Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit, sed do eiusmod tempor incididunt ut labore et dolore magna aliqua. Ut enim ad minim veniam, quis nostrud exercitation ullamco laboris nisi ut aliquip ex ea commodo consequat.

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
zh-mys-steuge-te-y-ayly-aza-standy-kompaniyalardy-5-ke-ses

Жұмыс істеуге өте ыңғайлы қазақстандық компаниялардың 5 кеңсесі
1245

23.04.2017

Жұмыс істеуге өте ыңғайлы қазақстандық компаниялардың 5 кеңсесі

Бүгінде жаңа клиенттерді тарту мен аса жоғары жайлылықты құруды қалайтын компаниялар өз жұмыс алаңын безендірудің ең батыл әрі жасампаз шешімдерін қолданады. Біз сіздерді дизайны мен интерьері аса мұқият орындалған кеңселермен таныстырамыз.

«Санофи» Фармацевтикалық корпорациясы


Кеңсе қызметкерлер мен клиенттерге несімен ыңғайлы


Кеңсе өзіңді үйдегідей сезінуге мүмкіндік береді.




Кеңсе кеңістігі компания ішіндегі үдерістердің тазалығын жақсарту мен түрлі бөлімнің адамдарын біріктіріп, ұжымды ұйыстыру үшін open space форматында құрылған. Ашық кеңістікте жұмыс істеп жатқан басқа қызметкерлердің мазасын алып, жұмыс үдерісін үзбеу үшін кездесулер мен келіссөздер жүргізу, сондай-ақ телефон қоңыраулары үшін кеңседе арнайы бөлек әйнек конференц-залдар бар.




Кеңсенің әр қабатында кафетерий, таңғы уақытта спортпен айналысқысы келетіндерге арналған душ кабиналары бар.



Конференц-залдар әлемдегі ең танымал астаналардың құрметіне аталады. Сондықтан, күн сайын қызметкерлер мен клиенттер Парижде, мәскеу мен Токиода кезедесе алады.


Мұнда 18 коммуникациялық алаң жобаланған.



Мекен-жайы: Алматы қ., Фурманов к., 187 б




«Колёса», «Крыша» және «Маркет»


Кеңсе 3 қабатта орналасқан, олардың біреуі — жер асты қабаты.


Кеңсе қызметкерлер мен клиенттерге несімен ыңғайлы


Ғимараттың алдында үш көлік тұрағы орналасқан: біреуі велосипедтік, екеуі автомобильдік.




Кіре берісте клиенттерге арналған жайлы креслолар тұр.



Жалпы кеңістікте 120 жұмыс орны бар. Кеңсе коференц-зал, телефон және скайп-келіссөздер бөлмелерімен жабдықталған.



Алматы көшелерінің құрметіне аталған келіссөз бөлмелерінде шағын үстел мен жайлы кресло қойылған.



Бұл аймақтардан бөлек кеңседе бірнеше жұмсақ бұрыш бар. Бұларды керемет ойлар туатын, бейресми қарым-қатынасқа арналған түрлі-түсті аралдар деуге де болады.



Қабырғаларда ерекше әрі талғаммен үйлестірілген басты ұжымдық құндылықтар мазмұндалған көптеген жиектемелер ілінген.


Жер асты қабатында жаттығу залы бар.



Оның жанында тек түстенуге немесе кофе ішуге ғана емес, жеке жұмысқа ден қоюға, жай ғана кітап оқуға арналған work cafe орналасқан. Бұған жақын жерде ұжымдық кітапхананың стеллаждары бар.



Мекен-жайы: Алматы қ., Шевченко к., 157/4 ү.




Office Solutions


Кеңсе клиенттерге несімен ыңғайлы


Кеңсе шоу-рум принциптерімен безендірілген. Басқа адамдарға жұмыс ортасын құратын компания клиентке ұсына алатын интерьердің түрлі шешімдерін өз мысалында көрсетеді.



Клиенттер үшін түрлі аймақтар қарастырылған, бәрі кездесудің қандай форматта өтетініне байланысты. Сондай-ақ, жабық кездесулерге арналған ресми конференц-залдар бар. Жұмсақ жайлы креслоға жайғасып, бір шыны капучиномен қымбат таңдаулы жиһазға отырып, бейресми әңгімелесуге арналған лаундж-зоналар бар.







Кеңсе қызметкерлерге несімен ыңғайлы


Безендіру элементтерінде киіз қаптар — дыбысты тұншықтыратын және жаңғырмайтын материалдар қолданылған. Жұмыс орнынан тыс ұжымдағыларға кедергі келтірмей әңгімелесуге арналған арнайы телефон бөлмелері жобаланған.




Сондай-ақ, sound masking жаңа жүйесі пайдаланылады. Бұл бүкіл жұмыс кеңістігінде орналасқан динамиктер. Олар ұжымдағылар бір-бірінен бірнеше метр жерде отырып-ақ сөздерді анық естуге арналған дауысты қатты шығаруға мүмкіндік беретін арнайы дыбыс таратады. Также используется новейшая система.

Әрдайым отыра беру денсаулыққа зиян болғандықтан, қызметкерлердің жұмыс үстелдері биіктігі бойынша реттеледі.



Сонымен қатар келіссөздер жүргізуге арналған көптеген түрлі мультимедиялық аймақтар бар. Конференц-бөлмелерін брондау жүйесімен де қамтылған.


Интерьердің ажырамас бөлігі — орынды ойластырылған жарық. Қызметкерлердің жұмыс істеуіне жайлы әрі тиімді болуы үшін кельвин мен люмендердің саны қарастырылған.


Мекен-жайы: Алматы қ., Достық д., 140, Астана қ., Сығанақ к., 29




Forte Bank


Кеңсе клиенттерге несімен ыңғайлы


Банктегі атақты суретшілердің жұмысы қойылған галерея орналсқан кең холда серуендеуге болады. Жәдігерлер уақытылы жаңартылып, өз маңыздылығын жоғалтпай, әрқашан халықтың назарын аударып тұрады.


Сондай-ақ, бірінші қабатта заманауи жайлы жиһазбен, ток көзімен және арнайы аймақтармен жабдықталған work cafe орналасқан. Мұнда астана тұрғындары мен қонақтары өз уақытын өткізе алады немесе өз компьютерімен жұмыс істеуіне болады.


Forte Bank клиенттері мен қонақтары үшін әрдайым бос орын табуға болатын бөлек тұрақ бар. Клиенттерге – жеке және заңды тұлғаларға – бас кеңсе ғимаратының ішінде орналасқан жаңа форматтағы бөлімшелерде қызмет көрсетіледі.


Кеңсе қызметкерлерге несімен ыңғайлы


Жаңа ғимаратқа кіру кең сатымен және қоғамдық және қорғалатын зоналарға бөлінген фойемен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, фойедегі екі ғимаратты жалғап тұрған әйнек галерея арқылы ғимараттан көлік тұрағына өтуге болады. Кеңселер, коференц-залдар мен демалыс аймағы үстіңгі қабаттарда орналасқан.


Әр қабатта толықтай жабдықталған асхана, Қазақстан қалаларының атымен аталатын конференц-залдар мен бейресми қарым-қатынасқа арналған жайлы аймақтар бар.


Тоғызыншы – ғимараттың соңғы қабаты – толықтай ұжымдық шаралар өткізуге арналған. Мұнда амфитеатр стилінде салынған заманауи аудитория, фитнес залы, ал кең холда бар мен коктейль ұстелдері бар.


Видеоролик c YouTube


Мекен-жайы: Астана қ., Достық к., 1, ВП-4




Кухня WE


Кеңсе қонақтарға несімен ыңғайлы


Кухня WE — жайлы орын, оқиғалар кеңістігі және weproject.kz интернет-басылымының редакциясы. Фотосуреттердің көптігі Қауымдастық мүшелеріне қуаныш сыйлайды, олар өткен шараларды жылы естеліктермен еске алады.











Кеңсе WE Тобы үшін несімен ыңғайлы


Редакция кабинеті де, жалпы зал да жұмысқа ыңғайлы.



Редакция кабинетіндегі ұзынша үстелдің арқасында жұмыс үдерісінің жылдам өтуіне ықпал ететін ашық кеңістік құрылған болатын.



Кеңсе келушілерге үнемі ашық болғандықтан, бұл топқа адамдармен және қаламен тығыз қарым-қатынаста болуына мүмкіндік береді.



Мекен-жайы: Астана қ., Ирченко к., 31