facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
zhas-m-al-mder-anday-arzhy-a-m-r-s-red-tabystaryn-alay-lestiredi
logo
Жас мұғалімдер қандай қаржыға өмір сүреді, табыстарын қалай үлестiредi

26.05.2017

Жас мұғалімдер қандай қаржыға өмір сүреді, табыстарын қалай үлестiредi

Мадина Абсалямова


25 жаста, №51 мектеп-гимназиясы, еңбек өтілі — 3,5 жыл


Мадина 1.jpg


Оқуды аяқтаған соң бірден мектепте жұмыс істей бастадым. Университетті бітіргенде қайда жұмыс істейтініңді білмейсің. Сол кезде менің өзіме ұнаған нұсқа мектеп болды.


Алғашқыда қиын болды, бірақ қазір, жұмысты ішінен көрген соң маған өте қызық болды. Бүгінгі таңда бастауыш және жоғары сыныптарға ағылшын тілінен сабақ беремін.


Мектептегі мұғалімнің ең аз мөлшерлемесі — аптасына 18 сағат. Мұндай жағдайда 60 000 теңге көлемінде жалақы аласың. Оған қосыма қаржы төленеді: дәптер тексергенің үшін, гимназиялық сыныптармен жұмыс үшін мемлекеттен 10%, сондай-ақ кабинет үшін — егер сенің жетекшілігіңде сынып болса, онда қосымша 5000 теңге аласың.


Жалақымыздың көп бөлігі баспанаға кетеді. Менің жас әріптестерімнің 75-80%-ы пәтер жалдап тұрады. Бүтін бір пәтерді жалдау үшін екі жұмыс істеуге тура келеді: біреуінің жалақысы пәтер жалдауға кетеді, ал қалғаны басқа қажеттіліктерге жұмсалады. Біз цех бойынша әріптестеріммен бірігіп пәтер жалдаймыз. Ары қарай, әлбетте, шығынның көп бөлігі — тағам, кейін көлік шығыны мен кеңсе тауарларына жұмсаймын. Кейде киім мен қыдыруға да ақша қажет.


Мадина 2.jpg


Бұл шарттарды ескере келе, үнемдеп, кейінге қалдыруға үйренеміз. Біз әріптестерімізбен бірге «Қара касса» ойынын ойнаймыз. Бұл біз үшін үлкен көмек, себебі адам болған соң ақша қатты қажет болатын кездер болады, ал сондайда бұл «Қара касса» көмектеседі. Асханада сирек тамақтанамыз, тамағымызды үйден әкелуге тырысамыз, егер әріптестер арасында біреу торт немесе тәтті күлшелер алып келсе, бірге отырып, шәй ішеміз. Бұл да қаржымызды үнемдеуге көмектеседі. Негізгі жалақыға қосымша репетиторлықпен айналысамын. Содан алған ақшамды демалуға жұмсаймын.


Бізде жалақы кешіктірілмейді. Жыл соңында қаржыны қайта есептеу жүргізілетін кезде ең көп дегенде 2-3 күн кешігетіні бар.


Алдағы уақытта өзімді басқа салада байқап көргім келеді. Жас әрі энергияң тасып тұрған кезде әр түрлі қызметте істегің келеді екен. Болашақта оқуды жалғастырып, мамандығымды да өзгертуім мүмкін. Бірақ, кейін белгілі бір уақыт өткен соң ұстаздық қызметке қайта оралсам деймін. Педагог маман ешқашан жұмыссыз қалмайды, мектептің есігі біз үшін әрдайым ашық. Қандай жоспарларым болса да, педагог — менің мамандығым және маған берген мол мүмкіндіктері үшін оған деген алғысым зор.



Дәулетжан Баймұханов


28 жаста, ЕҰУ, еңбек өтілі — 4 жыл, менеджмент кафедрасының оқытушысы

Даулетжан 2.jpg


Соңғы екі жылда Латвияда білім алдым. Кейін Қазақстанға қайта оралып, қандай да бір қызмет түрін іздеумен болдым. Мемлекеттік құрылымдар мен ұжымдық секторда жұмыс істеу маған ұнамайтын, сондықтан мен өз ойымдағы ең жақсы мамандықты — ұстаздықты таңдадым.


Маған дәріс беріп, студенттермен жұмыс істеген ұнайды.


Жоо-дағы оқытушының жалақысы оның сағат санына, еңбек өтілі мен академиялық немесе ғылыми дәрежесіне байланысты. Үш жылдан кейін аттестациялаудан өтіп, аға оқытушы дәрежесін ала аласыз, содан кейін доктор академиялық дәрежесін аласыз, содан соң ғылыми дәрежелерді алуға болады.


ЕҰУ-де тәжірибесі жоқ жас оқытушының жалақысы 70 000 теңге шамасында. Егер мүмкіндігің болса, қосымша сағаттар алуға болады, сәйкесінше жалақыға да ақша қосылады. Мен бір жарым мөлшерлемемен жұмыс істеймін.


Университетте жұмыс істегеннің артықшылықтарының бірі бізде өте көп конференциялар өтеді, шетелдіктер көп келеді. Мен MBA дәрежесін алдым және шетелде оқыдым, сондай-ақ бұрын Алматыда аккредитациялауға жауапты болғандағы тәжірибем бар. Латвиядағы оқуымды тәмамдаған соң менде біздің елімізде шетел дипломын мойындау туралы қиындықтар болды. Маған өз тәжірибемнен біліп, осы шаралардың барлығынан өтуге тура келді. Сондықтан, қазір білім саласында консалтингпен де айналысамын, шетелдік профессорларға олардың оқу бағдарламасын біздің Білім министрлігіміздің талаптарына сай бейімдеуге көмектесемін.


Даулет жан 1.jpg


Мен қаржы жағынан да консалтингпен айналысамын деп шештім, себебі бұл маған қосымша табыс әкеледі. Одан бөлек аудармамен айналысамын, бұл да қосымша қаржылық қолдау көрсетеді.


Жас оқытушының шығындардың негізгі бөлігін баспанаға төлейтін қаржы құрайды, алайда менің бұл жағынан жолым болды, себебі Астанада ата-анаммен бірге тұрамын. Менің шығындарым, негізінен — тамақтану, көлікке кететін қаржы, сондықтан кейде жинақтауға да мүмкіндік болады. Барлық жастар сияқты, біз де достарымызбен демалуға бір жерлерге шығып тұрамыз. Бірақ, девальвациядан соң қыдыруға кететін шығындарды азайттым.


Ұлттық университетте жалақыны ешқашан кешіктірмейді. Жеке университеттерде кейде ондай жағдайлар болып тұрады. Қандай жағдай болмасын, тіпті жеке жоо-ның өзінде әр айдың 10 жұлдызына дейін жалақының бір бөлігі болса да беріледі.



Айгерім Сары


22 жаста, РФММ, еңбек өтілі — 1 жыл


Айгерим.jpg


Шынымды айтсам, университетке түскен кезде мұғалім мамандығын аламын деп ойлаған жоқпын. Мен екі шет тілі факультетіне түстім: ағылшын және қытай тілі. Аудармашы боламын немесе халықаралық қатынастар саласында жұмыс істеймін деп ойладым. 2-3 курста педагогиканы оқи бастағанда біз оқытушылар мен әкімшілікке сұрақтар қоя бастадық. Олар бізге оқуды бітіргеннен кейін оқытушы да, аудармашы да бола аласыңдар деп жауап берді.


Мен мектепте жоғары сыныптан бастап жұмыс істедім, өзімді түрлі салада байқап көруге мүмкіндігім болды. Сондықтан, университеттің 3 курсында мұғалімдік басталған тұста сабақ беру нағыз менің ісім екенін түсіндім.


4 курста оқып жүргенде мені бұл кезге дейін тәжірибеден өткен мектеп жұмысқа алған болатын. Менің қалай жұмыс істейтінім әкімшілікке ұнағанға ұқсайды. Сол кезде қолымда диплом болған жоқ, бірақ мені жұмысқа шақырды. Сонда менің жалақым айына 60 000 теңгені құрады. Бірақ ол 60 000 теңге маған 6 миллиондай көрінді, себебі бұл менің өз мамандығым бойынша жұмыс істеп алған алғашқы ресми жалақым болатын.


Қазір мен РФММ жоғары бөлімінде жұмыс істеймін. Біздің мектебіміздегі мөлшерлеме — 18 сағат — 80-90 000 теңге. Сондай-ақ, менің жетекшілігімде сынып бар.


Айгерим 2.jpg


Жалақымыз ешқашан кешіктірілмейді, тұрақты түрде әр айдың 1-інен 10-ына дейін аламыз.


Құрбыларыммен бірге пәтер жалдап тұрамын, сондықтан шығынның негізгі бөлігі — пәтер мен тамақтану шығындары. Жұмысыма жақын жерде тұратындықтан қатынау үшін ақша кетірмеймін, ал түскі асты үйден алып келуге тырысамын. Бірақ, егер үйде тамақ дайындамай, жұмыстан кеш шыққан кездерде асханаға күніне 1000-1300 тг кетеді. Одан бөлек, ай сайын аздаған ақша салып тұратын «Тұрынүйқұрылысжинақбанкінде» өз депозитім бар. Осылардан қалғанын киім мен қыдыруға жұмсаймын. Және ай сайын белгілі бір соманы ата-анама жіберіп тұруға тырысамын.


Аз ғана уақыт бұрын мен қосымша репетиторлықпен айналыстым. Бірақ, қазір қосымша табыс табуға бос уақытым жоқ. Біздің жұмыс күніміз 8:00-ден 16:00-ге дейін, ал қазір 16:00-ден 18:00-ге дейін жас маман ретінде біліктілігімді арттыру курстарына барып жүрмін. Ал 18:00-ден 19-20:00-ге дейін келесі жұмыс күніне дайындаламын.


Мен балаларды қатты жақсы көремін және сондықтан да болашақта ұстаздық қызметімді жалғастырамын. Кейінірек магитсратура мен докторантураны оқығым да келеді.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.