facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
zhary-teatry-zh-ne-plastik-b-telkelerden-zhasal-an-lken-m-s-nder-astanaly-tar-astana-art-fest-2017---den-nen-k-re-alady
logo
Жарық театры жəне пластик бөтелкелерден жасалған үлкен мүсіндер: астаналықтар Astana Art Fest 2017 - ден нені көре алады

03.06.2017

Жарық театры жəне пластик бөтелкелерден жасалған үлкен мүсіндер: астаналықтар Astana Art Fest 2017 - ден нені көре алады

Стивен Стигель мен LUZINTERRUPTUS көркемдік тобының ресайкл-мүсіндері мен эко-арт инсталляциялары


StevenSiegel114251006932.jpg


luz11.jpg


LUZINTERRUPTUS тобы екінші шикізаттан масштабты инсталляциялар мен жарық перформанстарға маманданған. Стивен Сигель макулатурадан, пластик бөтелкелерден және темір банкілерден әсерлі әрі массивті инсталляциялар жасайды. Суретшілер өздерінің қазіргі заманның басты қоқысы деп атауға болатын пластикке арналған концептуалды жұмыстары арқылы қалдықтардың табиғатқа келтіретін залалын еске салады.




Николай Полисскийдің ленд-арт және паблик-арт жұмыстары


VCH7848.jpg


Николай Полисский — орыс ленд-арт өнерінің — көрме қабырғаларынан бөлек айналадағы пейзажбен үндесетін өнердің жарқын әрі жалғыз өкілі. Оның монументалды жұмыстары үлкен масштабы мен табиғатпен үндесетіндігімен ерекшеленеді. Соңғы 13 жылда олар Мәскеуде, Пермьде, Петербургте, Люксембургте, Парижде, Майамиде, Барселонада және әлемнің көптеген ірі музейлерінде тұр. Астанада Николай адамның табиғатпен байланысын көрсететін өзінің кезекті жұмысын жұрт назарына ұсынады.



DUNDU неміс жарық театрының қойылымдары


34641_original.jpg


DUNDU 2006 жылы құрылған болатын. Бұл уақыт аралығында ұжым Берлиндегі жеңіл атлетика чемпионаты, Лондондағы олимпиада ойындары мен Түркиядағы Ортаазиялық ойындарға шақытру алды. Шоу негізінде көше театрының өзіндік философиясы қалыптасқан. DUNDU әр қозғалысы — біріккен ұжымдық импульстің нәтижесі. Шоуға қатысатын қуыршақтардың ирелек құрылымы адамдар арасындағы байланысты көрсетеді. 30 елді тамсандырған қойылымды енді астаналықтар да тамашалай алады.



«Сандық» мүсіні


Рисунок2.jpg


Авторы: Арыстанбек Шалбаев


Жұмыстың негізі — ағаш, қайрақ, тақтайлар. Сонымен қатар металдан жасалған екі жүз литрлік бөшкелер қолданылады. Автор осылайша мұнай мен тұрмыс бұйымы сандықты мүсіндеуі арқылы қазіргі кез бен бұрынғы заманның байланысын көрсеткісі келген. Автор бүгінгі күні айналамыздағы заттардың көбісі мұнаймен байланысты екенін алға тартады. Алайда, біз қарапайым заттар туралы ұмытпауымыз керек және жастарға өзіміздің ұлттық тұрмысымыз бен мәдениетімізді көрсетуіміз қажет деп есептейді. Жұмыстың алатын аумағы — 9 шаршы метр, нысанның биіктігі — 3 метр, ені – 1,5 метр, ұзындығы — 1,5 метр.




«Аттың трансформ-басы» мүсіні


Рисунок1.jpg


Авторы: Смайыл Баялиев


Жұмыс металдан, негізінен, темір мен арматурадан жасалған. Сондай-ақ, жұмыста дайын желдеткіштер де қолданылған. Автор мүсін арқылы қазақтың байлықтарының бірі — жылқыны, оның көшпенділермен байланысын көрсетпек болған. Желдеткіштер — желдің белгісі. Көрме энергияға арналғандықтан, автор жел энергиясын көрсетіп, өткенді ұмытпау керектігін білдіргісі клген. Нысанның биіктігі — 3 м, негізі — 2 м.




«Nomadic киномеханик» инсталляциясы


Рисунок6.jpg


Авторы: Гаяне Казарян


Нысан шамамен үш аптада жасалды және оны жасау кезінде қара болат, ламинатталған шерелер мен велосипед қолданылған. Бұл анимациялық мультипликациялық айналатын дөңгелек. Дөңгелектен қозғалмалы пейзажды көруге болады. Осы арқылы автор мультипликацияның неден басталғанын көрсеткісі келген. Сонымен қатар, мұнда велосипедпен жүру адамды табиғатпен жақындастыратынына баса назар аударылған. Нысан анимацияны көрермендерге де, велосипед тебушінің өзіне де көрінетіндей етіп жасалған. Нысанның алатын аумағы — 5 шаршы метр, биіктігі — 1,8 метр.




Neonomad мүсіні


Рисунок3.jpg



Авторлары: «Қызыл кадмий» арт-тобының мүшелері — Бейбіт Әсемқұл, Айгерім Жұмағалиева, Әлия Қаныбекова, Наталья Лигай, Гүлмарал Татибаева


Мүсін әр түрлі металл мен металл торлардан алға қарай қадам басқан адамның пішінінде жасалған. Ол Қазақстанның тәуелсіздігінің белгісі және Астана құрылысының үдерістерін көрсетеді. Елорда құрылысының өсу қарқыны да алға қарай ұмтылған Neonomad сияқты өте үлкен. Бұл мүсін өзінің салмағы және әдемілігімен ерекшеленеді, үлкен әсер қалдырады және бұл мүсіннен жастардың энергиясы сезіледі.


Металл — Neonomad тұрақтылығы, оның көпті көріп, шыңдалғанын көрсетеді. Ол табандылығымен, мақсатшылдығымен және мақсатқа жетуге деген талпынысымен айрықша. Neonomad биіктігі — 2,6 метр.




«Шайр» балалар алаңы


Рисунок4.jpg


Рисунок5.jpg


Авторы: Ерлан Хамитжанов


Бұл ат пішініндегі сатылары мен сырғанауға болатын төбешіктері бар балалар ойын алаңы. Материал — ағаш, шере мен металл. Жасалу процесі қиын емес, жасап шығаруға 7-10 күндей уақыт кетеді. Автор қалаларда балалар алаңының жетіспеуі мен ауладағы балалар ойынының жұпыны екенін алға тартады. Тіпті, балалар алаңының ең қарапайым элементтерінің жиынтығын әр түрлі тәсілдермен көрсетуге болады. Баланың қиялында шек жоқ, сондықтан балалар алаңы функционалды және эстетикалық сәйкестік болатын жердің нақ өзі. Ат — бұл тек сатылар мен құбырлар жиынтығы ғана емес, аулада уақытты қызықты өткізуге арналған рәсімделген образ. Нысанның ұзындығы шамамен— 5 метр, биіктігі — 2,5 метр, ені — 1,8 метр.




«Ұлы дала — жылдың төрт мезгілі» целлофан живописі


IMG-20170525-WA0004.jpg


IMG-20170525-WA0005.jpg


Авторы: Сәуле Сүлейменова


Автордың пікірінше, Қазақстан бұл — тау, орман, өзен мен көлдер, алайда бәрінен бұрын ол — дала. Бүгінде дала целлофан мен қоқысқа толып тұр. Бұл жобада суретші даланы қарындаш, бояумен емес, целлофан пакеттермен салған. Автор тек жаңа көркемдік тілді ғана іздеп қоймай, алдына болашақта дала бүгінгідей бола ма деген сауал қояды.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.