facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
ytayly-studentter-nel-kten-almatyda-o-ityndary-turaly
logo
Қытайлық студенттер неліктен алматыда оқитындары туралы

25.04.2018

Қытайлық студенттер неліктен алматыда оқитындары туралы

Хао Хэлин, 23 жаста, туған жері — Урумчи, журналистика факультетінің 2-курс студенті (PR)


9388daf08632cfab4b1bd7e386bbf2b6.jpg


Қазақстанға көшу туралы


Алматыға үш жыл бұрын көшіп келдім. Бір күні анамның маған таныс емес тілде біреумен телефонмен сөйлесіп жатқанын естідім. Оның тілі маған әдемі болып естілді, орысша сөйлегенін білген кезде мен де осы тілді үйренгім келді.

Алматы менің еліме ең жақын орналасқан қалалардың бірі болды, сондықтан басқа бір жерде оқу ойымда да болмады. Демалыста қиындықсыз отбасыма келіп тұра аламын.


Алматыдағы өмір туралы


Алматыдағыдай керемет табиғатты еш жерде кездестірген емеспін. Достарымызбен барлық бос уақытымызды белсенді демалысқа арнауға тырысамыз. Менің ең сүйікті жерлерім — Медеу және Шымбұлақ. Алғаш рет осыншама үлкен мұз айдынын көрдім.

Мен кездестірген жалғыз ыңғайсыздық — қоғамдық көлік. Аялдамаларда автобустың барлық бағытын қадағалау мүмкін емес, сондықтан картаны пайдалануға тура келеді, ал бұл өте көп уақыт алады.

Қазақстанда өмір сүру қымбат, сондықтан қосымша жұмыс істеуге тура келеді. Мен Chinese.kz білім беру орталығында қытай тілінің оқытушысы болып жұмыс істеймін.

Оқушыларға менің білім беру тәсілдерім ұнайды, сабаққа қуана келеді, себебі өзім орыс тілін үйрене бастаған кезде иероглифтар мен ережелерді тез есте сақтайтын қолайлы жүйені ойлап таптым. Ақша табудың дәл осы жолын таңдағаныма қуаныштымын, өйткені адамдарға қытай тілін үйретіп қана қоймай, өзім де орыс тілін жаттықтырамын.

95db6da9d57aa5f0fb190cd2ce5c7f18.jpg


Қазақстанды не үшін ұнаттым


Қазақстанды ұнатқан ең бірінші себеп—арзан және дәмді ет. Қытайда ет қымбаттырақ, оған қоса дәмі де мүлдем жоқ.

Екінші көзіме түскен нәрсе —жергілікті валюта. Бұрын мұндай әдемі ақшаны еш жерде кездестірген емеспін. Ақшаның әрқайсысы ерекше суретке ие болса, қытай ақшаларының барлығында бір сурет бейнеленген.

Қазақстанды ұнатқан басты себебім —бесбармақ. Бір ретте тіпті оны қолмен жеп көрдім, маған өте ұнады. Уақыт өте туғандарыма Қазақстандағы өмір туралы айтып, көрсету үшін бесбармақты дайындауды үйреніп, қазақ халқының салт-дәстүрлерімен жақынырақ танысқым келеді.


Жоспарлар туралы


Қазақстанға орыс тілін үйрену үшін келдім, бірақ қазір қазақ тілін үйрететін қосымша курстарға барып жүрмін.

Қытай —барлық қызмет салалары бойынша Қазақстанның ең ірі әріптесі. Сол себепті университет бітіргеннен кейін туған жеріме жоғары білікті маман ретінде оралып, еліме Қазақстанмен ары қарай серіктес болуына көмектескім келеді.


Силиньху, 26 жаста, туған жері — Силин-Хото, Ішкі Моңғолия, заң факультетінің 2-курс магистранты


ee1758bcbc3002f1af40d578e28e4de2.jpg


Қазақстанға көшу туралы


Қазақстанға 2015 жылдың қысында көшіп келдім. Туған қаламда төрт жыл бойы Хулунбуир университетінде орыс тілі факультетінде оқыдым. Университетті бітіргеннен кейін оқуды Қазақстанда жалғастыру туралы ұсыныс түсті. Мен бірден келістім, себебі орыс тілімді тәжірибе жүзінде шыңдауға мүмкіндік алдым.

Оқуымды басқа мамандықпен жалғастырдым, бірақ мүлдем өкінбеймін. Мамандығым өзіме ұнайды, оған қоса заңгерлер Қытайда жақсы бағаланады.


Алматыдағы өмір туралы


Оқудан басқа аудару қызметімен айналысамын, сонымен қатар қытай тілінен жеке сабақ беремін. Оқушыларымның негізі — балалар.

Сабақ пен жұмыстан бос уақытта қаламның тарихи жерлеріне барғанды ұнатамын. Мысалы, 28 панфиловшылардың саябағы, оның сәулеті ұнайды. Жеңіс күнінде ол жерде үлкен мереке ұйымдастырылып, көп адамдар жиналады. Адамдар өз батырларын ұмытпайтындары ұнайды.

Достарымызбен Көк-Төбеде жиі боламыз. Көктем кезінде ол жер ерекше әдемі. Кешке онда көп адамдар жиналып, барлық жерде шамдар жанып тұрады, ал ол жердің ең биік нүктесінен барлық қаланы көруге болады. Бұл менің сүйікті жерлерімнің бірі.

Қазақстанда нағыз қытай тағамы аз. Бұл маған жетпейтін жалғыз нәрсе. Қалада еуропалық мәзірдегі орындар көп, қытай тағамын жасайтын жерлер көп болғанын қалаймын.

Алматының бағалары жақсартуды қажет етеді. Екі жыл ішінде бесбармақты жақсы көрсем де, оны тек екі рет жедім. Бесбармақ дәмді, бірақ қымбат, ал оны дайындауды әлі үйренген жоқпын.

500a8d098bc26cda0daa326f39a17df1.jpg


Қазақстанды не үшін ұнаттым


Осы жерге келуімнің бірінші минуттарынан қазақ қыздарының сұлулығына ғашық болдым. Сіздердің ерлеріңіз осы жерде тұрып, күн сайын алуан түрлі әйел сұлулығын тамашалай алатындарымен мақтанулары керек.

Қазақстанды ұнатқан екінші себебім — бұл су. Сіздер байқамайтын шығарсыздар, бірақ мұнда ауыз суы өте дәмді. Силин-Хотада, Қазақстанға келуге дейін тұрған жерімде, судың мүлдем дәмі болмайды.

Қазақстанды ұнатқан үшінші себебім — оның бай табиғаты. Бұрын соншалықты әдемі жерлерді еш жерде кездестірген емеспін.


Жоспарлар туралы


Магистратураны бітіргеннен кейін осында қалып, оқуымды докторантурада жалғастырғым келеді.

Қазақ халқының салт-дәстүрлері мен мәдениетімен барынша жақын таныс болғым келеді, ал жақын болашақта Қытай өмірінің ерекшеліктерімен таныстыратын орын ашқым келеді.


Цзо Аньни, 22 жаста, туғанжері — Урумчи, журналистика факультетінің 2-курс студенті(PR)


4687d7e6327a32eec0f614f4b5b350c0.jpg

Қазақстанға көшу туралы


Алматыға 2014 жылдың күзінде көштім. Мектепте оқып жүрген кезде орыс тілін білетін адамдар Қытайда жоғары сұранысқа ие екендерін байқадым. Сондықтан орыс тілін жаттықтырып, оқуымды жалғастыра алатын университетті іздестіре бастадым.

Бір-екі күннің ішінде маған Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінен оң жауап келді. Басқа мемлекетті қарастырған жоқпын, себебі Қазақстан Қытайға жақы орналасқан. Екі жыл бойы дайындық курстарын өтіп, журналистика факультетіне оқуға түстім.


Алматыдағы өмір туралы


Бөтен қалада өмір сүру оңай емес, бірақ тырысып келемін. Түрлі материалдарды қытай тіліне аударып, қосымша табыс табамын. Барлық тапқан ақшаларымды жинап жатырмын. Болашақта өз арманымды іске асыра аламын деп ойлаймын — көше билерінің студиясын ашып, бұл стильді Алматыда дамыту.

Қазақстан өте ұнады, мұнда мейірімді және жайдары адамдар өмір сүреді. Кейбір қиындықтар туындаған кезде жергілікті тұрғындар әрдайым көмектесіп, кеңес береді.

Сонымен қатар, қазақ халқын мейірбандықтары үшін ұнатамын. Қазақтардың жаңа жылында барлық жерде тегін бауырсақ, палау, ұлттық сусындарды таратты. Бұл мен үшін таңғажайып болды, себебі Қытайда ондайды ешқашан кездестірген жоқпын. Енді Наурыз — менің сүйікті мейрамым.

fff26d53000a4ea5c7f96b249aa4d4e7.jpg


Қазақстанды не үшін ұнаттым


Ең бірінші ұнатқан себебім — бұл бесбармақ. Менің ойымша, әрбір шетелдік бұл ұлттық тағамды татып көруі тиіс.

Екінші ұнайтын нәрсе — ағаштар мен өсімдіктердің көптігі. Урумчи де жасыл қала, бірақ саябақтар мен скверлерден Алматыдан айтарлықтай кем түседі.

Және соңғы атап айтатын нәрсе — метро. Менің Отанымда метроға кіру қиынға соғады, ал мұнда ешкім итермейді, бір-бірін соқпайды.

a0823e038439c7afb854c7e60608552f.jpg


Жоспарлар туралы


Қазақстан маған екінші үйімді, жаңа достарымды және даму мүмкіндіктерін сыйлады. Университетті аяқтағаннан кейін кетіп қалсам да, маған көмектесіп жүрген барлық адамдармен байланысымды үзбеймін.

Менің жұмысым Қазақстанмен байланысты болады деп сенемін, Қытайда бола тұра, екінші Отанымнан көмегімді аямаймын.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.