Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit, sed do eiusmod tempor incididunt ut labore et dolore magna aliqua. Ut enim ad minim veniam, quis nostrud exercitation ullamco laboris nisi ut aliquip ex ea commodo consequat.

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
ytayda-y-aza-tar-meruert-berikova-e-bek-or-aza-tar-zh-ne-ne-sebept-aza-standa-y-adamdar-y-ylasty-ekend-g-turaly

Қытайдағы қазақтар. Меруерт Берикова еңбекқор қазақтар және не себепті Қазақстандағы адамдар ықыласты екендігі туралы
659

13.08.2018

Қытайдағы қазақтар. Меруерт Берикова еңбекқор қазақтар және не себепті Қазақстандағы адамдар ықыласты екендігі туралы

Меруерт Берикова, 26 жаста, туғанжері — Ақтөбе, «баер» — сауда жасау маманы



Көшу туралы



Ең алғаш рет Қытайға 2008 жылы тілді меңгеру курстарына келдік. Кейін біз Пекин мұнай университетінің бакалавриатында оқыдық. Оқу аяқталғаннан кейін күйеуім жұмыс тапты, ал мен магистратурада оқуымды жалғастырдым.

29087861_431869657244346_3955289924676091904_n.jpg

Астанаға келіп, мамандығымыз бойынша жұмыс істедік, бірақ еңбекақы үлкен болған жоқ. Мамандарды бағаламады, сол себепті Қытайға қайтып баруды шештік. Алдымен күйеуім кетті, оны Қытайда бір компанияға жұмысқа қабылдады. Бірнеше айдан соң, 2016 жылы мен де жұмыс тауып, көшіп кеттім. Қытайды таңдаған себебіміз: ол елді білдік және ол елде тұру тәжірибеміз болды.

Гуанчжоуда жұмыс істедік. Бұл өндіріс пен бизнеске арналған қызықты әрі дамыған қала. Гуанчжоуда жақсы мамандарды күтіп, бағалайды. Қазақстан мен Ресейге байланысты девальвациядан кейін Пекинде жұмыс болған жоқ.

Қытайға барған кезде бала болдық деп айтуға болады. Балалар барлығына басқаша қарайды және оларға жаңа нәрсені қабылдау оңай. Мен сезінген мәдени есеңгіреу қытайлықтардың тәрбиесі мен тәртіптеріне байланысты болды.

36160345_662427904108609_8958841122738667520_n.jpg

Менің ойымша, қытайлықтардың далада түкіріп, қоқыс тастап, үлкен дәретке отырулары барлығына мәлім секілді. Қытайлықтар тамақты тамсанып жейді. Алайда он жыл бұрын Қытай қазіргідей дамыған ел болған жоқ. Көшеде, мекемелерде лас болатын. Осының барлығы қағажытады.

Біз Қытайда тұрған жылдар ішінде елде өзерістер пайда бола бастады — алға үлкен қадам жасалды. Адамдар өзгере бастады: білімдірек және адамға үйір бола бастады. Олар шетелдіктерге үйренді. Келген бетте бізге ел мүлдем ұнамайтын, ал қазір біз оны жақсы көреміз. Қытай көптеген мүмкіндіктерге жол ашады.



Адамдар туралы



Қытайлықтар қазақтардан қатты ерекшеленеді. Біз қонақжай әрі қарым-қатынасқа ашықпыз. Егер біз қазақстандықпен таныссақ, оның біздің адам екендігін түсіну үшін бізге бірнеше кездесу жеткілікті. Біз бірден достасуды бастаймыз. Қытайда «достық» деген түсінік жоқ. Ол әртүрлі түсінілетін және бұлыңғыр ұғым. Қытайлардың өмірлік басымдылықтары басқаша: жұмыс, бизнес, қарым-қатынас, отбасылық қарым-қатынас. Достық бұл тізімге кірмейді. Олар негізінен іскерлік қарым-қатынастарды құрастырады. Тіпті университетте оқып жүрген кезімізде біз қытайлықтарға орыс тілін меңгеруге, ал олар бізге қытай тілін меңгеруге көмектесетін. Біз олармен достасқымыз келді, бірақ бұл оларды қызықтармады.

Артықшылықтардың ішінен олардың жауапкершілігін және жұмысқа деген сүйіспеншіліктерін атап айтуға болады. Күйеуіміз екеуміз Қазақстанда да, Қытайда да жұмыс істедік және жұмыс кезіндегі айырмашылықтарды байқаймыз. Мәселен, Қазақстанда барлығы ұзақ шешіледі. Сауалға жауап алу үшін үш күн хабарласып, нәтижеге қол жеткізу үшін үнемі ескертіп отыру қажет. Қытайда осындай кез келген мәселе15 минут пен бір сағат арасында шешіледі. Олар еңбексүйгіш, ұқыпты және бұл құрметке лайық.



Жұмыс пен хобби туралы



31816132_1721845537864255_6947109442366210048_n.jpg

Күйеуіміз екеуміз мамандығымыз бойынша жұмыс істемейміз. Ол Гонконг компаниясының гуанчжоу бөлімінде жұмыс істейді және фабрика инспекцияларымен айналысады. Фабрикалар немесе зауыттар жабдықтар, химиялық заттар шығарса, ол келісімшарт жасап, технологияны тексеріп, нәтижесінде сапалы өнім түсуін қадағалайды. Мен де ұқсас жұмыспен айналыстым, тек киім-кешек өндірісінде. Үлкен итальяндық компания ең жаңа технологиялармен Қытайда киім-кешек өндірді.

Кейінірек мен фрилансқа көштім, себебі жеке ойларымды іске асыру үшін уақытым жеткіліксіз бола бастады. Қазір сауда жасау маманы, яғни «баер» болып қызмет атқарамын. тапсырысты қалыптастыру үшін компаниялар маған жүгінеді. Негізінен маған мәскеулік компаниялар жүгінеді. Менің баер жұмысым мені сән әлеміне жақындастыра бастады. Осы салада даму үшін Гуанчжоу маған көп мүмкіндік берді. Мен сән, киім, аксессуарлар және осыған байланысты барлық нәрсені жақсы көремін. Әлемдегі киім өндірісі Гуанчжоуға байланысты деп айтуға болады. Бұл қала — киім өндірісінің астанасы. Кез келген компания киім өндірісінің белгілі бір сатысында Гуанчжоуға жүгінеді: мата сатып алу, фабрикалардағы тігін жұмыстары — барлығы осында өтеді. Егер ірі компаниялар жайлы айтатын болсақ, олар мата сатып алу үшін жүгінеді. Жергілікті мата нарығы әмбебап, басқа еш жерде мұндай тауар көптілігін және жоғары сапаны таба алмайсыз.

Instagram желісінде киім мен сән туралы айтамын. Мен үшін блог — бұл өзімді көрсетудің әдісі. Жақында стилист мамандығынын меңгеріп алдым, бұл тек жұмысымда ғана емес, блогты жүргізуге де көмектеседі. Бірақ жұмыс пен блог мүлдем байланысты емес.



Өмір салты туралы



Жылына бір-екі рет үйге келіп тұрамыз. Қазақстандағы жұмыс күндері Гуанчжоуға қарағанда жайлырақ. Мұнда Қытайда жетпейтін достық қарым-қатынас көп. Онда өмір «жұмыс — үй —жұмыс» кестесі бойынша жүреді. Ешкім жұмыстан кейін немесе демалыс күндері серуендеуге шықпайды. Мұндай өмір ритміне үйренесің. Қазақстанға келіп, кино мен театрға барып, кештерімізді белсенді өткіземіз.

28753937_1207103376092307_7729324975261220864_n.jpg

Қытайлықтар тапқан ақшаларын қымбат көліктерге, киімдерге жұмсамайды. Оларда «әсер ету» түсінігі жоқ. Өздерінің ауқаттылығын олар қымбат мейрамханаға шақыруларымен және дәмді тағамдармен көрсетеді. Бір жылы Қытайда аштық болды, сол кезден бастап адамдар өздерінің молшылығын осылайша көрсете бастады. Олар тамаққа ақшаны көп жұмсайды.

Сондай-ақ, қытайлықтар көп ақшаны балаларының білім берулеріне де жұмсайды. Неліктен қазір көптеген елдерде қытай адамдары көп — себебі олар оқуға түрлі мемлекеттерге барады. Ата-аналары жылдар бойы балаларына осындай мүмкіндік беру үшін ақша жинайды. Олар балалары ата-аналары секілді ұзақ және ауыр жұмыс істегендерін қаламайды. Бірақ көптеген қытайлықтар шетелде қалғандарын айтады. Ал ата-аналары балаларының жақсы білімдерімен өз отандарында қомақты ақша тапқандарын қалайды. Қытайда көп уақыт бойы «бір отбасы — бір бала» саясаты болғандықтан, жастар көбінесе өзімшіл болып өсті. Олар осы қасиеттерін мойындап, АҚШ, Канада, Австралияда қалады.

Сонымен қатар, қытайлықтар шетелдегі жылжымайтын мүлікке көп ақша кетіреді. Бір жылдары Канададағы жылжымайтын мүлікке бағалар күрт өсіп кетті, себебі қытайлықтар көп мөлшерде пәтерлер мен үйлер сатып ала бастады.



Қытай не бергені туралы



Қытайдағы өмір менің мінезіме қатты ықпал етті. Кезінде Қытайға оқуға жіберген ата-анама ризамын. Жасым 16 ғана болды, ол жерге барған кезде адамдардың ақша тапқанына, мақсаттарына қарап тез есейдім. Мен үшін ақша табу басты нәрсе емес, адамның дамуы маңыздырақ. Бұл жерде барлығы өсуге тырысады. Бұл халыққа қарап, не себепті Қытай соншалықты жылдам дамитынын түсінемін. Қытай тұрғындарына көмектесуге тырысатын мықты елге, қызықты жерге айналды. Әрбір адам өз үлесін қосуда.

32580406_171421280186232_9210406217782919168_n.jpg

Мұнда өмір сүру қолайлы. Барлығы адамдардың қолайлығы үшін жасалған.

Қазақстан мен Қытайды салыстыра отырып, кейде көңілім қалады, себебі біздің халық тарапынан дамуға деген ұмтылысты көрмеймін. Бізде ақша тауып, көтерілу қиын, бірақ адамдардың өздерінде де алға жылжуға деген ниет жоқ.

Қытайда жаңа білім, таныс іздейтін өршіл адамға айналдым. Саяхаттауды жақсы көремін, себебі жаңа нәрселерді көруге болады. Қытай маған ірі мақсат коюды үйретті.



Жоспарлар туралы



Келешекте міндетті түрде Қазақстанға ораламыз. Қытай қаншалықты қолайлы болса да, біз бәрібір үйге қайтқымыз келеді. Жұмыспен, адамдармен не болса да қайтып келгіміз келеді. Жоспарымыз — Қытайда бірнеше жыл жұмыс істеп, кейін отанымызда тұрақталу үшін Қазақстанға ораламыз. Алматыда тұрғымыз келеді, себебі ол жерде біз секілді белсенді әрі ашық адамдар көп.