facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
zha-a-aza-tar-vizazhist-barista-smm-ne-sebept-olardy-zh-mystaryna-beyzhay-arady
logo
Жаңа қазақтар. Визажист, бариста, SMM не себепті олардың жұмыстарына бейжай қарады
Мамандықтар

12.04.2018

Жаңа қазақтар. Визажист, бариста, SMM не себепті олардың жұмыстарына бейжай қарады

Нурлан Алимходжаев, 33 жаста, туған қаласы — Жамбыл, визажист



Мамандық таңдау туралы



3-5768.jpg

Мені бала кезімнен осы сала қызықтыратын, басында шаштараз боламын деп ойладым. Тетарларда гримерлер болатынын естідім, бірақ салондардағы визажисттер туралы білмедім. Анам шаштараз болуыма тыйым салды, себебі өзі салондарға баратындықтан әйелдердің шеберлермен қалай сөйлесетінін біліп тұрды. Ол өз ұлымен дәл солай сөйлескенін қаламады. Мен бастаған уақытта шебер, шынымен де, қызметшіге теңестірілді, тіпті кейбір клиенттер солай ойлайтын. Қазір осы индустрия саласын дамытып, жетістіктерге жеткен адамдардың арқасында бұл мамандыққа деген көзқарас өзгерді. Бұл трендке айналып жатыр, ал екі жыл бұрын жаңа визажисттердің «шарықтау шегі» болды. Алайда қазір барлығы аздап төмендеп жатыр, себебі адамдар бұл күрделі екенін түсінді, кез келген адам жақсы шебер бола алмайды.

Бірде танысым маған Астанаға көшіп, өзімді визажист ретінде сынап көруімді ұсынды. Мен мұндайға қабілетім бар екенін ешқашан байқамайтынмын. Көп уақыт бойы өзімді басқа біреудің орнын алып жатқан жалған атты сезіндім. Мен үшін бұл уақытша қызығушылық болды. Ол қазір әлеуметтік желілер уақытында шебер танымалдылыққа және табысқа тез ие бола алады. Менің шеберлер ұрпағыма өздерін кәсіпқой атау үшін бес жыл керек болды. Осы уақыттан кейін менде өзіндік жазу бар екенін және бұл қолымнан келетінін түсіндім.

Мен шағын қаладан шыққан ұл Астанаға келіп жұлдыздармен және қызықты адамдармен жұмыс жасай бастадым. Олармен сұхбаттасып отырдым, және әр кезде олар менің бизнес-коучерлерім тәрізді өздері соны байқамай мені дамытып отырды. Ең үлкен өсімді маған Динара Сәтжан берді. Ол менің қызметтерімді пайдаланып тұрды, біз күн сайын көрісіп тұрдық және әңгімелесу уақытында оның нұсқауларынан ерекше әсерленетінмін, бұл маған үлкен серпін мен серпіліс берді.



Ата-анасының көзқарасы туралы



Бірінші жылы анамнан жұмыс орнымды жасыратынмын

Бірінші жылы анамнан жұмыс орнымды жасыратынмын, француз үйінде сатушы-консультант болып істейтінімді айттым. Шындықты айтуға қорықтым. Бірақ 2005 жылы әкімшілік сән салондары арасынан байқау ұйымдастырды, және біздің салон макияж бен шаш үлгісінен бірінші орынды иеленді. Мен мадақтау кезінде сахнада тұрып, анама жеңімпаз атанғанымызды телефонмен хабарладым. Таңқалуыма қарай анам бұған сабырлықпен қарады, бір жылдан кейін осындай жоғары нәтиже болғанын көріп, қолымнан келетінін түсінді. Ол мені айнытып, сүйікті жұмысыммен айналысуға кедергі жасаған емес.



Стереотиптер туралы



Мен бастаған кезде визажист деген түсінік болған емес. Жұмысқа келіп, ақшасыз қайтатынмын. Бұл танымал қызмет түрі болған жоқ, көбісі мұның не үшін керек екенін түсінбейтін. Алматыда бұл қарқынды дамып жатса, Астанада бұл драма болатын. Мен шаш үлгісін жасатып жатқан қызға жақындап, макияж жасауға ұсыныс жасайтынмын, ал ол жаңылысып, өзі де жақсы бояна алатынын айтатын. Қазір бұл тиісті нәрсе ретінде қабылданады: егер сен іс-шараға баратын болсаң, салонға барып, бұл істі шеберлерге тапсыруың керек. Визажист болғаным аз, оның үстіне жігітпін. Адамдар түсіне бастады – ер адамдардың әйелге деген көзқарасы өзгеше, біз басқаша көреміз. Алайда жақсы шеберлер әйелдің және ерлердің арасында да бар.

Сахна сыртындағы жұмыс болып саналса да, менің мамандығым маған көп нәрсе берді

Менің мансабым басталған уақытта біздің қалада бір жігіт болды, өзі маникюр шебері. Ол кезде бұл мен үшін де нонсенс болатын. Ал қазір бұл қалыпты нәрсе, қоғам өзгеріп, дамып келе жатыр. Әйелдер де ерлердің мамандықтарында жұмыс істей алады, қорқатындай еш нәрсе жоқ, барлығы тең.

Сахна сыртындағы жұмыс болып саналса да, менің мамандығым маған көп нәрсе берді. Ешқашан танылатын адам боламын деп, өз аудиториям болатынын ойламаппын, мұны қалаған емеспін. Менің ойымша, табыс бұны ең аз қалайтын, өз жұмысын сапалы орындайтын адамдарға келеді.



Қоғамдағы көзқарас туралы



Ата-аналар өздерінің өмірлік тәжірибесіне, қателіктеріне қарап, балаларына ең жақсысын беріп, кеңес айтқылары келеді. Бірақ мен заманауи әлемде баланың өз пікірі болуы керек деп ойлаймын. Және оған өзін сынап көруге мүмкіндік беру керек. Егер оған бір мамандық жақын болса, онда сол мамандықты таңдасын, себебі шынымен жақсы мамандар елімізде аз. Барлығы балаларын заң факультетіне немесе халықаралық қатынастарға жібереді. Әрбір ата-ана өз баласын бастық ретінде көреді. Еуропада кез келген техникалық мамандық, қызмет көрсету саласы жоғары төленеді, адамдар қарапайым жұмыста да жақсы ақша таба алады. Біздің қоғамға ақша соңынан жүгірмей, таңдау жасап, кішкентай мамандықты да игеру маңызды екенін түсіну керек. Сол кезде бізде жақсы мамандар пайда болады, егер әрқайсымыз тырыссақ, онда кез келген салада табысқа қол жеткізе аламыз.

Наргиз Батыршаева, туған қаласы — Астана, SMM-маманы

3 - Copy 2.jpg

SMM-мен 2015 жылдан бастап айналысып келемін, ол кезде мен әлеуметтік желіде «Давай сходим, Астана» парақшасын жүргізе бастадым. Маған бұл мамандық ұнады, тақырыпқа тереңірек қарай бастадым. Өткен жылдан бастап SMM-ды үйрету туралы парақшамды белсенді жүргізе бастадым. Білімім бұл мамандықпен байланысты, Ұлыбританияда «медиакоммуникация» мамандығы бойынша оқыдым. Менің PR, медиа, коммуникация, адамдармен жұмыс істеу саласында тәжірибем болды. Жаңа мамандық үшін практикалық шеберлігімді ресей мамандарынан алатынымды шештім, университетте мұны әзірше үйретпейді.



Ата-анасының көзқарасы туралы



Мен «ҚазМұнайГаз»дың SMM-нен кетіп қалдым, ал туысқандарым мені түсінбейтін – ата-анам да, күйеуім де. Олар мен ешқашан сол жердегі жалақы деңгейіне шықпайтынымды айтты, мәртебем де басқаша болады деп санады. Ал менің кәсіпкер достарым өзіңе жұмыс жасау менің ойымдағыдай оңай емес екенін айтты. Бірақ уақыт өте жұмысым өткен жұмыстан кем емес табыс әкеліп жатқанын көргенде, менің таңдауымды жақсы қабылдай бастады.

Мен «ҚазМұнайГаз»дың SMM-нен кетіп қалдым, ал туысқандарым мені түсінбейтін – ата-анам да, күйеуім де

Мен бастаған кезде, жазып жатқаным барлығына қызықты көрінеді деп ойладым. Бірақ мен барлық уақытта аудиториядан жауап алған жоқпын, себебі өзімнің ойлау ережеме бар назарды қоятынмын.



Стереотиптер туралы



Қиындық адамдарға маған не үшін төлеу керектігін және табысты SMM-мен қалай өлшеуге болатынын түсіндірген жағдайда туады. Егер сіз дәрігер немесе дизайнер болсаңыз, онда сізде дұрыс жұмыс жасап жатқандығыңызды өлшейтін табыс өлшемдері бар. SMM-де мұндай өлшемдер аз және көбісі неден үйрену керектігін білмейді. Клиентпен алға жүру мақсаттарын талқылау керек, көбісі SMM-ді PR-мен, маркетингпен, копирайтингпен шатастырады, барлығын бірден алғысы келеді. Клиент түсінігінде SMM-ның не екенін қалыптастыру – ең қиыны болды.

Бұл саладан алыс адамдармен сөйлескен кезде олар бұны былайша қабылдайды: «Сіз Instagram-да отырғаныңыз үшін ақша аласыз»

Таксисттермен сөйлескен кездерде қайда жұмыс істейсіз деп сұрайтындарға хатшы деп айта саламын, себебі солай түсіндіру оңай. Қазір көбісінде SMM туралы түсінік пайда болды. Адамдар оның тек коммерциялық ұйымдарға ғана емес, мемлекеттік жүйелерге, әлеуметтік жобаларға қажет екенін түсінді. Бірақ мен бұл саладан алыс адамдармен сөйлескен кезде олар бұны былайша қабылдайды: «Сіз Instagram-да отырғаныңыз үшін ақша аласыз».



Қоғамдағы көзқарас туралы



Ағымдағы жылда жағдай өзгеріп жатыр, барлығы әлеуметтік желіде болу маңыздылығын түсінді. Соңғы екі айда маған университетте оқитын «SMM» тақырыбына дипломдық жұмыс жасап жатқан бірнеше адам хабарласты. Егер бұл ғылыми деңгейге шығып, қолдаушылық көріп жатса, онда жақын арада адамдарға мұның қандай мамандық екенін түсіндіру қажет болмайды.

Маған адамдардың 90 % әлеуметтік желілер арқылы әлеуетті клиенттерді тарту үшінжүгінеді. SMM тауарларды, идеяларды, қызметтерді ақпараттандыруға көмектеседі. Имиджді қалыптастырады, беделмен жұмыс істейді, әсіресе бұл үлкен компаниялар мен брендтерге қатысты. Біз клиенттер мен аудиторияның көңіл-күйіне сұраныс мониторингін жасаймыз. Англия мамандары SMM-ді адамдармен өзара іс-қимыл деп есептейді. Бірақ біздің аумақта бұл жаңа адамдарды тартатын коммерциялық құрал.

Менің мамандығым маған әрқашан үйренуге және ой-өрісімді кеңейтуге мүмкіндік береді. Ешқашан мұндай адам санымен араласқан емеспін. Клиенттер әртүрлі болғанда, олар түрлі сала қызметтерін қамтиды. Мамандығымның талабы бойынша белгілі стратегия қалыптастырып, үйретіп, олардың немен айналысатынын түсіну үшін маған осы мамандықтарды тереңдей білу керек. Клиенттермен араласқан кезде, өзім үшін жаңа нәрселерді ашып, дамимын.

Алмаз Оспанов, 24 жаста, туған қаласы — Қарағанды, бариста

2_парки алматы.jpg

Мамандық таңдау туралы



Бариста болып 2014 жылдың жазынан жұмыс істей бастадым. Бұл жұмысқа кездейсоқ келдім: мен аспазшы болдым, ал менің құрбыма орнын ауыстыратын адам керек болды. Мен оған көмектестім және сол кезден бастап кофе дайындай бастадым. Өз міндеттерімен көшпес бұрын мені бірнеше күн үйретті. Бұған дейін арнайы икемім болған жоқ. Кофе туралы ойламайтынмын, оны ішпейтінмін, кофе деген үлкен әлем бар екенін, «3 в 1» нағыз кофе емес екенін түсінбейтінмін. Мені оқыту кезінде барлығын дәл өлшеп, жұмысын нақты жасайтын жаттықтырушыма назар аударатынмын. Және бұл мені тартты, себебі адамдардың өз жұмысына ықыласпен қарайтынын көрген кезде қызығасың.



Ата-анасының көзқарасы туралы



Туысқандарым бұл жұмыста көпке қалады деп ойлаған жоқ. Олар жай ғана жігіттің жұмыс істеп жүргенін көрді және бұл менің мамандығыма айналып, Қазақстан бойынша ең үздік бариста болатынымды ойлаған емес. Бір күні компания мені Алматыға ауыстыруға жіберді, мен оларға дәл келдім, жаңа адам тапқанша оларға мені жіберу қолайлы болды. Сол кезде ата-анам өз жұмысымның жақсы маманы екенін, мұнымен ақша табуға болатынын және маған өз мамандығым ұнайтынын түсінді.



Стереотиптер туралы



Жақында мен бір орынға адамдарды жинадым, бір стажердің анасы маған хабарласып, бариста – болашаққа қадам, ересек өмірге үлкен қадам деп айтты. Бірақ бұл осындай жалғыз жағдай, себебі адамдар көбінесе оны жазда жұмыс істеп, кетіп қалатын бір реттік мамандық деп санайды. Алайда, бариста барынша терең және көпқырлы мамандық. Бұл сіз әрқашан бар алдында кофе дайындап тұратын сөз емес. Бізде саяхаттайтын мүмкіндіктеріміз өте көп, жалақысы жақсы, бұл, шынымен де, болашақтың мамандығы. Егер сен тырыссаң, онда алдағы уақытта жауапкершілігі көп бар бойынша бастықтың жұмысы күтеді. Бұдан басқа да дами алатын жолдар бар.

Бізде саяхаттайтын мүмкіндіктеріміз өте көп, жалақысы жақсы, бұл, шынымен де, болашақтың мамандығы

Баристаның жұмысы күн сайын бірдей кофе дайындаудан тұрмайды. Дамудың басқа да жолдары бар: кофеде сурет салуды ұнататын адамдар бар, кофе-алкоголь режимінде дами алатын адамдар да бар, кофені қуыратын адамның жұмысы бар, егер кофені жақсы білсең, онда компанияда кофе сату бойынша менеджер де болуға болады. Бізде чемпионаттардың саны үлкен, әрқашан ұмтылатын нәрсеміз бар. Сондай-ақ көрсеткіштік қоғамдастықтар бар, ашық адамдар өте көп және олар әрқашан ақпаратпен бөлісуге дайын. Біздің компанияда тіпті кофе өсетін мемлекеттерге барып, кофенің белгілі түрлерін таңдайтын адам бар. Мұндай мамандықтар жоғары біліктілікті талап етеді.



Қоғамның көзқарасы туралы



Бариста жұмысының ең негізгі қиындығы – адамдардың сіздің жасап жатқан жұмысыңызды түсінбеулері. Біздің мемлекетте кофені пайдалану мәдениеті жоқ. Біз жас мемлекетпіз, бүкіл қоғамдық тамақтандыру мәдениеті енді ғана дамып келе жатыр. Біз қонақтардың ғана емес, жұмыс берушілердің қырсықтығымен жиі кездесеміз. Орын ашып жатқан адамдардың көбісі өздері жұмыс жасап жатқан өнімді жақсы білмейді.

Баристаның жұмысы даяршы мен барменнің жұмысынан тек кофе бағытында жұмыс жасайтынымызбен ерекшеленетінімізді барлығы білмейді. Даяршы мен бармендер көбінесе қызмет сұрақтарына жауап береді, ал бариста тек қана қызмет сұрағын өзіне біріктірмеу керек. Бариста адамдармен сөйлесе алатын, өнімді білетін және көзге қолайлы, қызықты көрінетін сыртқы келбеті де тартымды адам болу керек.

Жаңа бариста мамандық туралы неғұрлым көбірек білсе, соғұрлым ол жұмыс оған ұнайтын болады. Кез келген нәрсені білгісі келетін қызыққұмар болу керек. Ең алдымен, ата-аналары баланың үйге жақсы табыс әкелетінін түсіну керек. Өз жұмысын жақсы көретін және еңбегі жақсы бағаланатын адамды ешкім айныта алмайды.

Бариста жұмысын істеу уақытында мен басқа мемлекеттерге және Қазақстан бойынша да көп саяхаттадым. Барлық сапарларым мамандығыммен байланысты болды. Осы жұмыста мен өзіме қалыңдық таптым, мен үшін бұл мамандықтың тек оң жақтары бар.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.