facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
zha-a-aza-tar-er-adamdar-otbasynda-nege-yelder-de-tabys-tabuy-azhet-eken-zhayynda
logo
«Жаңа қазақтар». Ер адамдар отбасында неге әйелдер де табыс табуы қажет екені жайында
Өмір сүру стилі

27.01.2019

«Жаңа қазақтар». Ер адамдар отбасында неге әйелдер де табыс табуы қажет екені жайында

Бағлан Айдашов, 32 жаста, туған қаласы — Алматы, IGRAPHIC дизайн бюросының негізін салушылардың бірі, Black&White Group-тың бас директоры

2018-06-23 18-11-27 (1).JPG


Менің үйленгеніме бір жыл болды. Отбасымызда біз жүбайымыз екеуміз ақша табамыз.

Мен оның жұмыс істеуіне қарсы емеспін, керісінше, әйелдің жұмыс істегенін қолдаймын. Менің ойымша, ол өзін жайлы сезінеді, оның дамып жетілуіне, адамдармен қарым-қатынасқа түсуге және өзін қоғам үшін, компания үшін пайдалы екенін сезіну мүмкіндігі бар. Егер ол жай ғана үйде отырса, ол өзін ешкімге қажет емес деп сезінеді. Сол үшін отбасында араздық орын алады. Менің ортамда мен бұндай мәселеге тап болған жоқпын. Бірақ ауылдық жерлердегі ер адамдар әйелдерінің жұмысы – үй шаруасы деп санайтын отбасыларды білемін.

Ер адамдарға өздерінің әйелдеріне сенім білдіріп, өздері ақшаны қайда жұмсайтындарын көрсетуі керек және әйелдер де күйеулеріне сенім білдіруі тиіс. Осылайша отбасында дау туындамайды. Сонымен қатар, күйеуі мен әйелінде өздеріне ғана жұмсайтын жеке қаражаттарының болғаны маңызды.

Сонымен қатар, күйеуі мен әйелінде өздеріне ғана жұмсайтын жеке қаражаттарының болғаны маңызды

Отбасылық бюджетті жоспарлауда еш қиындық жоқ. Біз бір ай барысында пайда болатын қажетті шығындардың тізімін жасаймыз, оның ішіне коммуналдық төлемдер, азық-түліктер және басқа тұрақты төлемдер енеді. Әдетте барлық шығындарды менің жалақым өтейді, ал әйелім өзінің жалақысын білгенінше үлестіреді. Оның жалақысы – ол оның тапқан табысы, ал менің жалақым – жалпыға ортақ.

Жас отбпасылар үшін ең маңыздысы – қаржы сауаттылығын арттырып отыру, әрдайым өздерінің табыстары мен шығындарын жоспарлап отыру. Табыс табудың баламалы көзінің болуы маңызды. Мүмкіндігінше несие алмау керек немесе бұл мәселеге жеке табыстың ширегінен аспайтындай ақылмен қараған жөн. Несие қарызы психологиялық тұрғыдан отбасыға қатты қысым көрсетеді. Жас адамдар қаншалықты көбірек табыс таба бастаса, соншалықты көбірек жұмсай бастайды. Жас отбасылар жиі қателеседі. Өз мүмкіндіктерің бойынша өмір сүріп, ақылмен жұмыс істеген жөн, қалғаны болар.


Рүстем Кабдуллин, 24 жаста, туған қаласы — Астана, United Energy Qazaqstan ЖШС-нің жоба менеджері

IMG_7421.JPG


Мен бюджетті жоспарлауға жеңіл қараймын. Мен шығындарды үш категорияға бөлемін: міндетті, жоспарланған және күтпеген. Есепті тиянақты жүргіземін, және өзімінің шығындарымды әр күні жазбаға жазып қалдырамын. Тұрмыс дәстүрім – минимализм, мәнсіз тұтыну және барлығын ұғыну не істеп жатқанымды қадағалауға көмектеседі.

Мен өзімнің қызыммен – Әйгеріммен екі жылдан астам кездесіп жүрмін. Әзірге біз бөлек тұрып жатырмыз, әрқайсысымыз бюджетін өзі құрастырады. Келешекте отбасылық бюджетті жоспарлауда да осындай қағидаларды ұстанамыз деп ойлаймын. Шығындар мәселесі бойынша кафеге немесе киноға барғанк кезде біз бір-біріміз үшін төйлей аламыз, ақша жинап, түскі ас кезінде жұмысқа келіп ауқаттана аламыз.

Егер барлық әлеуметтік рөлдерді алып тастасақ, бюджетті бірге жүргізу – тиімді. Жайлы өмір қаражаттарды қажет етеді, ал екі адам бір адамнан көбірек. Бұның қажеттеіліг қанша екені – басқа мәселе. Егер сіздің қарым-қатынасыңыз дұрыс болса, рөлдеріңізді қабылдасаңыз және қаражаттарыңыз жетіп жаста – бұл жағдайдың жаман жағы жоқ. Бірақ бюджетті бірге құру да жақсы нәрсе.

Егер барлық әлеуметтік рөлдерді алып тастасақ, бюджетті бірге жүргізу – тиімді

Жұмыс істеуді қалайтын адамға тыйым салу – жаман. Жұмысбастылық дамып жетілуге, ал қаржылық тәуелсіздік еркіндікке жол ашады. Мысалы, Әйгерім өзінің сүйікті ісімен айналысады және сол жұмысы арқылы жақсы табыс табады. Ол армандайды, жоспарлайды, өз алдына мақсаттар қояды және мен сияқты оларға жетуге талпынады. Біз мақсаттарымызға жетуге бір-бірімізге тыйым салмауымыз керек.

Мен бұл мәселенің қоғамда қаншалықты орын алатыны жайында ештеңе айта алмаймын. Бірақ бастапқыдан бұл дұрыс емес деп санаймын. Адамдарды оларға берілген рөлдерді атқаруға мәжбүрлей отырып, біз бірден екі өмірді қиындатамыз.


Думан Кожахметов, 34 жаста, туған қаласы — Петропавловск, «Казконтент» АҚ басқарма төрағасы

33387884_2101965033164204_8801176369405886464_n.jpg

Біз жұбайымызбен тұрмыс құрғанымызға тоғыз жыл болды және екі ұл баланы тәрбиелеп отырмыз. Біз отбасылық бюджетті ортақ күшпен құрып, үлестіреміз. Ірі шығындарды бірге жоспарлаймыз және ақша төңірегінде ешқашан дау туындаған жоқ. Бұл жұбаймының арқасында деп санаймын.

Барлық отбасыларда барлығы жекеше. Егер некеңіз келісімге негізделіп құрылса, ортақ бюджет те болады, қалай жұмыс істеп, табыс табуға болады деген таңдау да болады. Біздің отбасымызда математиканы қатты жүргізбейміз.

Егер некеңіз келісімге негізделіп құрылса, ортақ бюджет те болады, қалай жұмыс істеп, табыс табуға болады деген таңдау да болады

Менің жұбайым Сәуле – адамдардың құқықтары және құқық реформалары жөніндегі эксперт. Ол талап етілетін маман және әрқашан жақсы табыс табатын. Ағымдағы шығындарды ол өзі өтейді. Шындығына келсек, мен ПИК, пәтер үшін қанша төлейтінін де білмеймін. Отбасы өзімшілдікті ұнатпайды, сол себепті әйелдің айтқанына құлақ асу керек.

Мен феминистпін. Тең құқықтық – бұл мамандықты, жұмыспен қамтылуды және табыс табуды таңдау мүмкіндігі. Менің пікірім бойынша, ортақ шешімге келе отырып және тек заңды түрде табыс табу керек. егер де әйелім үйде отырып, еңбекпен табылған табысты әкелмеуді қаласа, мен оны қолдайтын едім. Дегенмен ол талапты маман болғандықтан, бала күтімі кезіндегі демалыстың өзінде, ол жақсы табыс табу амалдарын қолданатын. Ақша – бұл жақсы және олар жеткілікті болсын.

Таптаурындар әрқашан бар. Мен сондай нәрселерге түсінушілікпен қараймын. Әркім өз амалын өзі таңдайды. Мәселенің орны бар, бірақ қалалық өмірде, әсіресе, Астанада бұл мәселенің орны жоқ. Астанада жұмыс істеу керек, ол үшін миллиондаған мүмкіндіктердің болғаны жақсы. Ең бастысы – ниеттің болуы.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.