Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit, sed do eiusmod tempor incididunt ut labore et dolore magna aliqua. Ut enim ad minim veniam, quis nostrud exercitation ullamco laboris nisi ut aliquip ex ea commodo consequat.

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
zhas-biznesmender-21-zhasta-z-s-n-alay-bastau-kerek-zh-ne-anday-iyndy-tarmen-kezdesuge-bolatyny-zhayly

Жас бизнесмендер 21 жаста өз ісін қалай бастау керек және қандай қиындықтармен кездесуге болатыны жайлы
458

27.01.2018

Жас бизнесмендер 21 жаста өз ісін қалай бастау керек және қандай қиындықтармен кездесуге болатыны жайлы

Марат Утениязов, 21 жаста, студент, кәсіпкер, туған жері — Актобе

aab7d5e0-63cf-46d6-8c66-342c7c6ea755.jpg

Бизнеспен айналысуды бала кезімнен бастадым. Алғашқы 6 йогуртымды 100 теңгеге сатқаным әлі есімде. Шарлар мен телефонға арналған ойындарды саттым. 10-11 сыныпта досыммен бірге клининг компаниясын ашумен айналыстық. 18 жасымнан гүл сатумен айналысамын.

Бұл бизнеске кездейсоқ келдім. Негізінде көбірек ер адамдардың ісімен айналысқым келген. Мысалы, жөндеу жұмыстарымен немесе құрылыспен. Бұлармен де қатар айналсуға тырысқан едім. Құрылыс бригадасы MEGA Silkway орталығының кіре беріс тақтайларын салған. Yves Rocher дүкенімен де жұмыс істеп көрдім, бірақ бұл жұмыстар көп қиыншылдықтар әкелді. Бұл бағытта жұмы істеу ұнамады, өйткені адамдарды іздеу қиын болды.

Гүлмен қамтамасыз ету қиындықтары тоқтамайды. Тасымалдайтын көлік құралдарын таңдау маңызды. Логистикалық компаниялар қызметкерлерінің немқұрайлығы үшін біз мұздатылған гүлдерді алған кездер де болды. Өткен жылы бір жағдай болды: 14 миллион теңгеге гүл сатып алып, қарасақ олардың барлығы мұздатылған екен. Үштен бір бөлігін тастауға тура келді. Бұдан мүлдем пайда таппадық. Нөлге шыққанымызға қуандық.

7ac5f04d-942a-4a7b-9faa-b9949d4dfe31.jpg

Қазір ай сайын капитал айналымы 10 миллион теңгені құрайды. Қазіргі уақытта біз өзіміздің франшизамызды сатып алғысы келетін адамдарды іздеудеміз.

Бірінші курста көптеген қиындықтар болды, өйткені мен тәжірибесіз болдым: құжаттарды жүргізе алмадым, келіссөздерді жалғастыра алмадым. Кәсіпкерлік маған сенімділік берді. Бұл іс көзқарастарымды дамытады, заңды және экономикалық мәселелерді, адамның психологиясын түсінуге мүмкіндік береді, хабарды басқаларға қалай дұрыс жеткізуге үйретеді. Осы кішігірім жолдан өткеннен кейін мен қазір жұмысқа қажетті дағдыларды алдым.


Айслу Имашева, 21 жаста, студент, кәсіпкер, туған жері — Ақтобе

1fbc0a95-827a-41fa-97f6-5b9389b65717.jpg


Бизнеспен бірінші курста айналыса бастадым. Ата-анама байланысты болғым келмегендіктен, жұмыс тауып, өзімді өзім ақшамен қамтамасыз етемін деп шештім. Бірақ қайда барсам да, мені шынайы қабылдамады. Сондай-ақ менің жұмыс өтілім болмады. Сол кезде табиғи тастан қолмен жасалған зергерлік бұйымдарға қатты сұраныс басталды. Мен бұйымдарды жасауда өз мүмкіндіктерімді сынауға шештім.

Бастапқыда материалдарды сатып алу үшін 50-60 мың қажет болды. Мен бұл сомманы тез арада жинадым: бір бөлігін туған күніме сыйлады, күнделікті шығындарыма беретін ата-анмның ақшасын үнемдедім. Материалдарды әкелушілерді тез арада таптым. Интернетте фурнитура сататын магазиндерді табу қиындық әкелмеді. Барлығын үш-төрт күнде жинақтадым. Instagram желісінде парақша ашып, алғашқы күндерде он адам тапсырыс берді. Алғашында браслеттерді жарнамалау қажет еді. Бұйымдарды құрбыларыма сыйладым, ал олар өз парақшаларында пікір қалдырып отырды. Сондай-ақ, клиенттерімнің пікірлерін видеоға жазып отырдым. Қазір тапсырыс беретін белгілі бір жинақталған клиенттерім бар.

f56f6bfa-c036-41d5-9516-f152048f219e.jpg

Тапсырыстар саны маусымға байланысты. Егер Жаңа жыл, 8 наурыз сияқты мерекелер болса, онда аптасына шамамен 40 тапсырыс келеді. Тыныштық кезінде аптасына 4-5 тапсырыс болады.

Белсенді кезең туралы айтатын болсақ, онда бір айға аксессуарларға жұмсалатын шығындарды ескере отырып, шамамен 150 мың теңге табуға болады. Егер бұл тыныш маусым болса, онда табыс шамамен 30 мың теңгені құрайды.

Жасқа байланысты қатты қиындықтар жоқ. Бірақ жасына байланысты елеусіз қарайтын клиенттер де кездеседі.

Кәсіпкерлік адамдарды не болса да түсінуге үйретті. клиенттерді ұстап тұру үшін шыдамды, мейірімді, сыпайы болу керек екенін түсіндім. Қазіргі заманда бұл іскерлік қызметте ғана емес, кез-келген басқа жұмыста да маңызды, себебі коммуникациялар бәрінің негізі.


Иван Синенко, 20 жаста, МОО True Equality төрағасы, туған жері — Орал


f7cc1dce-ff22-438f-8a01-a005d4532402.jpg


Егер сіз жас болсаңыз және сіздің үлкен қаржылық ресурстарыңыз болмаса, кез-келген істі бастау қиын. Бірақ кәсіпкерліктің тағы бір түрін дамытуға болады, ол мемлекет пен адамдарға жаңа нәрсе әкеледі. Мысалы, мен сияқты қоғамдық немесе жастар одағы. Ұйым МОО True Equality деп аталады.

Ұйымның басты идеясы — жастарға, қоғамға көмектесу және қаланы дамыту

Жобаларды жазғанымнан кейін, әкімдікке мемлекеттің 25 жылдығына орай жобаны құруға көмектескеннен, неге жастар ұйымын ашып, көшбасшы болмаймын деген ой келді. Мен осы идеяны алты ай бойы ойластырдым. Тіркелу кезінде қиындықтар туындады, бұл көп уақыт алды. 2017 жылдың 17 ақпанында ұйымды аштым. Бастапқыда мені ешкім білмейді, барлық есіктер жабық сияқты көрінетін,. Бірақ содан кейін мен ішкі саясат бөліміне бардым, кеңселерге кіруге қорықтым, ыңғайсыздық сезімінде болдым. Енді жастар бірлестігінің төрағасы атынан болашақ проблемалар туралы сөйлесуге және шешу жолдарын ұсына алатынымды білемін.

Біз донорлық ұйымдарға ұсынатын жобалар жасаймыз. Донор ақша бөлгеннен кейін, біз жобаны жүзеге асыру бойынша жұмыс жүргіземіз. Жалпы соманың 20% — сыйақы. Бұл ақшаны өзім ала аламын.

Біз жастармен және орта жастағы адамдармен адам құқықтарына қатысты зерттеулер жүргізіп, тренингтер мен семинарлар өткіземіз. Сондай-ақ заң қызметтері бойынша кәсіби кеңес беру арқылы адамдарға көмектесеміз.

Мен кәсіпкерлік қызметтің арқасында ақпараттық нарықтың компоненттерін, әлеуметтік қызметтер нарығын ажырата білдім. Мен екі сегменттегі жұмысты қалай біріктіру керектігін білдім. Сондай-ақ қазір мен өзін-өзі ақтайтын және тұрақты жұмыс істейтін жобаларды құрудың жақсы мүмкіндіктерін білемін.