамды таңдау керек. Отбасыңыз сол адамды құрметтеу керек.

Біздің тойда тек жақын адамдар болды, сондықтан тұсауды менің үлкен қайын апам кесетінін шештік. Ол жасына қарамастан өте ақылды, жауапты, әділ, мейірімді және туғанынан бастап қызымды жақсы көреді.

Адамдар тұсауын кескен сәттен бастап бала жүріп кетеді деп ойлайды. Бізде қызымыз тек екі айдан соң жүре бастады. Сонымен қатар көбісі бұл баланың жарқын болашағына жол ашады деп ойлайды.


Ақбота Смагулова, 27 жаста, туған жері — Алматы, желілік кәсіпкер


Біздің отбасымыз өте тату, ата-анамыз заманауи. Олармен бірге, күйеуімнің інісімен және оның әйелімен бірге тұрамыз. Жақында бір жасқа толған Әбілмансұр атты ұлымыз бар. Әбілмансұр әлі үйдегі жалғыз немере, сондықтан барлығы оған арналып жасалады.

1.jpeg

Отбасымыз заманауи болса да, дәстүрлерді сақтап, бүкіл міндетті салттарды өткізуге тырысамыз. Әр отбасыға баласы бірінші жылын ауырмай, аман-есен өткізгені маңызды. Тұсау кесу салты баланың тұсаудан арылып, өз жолымен сенімді жүре бастайтынын білдіреді.

Бұл салт еліміздің аймақтарында әртүрлі өткізілетіні қызық. Мәселен, менің келінім Ақтаулық, ол жақта бұл дәстүр басқаша жасалады. Алматыда сәл заманға сай өткізіледі. Алайда, менің ойымша, бастысы салтты жақсы ниетпен жасау.

Баланың бір жасқа келуін тұсау кесумен біріктіріп, ауқымды мереке ретінде тойлау сәнге айналды. Әбілмансұр тоғыз айында өздігінен жүруге тырысты, біз онымен бірге жүріп, қолынан ұстап жүрдік. Сондықтан бір жасты күтпейтінімізді шештік. Балаға бейімделу керек деп ойлаймын, әркім әртүрлі дамиды. Барлығын біп аптада шештік — күнді таңдап, қонақтарды шақырдық. Барлық қажетті нәрселерді де сатып алдық: ақ жол, қазақ батырының әдемі киімі, жіп және қалған нәрселер.

Баламызды осы салтқа дайындауға ерекше назар аудардық. Алдағы уақытта жүгіре алатыны жайлы айтып отырдық. Біз үшін маxаббат және назар арқылы ұлымызды дайындау маңызды болды.

2.jpeg

Тұсауды кесетін адамды таңдау барысында бастысы — ол адамның зұлым ойлары болмай, ниеті түзу болуы. Ол адам пысық және әділ болғаны жақсы. Сондай-ақ, оның ақкөңіл болғаны да абзал.

Ол адамды атамыз таңдау керек деп шештік. Әбілмансұр оның алғашқы немересі, атасы атын қойып, тұсау кесетін адамды таңдады. Менің күйеуім және оның әкесі Әбілмансұрдың белгілі олимпиадалық чемпион, боксшы болғанын қалайды. Үйде баламызбен ойнағанда оны «чемпион» деп атаймыз. Атамыз спортшыны шақырғысы келді. Бірақ, уақыт аз болғандықтан мұның соншалықты маңызды емес екенін шештік. Тұсауды кесетін адам емес, оны чемпион секілді тәрбиелеу маңызды.
Менің ойымша, бүгінгі күнде де бұл салт үлкен маңыздылыққа ие. Бұл әр отбасы үшін маңызды оқиға.


Айнагүл Елтаева, 26 жаста, туған жері — Тюмень, банк қызметкері


Отбамымыз жас, оны құрғанымызға төрт жыл болды. Екі баламыз бар - үлкен ұлым Тамерлан және кіші қызым Айлина.
Отбасымызда қазақ дәстүрлері әр уақытта сақталатын және біз де қалыспадық. Бұл салттың өзіндік мәні бар деп ойлаймыз - баланың тұсауын кесіп, оны өз жолын іздеуге жібересің.

26153441_142091776453321_917084021454798848_n.jpg

Ұлымның тұсау кесуін оның арғы әжесі өткізді, олар оған киім тігіп, апалары қалта дайындады, ал біз күйеуімізбен сыйлықтар сатып алдық. Өйткені бұл мереке оның туған күніне дәл келді.

Мен үшін тұсау кесетін адамды дұрыс таңдау маңызды болды. Менің ойымша, ол балаға өзінің жақсы қасиеттерін сыйлау керек.

Көп ойланып, күйеуім Мирамды тұсау кесуге көндірдім. Білуімше, олай жасамайды. Бірақ одан артық сенімді адамды таба алмадым.

WhatsApp Image 2018-11-21 at 19.22.46.jpeg

Айлинамен бұл салт әлі жасалған жоқ, өйткені адамды таңдаған жоқпыз.

Тұсау кесу салты әрбір бала үшін маңызды деп ойлаймын. Осылайша олардың бойына дәстүрлер насиxатталып, жаңа өмір басталады.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.