facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
yelderge-shetelde-b-l-m-alu-a-arnal-an-3-sh-k-rta-yly-ba-darlama
logo
Әйелдерге шетелде білім алуға арналған 3 шәкіртақылық бағдарлама

17.05.2017

Әйелдерге шетелде білім алуға арналған 3 шәкіртақылық бағдарлама

The American Association of University Women шәкіртақылары


AAUW — әйелдердің тең құқығы үшін күресіп жүрген қауымдастық. Ұйым жыл сайын шетелдік әйелдерге АҚШ-та тегін білім алуға мүмкіндік беретін шәкіртақыларды ұсынады.


AAUW магистрлік, аспиранттық, докторлық және ғылыми шәкіртақылар бөледі. Бағдарлама АҚШ-тың аккредитацияланған университеттерінің барлығында жүзеге асырылады. Ол мемлекеттік жоғары оқу орындары ұсынатын барлық ғылыми пәндер мен зерттеу салаларын қамтиды.


Шәкіртақы бір оқу жылына беріледі, бірақ академиялық жетістіктеріне байланысты ұзартылуы да мүмкін. Магистрлік шәкіртақы мөлшері жылына 18 000 долларды құрайды, аспиранттық шәкіртақы — 20 000 доллар, докторлық шәкіртақы — 30 000 доллар.


Үміткерлерге қойылатын талаптар:


— үміткер АҚШ азаматы болмауы тиіс

— тең құқық идеясын насихаттайтын мақсатты үміткерлерге артықшылық беріледі. Сондай-ақ, болашақта туған жеріне қайтып оралып, сонда өз жұмысын жалғастыруы керек

— ағылшын тілін жоғары деңгейде білуі қажет

— 2016 жылға дейін алынған бакалавриат дипломының болуы тиіс.


Дедлайн: шәкіртақыға онлайн-өтінімді 2017 жылдың 1 тамызынан 1 желтоқсанына дейін беруге болады


Іріктеу кезінде қауымдастық үміткердің академиялық үлгерімі мен тең құқық үшін қаншалықты күресіп жүргенін де ескереді.


Ғылыми шәкіртақыға үміткерлерге қойылатын талаптар:


— қыздар Graduate Women International қауымдастығының мүшесі болуы тиіс

— ғылыми шәкіртақы АҚШ-тан тысқары жерде зерттеу жұмысымен айналысқан үміткерге тағайындалады

— зерттеу жұмыстары байқау негізінде бағаланады.


Шәкіртақылық бағдарлама туралы толығырақ мына жерден немесе connect@aauw.org поштасына жазу арқылы білуге болады




Zonta International қорының Амелия Эрхарт атындағы шәкіртақылары


Zonta халықаралық қоры жыл сайын аэроғарыштық зерттеулер немесе аэроғарыштық инженерия саласында дипломалды білім алып жатқан әйелдерге Амелия Эрхарт атындағы 35 шәкіртақыны бөледі. Шәкіртақыға әлемнің барлық жерінен аспирантура (PhD) мен докторлық алдындағы бағдарламаның студенттері үміткер бола алады.


Грант мөлшері — 10 000 доллар. Қаржыны кез келген жоғары оқу орнында білім алуға пайдалануға болады.


Үміткерлерге қойылатын талаптар:


— грант байқауына PhD бағдарламасы мен докторлық алдындағы курстардың күндізгі бөлімінде оқитын әйелдер өтінім бере алады.

— үздік академиялық үлгерім мен ғылыми жұмыстың құрылған жоспары болуы қажет.


Дедлайн: 1 шілде


Құжаттарды электронды поштамен PDF форматында тапсыру керек, алайда өтінімдер пошта бойынша да қабылданады.


Грант байқауының өтінімі мен ережелерін мына жерден беттің төменгі жағында көрсетілген Apply now тетігін басу арқылы жүктеп алуға болады.




Japanese Association of University Women шәкіртақылары


JAUW жыл сайын шетелдік студенттерді қаржыландырудың халықаралық бағдарламасын ұсынады. Бағдарлама мақсаты — Жапонияда оқу мен зерттеуін жалғастырғысы келетін әйелдерге қаржылық қолдау білдіру. Грант сомасын аудару туралы шешім қабылдағанда ұзақтығы назарға алынады. Грант 5 ай мерзімге есептелген.


Үміткерлерге қойылатын талаптар:


— Жапониядан басқа әлемнің кез келген елінде тұратын студент-әйелдер

— магистр дәрежесін немесе магистр дәрежесінің эквивалентін алған және қазіргі уақытта академиялық ортадан тыс жерде жұмыс істейтін үміткерлер

— докторлық алдындағы зерттеумен айналысатын үміткерлер де өтінім бере алады, бірақ олар басымдыққа ие емес

— үміткерлер университетті өз бетінше таңдап, сол университетке тапсыруы керек және университетке түскендігі туралы хатты грант алуға өтініммен бірге әкелуі тиіс.


Дедлайн: 2018 жылдың 31 наурызы


Құжаттар мен қажетті бланкілер тізімін қыркүйек айында бағдарламаның сайтынан жүктеп алуға болады.


Дереккөз

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.