facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
zha-a-aza-tar-yzdardy-t-rmys-zhayly-tek-30-zhastan-key-n-ana-oylay-bastauy-zhayly
logo
Жаңа қазақтар. Қыздардың тұрмыс жайлы тек 30 жастан кейін ғана ойлай бастауы жайлы
Өмір сүру стилі

02.03.2018

Жаңа қазақтар. Қыздардың тұрмыс жайлы тек 30 жастан кейін ғана ойлай бастауы жайлы

Валерия Исембаева, 30 жаста, Premiere модельдік агенттіктің негізін қалаушы


IMG_4394.JPG

Қаңтарда 30 жасқа толдым. Менің ойымша, бұл әдемі сан және Қазақстанда өмір сүретін қыз үшін ешқандай қорқынышты ештеңе жоқ. Мен модельдеу саласында 14 жыл жұмыс істеп келе жатырмын, өз модельдік агенттігім бар. Өзімді көптеген нәрселерде жүзеге асырдым және өмірімде бірдеңе жетіспейтінін сезінбеймін. Бірақ 30 жасқа қарай өз адамынды табу, отбасын құру, балалы болу деген ниет бар.

25 жастан асқаныма және әлі тұрмыста болмағаныма байланысты еш қысым көрген жоқпын. Мүмкін, адамдар мені жпқсы танитындықтан және бірдене деуден еш пайда болмайтынын білггендіктен шығар. 24 жасқа дейін анаммен және менің өзімнің саламда жұмыс істеп жүрмегендігіме байланысты келіспеушіліктер болды, ол менің қарым-қатынас орнатып, тұрмысқа шыққанымды қалады. Бірнеше жыл бұрын осы мәселені талқылап, маған тиісудің керек жоқ екеніне тоқтадық. Өйткені мен сондай баламын. Басқа еш нәрсе істей алмайсыз. Мен тұлға ретінде қалыптасқым келеді, содан кейін ғана ана ретінде.

Осыдан кейін мен 29-30 жастан кейін отбасын құру керек екенін түсіндім


Ерте тұрмысқа шыққан көптеген қыздарды білемін, солай болуы тиіс еді, ал бірақ қазір олардың аз ғана бөлігі бақытты. Әрине, олар балаларын, күйеуін жақсы көреді. Бірақ оларда мен 30 жасқа дейін сезінген сезімдер жоқ. Мен саяхаттадым, құрбыларыммен қыдырдым, түрлі адамдармен таныстым. Ал қазір мен үйде отырып, бала бағуға дайынмын, өйткені көп нәрсені көрдім.

18 жасымда маңызды қатынаста болдым, тіпті үйлену тойын да ойладық. Бірақ қазір оның балалық болғанын түсіндім. Осыдан кейін мен 29-30 жастан кейін отбасын құру керек екенін түсіндім.

Жетілген адамның некеге түсуінде көптеген артықшылықтар бар. Жалғыз жағымсыз жағы, ол менің балаларым университет бітірген кезде,, мен әжем боламын. Бірақ негізінен көбісі тек артықшылықтар. Мен өмірдің қандай екенін білемін, ер адамдармен қалай байланысуға болатынын және біз әр түрлі екенімізді білемін. 30 жаста, адамның сізге ештеңе қарызы жоқ екенін және бірге жұмыс істеу керек екенін білесіз. Серіктестік тұжырымдамасы жақында ғана келді.

Сіз тұлға ретінде қалыптасып, өзіңізді жақсы көріп, кітап оқып, балаларды қалай тәрбиелеу керектігін түсінгеннен кейін ғана тұрмысқа шығу керек.


Асем Дюсекеева, 35 жаста, туған жері — Павлодар, банк қызметі


WhatsApp Image 2018-02-26 at 10.47.49.jpeg

Мен банк қызметінде 11 жыл жұмыс істеп келе жатырмын. Қазір мен бөлім меңгерушісімін.

27 жасқа дейін, мен неке туралы ойламаған едім. Ал 30 жасымда тұрмыс құру жайлы әңгімелер көбейе бастады. Мен агрессивті түрде жауап қайтарып, бұл менің өмірім екеніне баса назар аударттым. Қазір анам мен үшін ең қатты аландауда, өйткені ол менің отбасы құрғанымды және тек адам ретінде ғана емес, ана ретінде де өмірімнің болғанын қалайды.

Қазір адамның қандай болуы керек екенін түсінемін және отбасын құруға дайынмын


Университетте төртінші курста тұрмысқа шығуды жоспарладым, бірақ ата-анам оған қарсы болды. Олар мен өзімді жүзеге асыра алмаймын деп қорықты. Олар алдымен жұмысқа тұрып, тәуелсіз болу керек деп ойлады. Бұл дұрыс шешім болды, мен тұлға, көшбасшы ретінде қалыптастым. Қазір адамның қандай болуы керек екенін түсінемін және отбасын құруға дайынмын.


Алмагуль Калымжанова, 32 жаста, туған жері — Семей, Inspiration Club негізін қалаушы және Fryday Almaty жетекшісі


IMG_8958.JPG


Мен жақында 32-ге толдым.Мен үшінші жыл қатарынан Алматыда кештер өткіземін. Сондай-ақ туризм мен маркетингпен айналысамын.

Әжелдегі мен аталар менің кезімде олар балалы болғанын еске салады. Бұл қорлық емес, олардың көзқарасы, тәжірибесі. Отбасымда жалғыз қыз болғаныма қарамастан, мен некеге асықпадым. Бірақ менің анам, әрине, әйел ретінде маған және менің денсаулығыма байланысты алаңдатады.

Отбасы — бұл жауапкершілік, жұмыс


Біздің көзқарасымыз қыз-келіншектерімізге қысым көрсетеді. Бірақ соңғы төрт жылда бұл аз болды. Адамдар батыстық көзқарастарға үйрене бастады. Мен өзімді дамытқым келетіндіктен, мансапты құруға, саяхаттауға, мақсаттар мен армандарға қол жеткізуге тырысамын. Ал содан кейін отбасын құру туралы ойланамын. Мен үшін бұл жауапты қадам.

Менің ойымша, неке құруды белгілі бір жасқа жоспарламайсың. Сезім, қызығушылық болуы керек. Мен бүгінгі күнге дейін қалай өмір сүргеніме өкінбеймін. Бірақ мен өз отбасым туралы ойлап жүрмін.

Отбасы — бұл жауапкершілік, жұмыс. Енді мен шешімдерді саналы түрде қабылдай алатын кездерімде. Сондықтан мен бастысы — шатаспай, жүрекке құлақ асып өз адамымның табылуын тіеймін.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.