facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/3c8/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/3c85a351a5360473bb772c15af6a6e78.png
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)
zh-g-rud-bastau-a-k-mekteset-n-zhatty-tyrushylardy-ke-ester
logo
Жүгіруді бастауға көмектесетін жаттықтырушылардың кеңестері

18.05.2022

Жүгіруді бастауға көмектесетін жаттықтырушылардың кеңестері

Жаттықтырушылар кімге жүгіру керек, жаттығулар үшін не қажет және олар қандай нәтиже әкеле алатыны жайында айтып берді.


Денис Гордиенко, 32 жас, қаласы — Астана, спорт сарапшысы, @denis_gordiyenko


Денис Гордиенко.jpg

Өзі жайында


Мен жүзуден спорт шеберіне үміткер, триатлоншымын. Менде жоғарғы спорттық білім және 13 жылдық тренерлік жұмыс тәжірибем бар. Мен адамдарды жүзу, триатлон және жүгіру жарыстарына дайындаймын.

Мен 2018 жылы @limitless_ast — құрамында 400-ден астам қатысушысы бар спорттық клубтың негізін қаладым. Бұл Қазақстандағы ең үлкен жүгіру қозғалысы. 2019 жылдан бері спорттық іс-шаралар мен ивенттер, сонымен қоса жүгірістер мен марафондарды ұйымдастырамын.

Жүгіріс жаттығуларына арналған кеңестер


Жүгірумен кез-келген мезгілде айналысуға болады, бастысы — жабдықты дұрыс таңдау. Бұл ең қолжетімді спорт түрі. Оған тек спорттық костюм, кроссовки мен нәтижені жазуға гаджет қажет. Соңғысы прогресс үшін маңызды. Бірақ телефонға да жазуға болады.

Сізге жүгірудің сәйкес келуі не келмеуін тек дәрігер ғана айта алады. Сондықтан жаттығуларды бастамай тұрып, медициналық тексеруден өткен жөн. Егер ауыр қарсы көрсетілімдер болмаса, жаттығуларды бастауға болады. Қарсы көрсетілімдер болса, жүзумен айналысуға болады.

Ең алдымен мақсат қойыңыз. Себебі мақсатсыз жол — «ешқайда» баратын жол. Сіз денсаулықты жақсарту, жаңа дағды қалыптастыру немесе салмақ тастау үшін бастасаңыз да, сізге бәрібір де мақсат қою керек. Мысалы, алғашқы 10 немесе 21 километрді жарыста жүгіріп өту. Дайындықты шараға дейін төрт-алты ай бұрын бастаған абзал.

Жүгіру рахат пен қуаныш әкелуі керек

Мақсат қойғаннан кейін, жаттығу жоспарын құрған маңызды. Ол нәтижеге жетуге және шамадан асырмауға көмектеседі. Жоспарды тәжірибелі тренер құрастырғаны жөн. Жаттығуларға немесе ақыл-кеңес алу үшін маған Instagram арқылы жазылуға болады.

Жоспарды іске асырған кезде, дененің жағдайы мен көңіл-күйіңізді мұқият бақылаңыз. Жүгіріс рахат пен қуаныш әкелуі керек. Егер жүгіріс сізді қажытса, демек, жүгіру жоспарына өзгерістер енгізу керек. Есте сақтаңыз, бастысы — бір рет жүгіріп, тастау емес, «ұзақ әрі бақытты жүгіру» ғой.

Жаттығулар қалай әсер етеді


Жаттығулар басталғаннан кейін, бірнеше аптадан соң сіз сергіп қаласыз және барлық дене жағдайының жақсарғанын сезесіз. Демігу жоғалады, ал күнделікті жұмыстар жеңіл жасалады. Ұйқыңыз терең болады, сізде тітіркендіргіштік азаяды, сіз өмірдің дәмін басқаша сезесіз.


Жанат Кожахметов, 36 жас, қаласы — Астана, жаттықтырушы, Триатлон федерациясының аға менеджері, @run_zhan


Жанат Кожахметов.jpeg

Өзі жайында


Мен триатлон мен жүгіріс жаттықтырушысымын. 2013 жылдан бері саналы жүгіруді насихаттаймын.

42,2 шақырымдық марафондағы ең жақсы нәтижем — 2 сағат 59 минут 57 секунд. Ал 100 шақырымды 9 сағат 8 минутта жүгіріп өттім. Күнделікті жүгіру — 192 шақырым.

Жүгіру жаттығуларына арналған кеңестер


Жүгіру бәріне келеді, өйткені ол әртүрлі болады. Қарсы көрсетілімдері бар адамдар — сирек жағдай. Оларға жеңіл жүріс пен жүгіруді алмастыру керек. Мақсатына байланысты денсаулық үшін жүгіруге немесе спорттық нәтижелерге жету үшін жүгіруге болады.

Жаңадан бастаушылар бәрін білемін, жүгіре аламын деп ойлайды. Сондықтан тез бастайды, шаршайды, жарақаттанады, не болып жатқанын түсінбейді де, жүгіруді тастайды. Жаңадан бастаушыларға арналған басты ереже — толық бақылау және абсолюттік рахат. Ешқандай қиындық жоқ.

Жүгіріс — бұл өмір бойы үйренуге болатын тұтас әлем


Жүгіріс — бұл өмір бойы үйренуге болатын тұтас әлем. Жаңадан бастаушыларға міндетті түрде білетін спортсмендерді тыңдау керек. Жаттықтырушылардың қызметін пайдаланған тіптен жақсы.

Жаттығулар қалай әсер етеді


Ең бастысы — бұл жүгіру арқылы ақыл мен дененің өзгеруі. Шын мәнінде, желаяқтар — өзгеше адамдар, «өзге қамырдан».


Ислам Амангос, 26 жас, қаласы — Алматы, спортшы және жүгіру жаттықтырушысы, @islam.amanqos


Ислам Амангос.jpg

Өзі жайында


Мен жеңіл атлетикамен кәсіби түрде 11 жыл айналысамын. Орташа және ұзақ арақашықтыққа жүгіремін. Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін чемпионы және жүлдегерімін, Азия чемпионымын. Әлем және Азия чемпионаттарының қатысушысымын. Спорт шеберіне кандидатпын.

Екі жылдан бері жүгіру жаттықтырушысы болып жұмыс істеймін.

Жүгіру жаттығуларына арналған кеңестер


Көктем, жаз, күз немесе қыс — айырмашылығы жоқ. Ең бастысы — ниетіңіз бен тұрақтылық.

Ең бастысы — ниетіңіз бен тұрақтылық


Жаңадан бастаушылар көп қателіктер жібереді. Олар жүгіруге дұрыс емес жерді немесе сай келмейтін кроссовки таңдауы мүмкін. Сондықтан оларға менің кеңесім — ең алғашқы кезде, тым болмаса, тренермен айналысу. Сонда жаттығулар тиімді және жарақатсыз болады.

Жүгірген сізге лайық не лайық емес екенін түсіну, оны тастамау үшін қажет. Егер сізге жүгірген ұнаса, өз алдына кішігірім мақсаттар қою және оған жету керек.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.