Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit, sed do eiusmod tempor incididunt ut labore et dolore magna aliqua. Ut enim ad minim veniam, quis nostrud exercitation ullamco laboris nisi ut aliquip ex ea commodo consequat.

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
tu-an-zherge-oralyp-z-k-s-b-n-ash-an-3-aza-standy-ty-o-i-asy

Туған жерге оралып, өз кәсібін ашқан 3 қазақстандықтың оқиғасы
5619

01.07.2017

Туған жерге оралып, өз кәсібін ашқан 3 қазақстандықтың оқиғасы

Аятжан Ахметжан, 31 жаста
«Қазбілім» қосымша білім орталығының директоры, химик

ҚХР, Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданынан келген

2005 жылы Қазақстанға көшіп келдім. Ол кезде 19 жаста болатынмын. Сол кезде Қытайдың бұл облысында елімізді «Қазақстан» деп ешкім айтпайтын, 2004-2005 жылға дейін ол өңірде «Совет» деп атап келді. 9-10 сыныпта оқып жүргенде Оралхан Бөкей, Ілияс Есенберлин сияқты қазақ жазушыларының көптеген шығармаларын оқыдым.

11 сыныпта ата-анамның қарсылығына қарамастан, төлқұжат жасатып, Қазақстанға, Алматыға келдім


Мұнда мені ешкім қарсы алған жоқ, себебі ол кезде ешкімді танымайтынмын, алайда өзге елден келді деп ешкім қысым да көрсеткен емес. Алғашқыда дәмханада аспаз болып жұмыс істедім. Содан кейін Түркістан қаласында дайындық курсынан өтіп, Астанадағы ЕҰУ-не оқуға түстім. Онда «Химия» мамандығы бойынша 6 жыл білім алдым, бүгінде химия ғылымдарының магистрімін.

DSC_1796.jpg

Көптеген мектептерде мұғалім болып жұмыс істедім, ұзақ уақыт Астанадағы дарынды балаларға арналған «Зерде» мектебінде ұстаздық еттім. Сол кезде ата-аналардың көбісі маған қосымша сабақ беру туралы ұсыныс білдірді. Кейде репититорлықпен де айналысып жүрдім. Кейін Астанадағы білім орталықтарында да сабақ бердім. Соңында өзім де осындай орталық ашамын деп шештім. Бес жыл бұрын kazbilim.kz ақпараттық сайтын ашқанмын, ол жерде оқушылар мен ұстаздарға арналған кеңесімді, білген-түйгендерімді жазып жүрдім. «Қазбілім» атауы да осыдан шықты. Бастама өзімдікі болғанымен, топ жинақтағанда жаныма тәжірибелі мамандарды шақырдым. Қазір ұжымымызда 40-қа жуық маман жұмыс істейді. Ал орталықтың ашылғанына үш жыл болды.

Біз 15-ке жуық бағытта жұмыс істейміз: балаларды ҰБТ-ға, пәндік олимпиада мен НЗМ-не түсуге дайындаймыз, сонымен қатар үлгерімі нашар балаларға қосымша сабақ береміз. Биыл 140-қа жуық оқушымыз ҰБТ тапсырған болатын, олардың орташа балы — 109. Және қазақ тілінде қосымша оқулық шығарумен айналысамыз. 14 қосымша оқу құралын шығардық, шыққаннан бері ата-аналар мен ұстаздар тарапынан тек жақсы пікірлер естудеміз. Сондай-ақ, біз оқушылар мен ұстаздарға әдістемелік көмек көрсетеміз. Бұл үшін еліміздің түкпір-түкпірінде шеберлік сыныптарын, тренингтер мен семинарлар өткізіп тұрамыз.

Қытайға қарағанда Қазақстанда кәсіп ашу оңай


DSC_1775.jpg

Мен ешқашан мемлекеттен ақша сұрап көрген емеспін. Елге келген жылы-ақ азаматтық алдым. Заңдық тұрғыда да еш қиындық болған жоқ. Өз басым көмек алуға қарсымын, себебі табысқа жетпейтін адам үнемі сылтау табады. Мен егер сылтау іздей бастасам, менің әлсіз болғаным деп білемін.

Алғаш бұл істі 20 оқушыны оқытудан бастадым. Басында қарызданғаным да жасырын емес. Орталықты ашқан кезде айналамда қарсылық танытқандар да, қызғанышпен қарағандар да болды, алайда мұның бәрін елемеуге тырысамын. Астанада бәсекелестеріміз өте көп. Әзірге біздегі білім орталықтарының көпшілігі шетелдіктердің қолында. Орталықтардың көбінде студенттер жұмыс істейді. Сондықтан, Қазақстанда қосымша білім беру саласын дамыту қажет деп санаймын және осы бағытта еңбектенетін боламыз.



Самғау Нәсіпқан, 27 жаста
«Арлан» ЖК иесі, қолөнер шебері

ҚХР, Қаба ауылынан келген

2005-2006 жылдары Өскеменге көшіп келдік

Бізді ата-анамыз алып келді, өздері сонша сағынған мекенде біздің өскенімізді қалады


Келген кезде ешқандай қиындық болған жоқ. Оның үстіне көршілеріміз жаңа жерге бейімделуге көп көмектесті.

Жас күнімнен бастап өз ісімді ашуды ойлайтынмын. Әкем жағынан туыстарым қолөнер шеберлері болған, әкем де темірден түйін түйеді. Оқуды аяқтаған соң жоғары оқу орнын бітіріп алып жұмыссыз жүрген немесе бір ғана жалақыға өмір сүретін жастарды көрдім. Ал мен біреудің қол астында жұмыс істей алмайтын адаммын. Сөйтіп, аяқ киім өндірісін таңдадым, бұл істің қиындығын білсем де, таңдауым осы салаға түсті. Әкем сол кезде 2-3 сиырын сатып, маған қажетті құралдарды алып берді. Мен Өскеменде 40 жылдық тәжірибесі бар шеберлерден көп нәрсе үйрендім.

Самғау Нәсіпқан.jpg

Мен ұлттық үлгідегі аяқ киімдер тігемін. Ортопедиялық аяқ киім, сүйретпе, бәтеңке, етік дайындаймыз. Қазір бізде сегіз адам жұмыс істейді. Аяқ киімді тек таза теріден тігеміз, былғары мен теріні Семей, Жамбыл облысының шаруашылықтарынан, қымбат бөліктерін Түркиядан әкелеміз.

Өскеменде жұмыс істей бастағанда бізге сол кездегі облыс әкімі Бердібек Сапарбаев көмектескен болатын. Ол машиналар сатып алуға қол ұшын беріп, бізге қолдау танытты. Бір жылға қарыз ақша алып, оны мерзімінен бұрын өтеген болатынбыз. Кейін шеберханамызды кеңейту мақсатымен Астанадан екінші шеберханамызды ашуды ұйғардық. Бұл жерде бізге депутат Бекболат Тілеухан ағамыз қолдау көрсетіп, шеттен келген қазағым деп шынайы қамқорлық таныты. Оған айтар алғысымыз шексіз.

2015 жылдың желтоқсанында Тұңғыш Президент күніне орай президентімізге ұлттық үлгідегі етікті сыйға тарттық


самгау2.jpg

Елбасы өз ризашылығын білдіріп, алғыс хат табыстады. Бұл мен үшін үлкен жетістік. Жалпы, кәсіп ашуда ешқандай қиындыққа тап болған жоқпыз, ешкімнің тарапынан қысым көрмедік. Істі бастағанда ақша туралы ойламау керек, көбірек жұмыс істеп, өз еңбегіңнен рахат ала білу қажет.

Біздің мақсатымыз — сапалы өнім шығарып, ел дамуына тамшыдай болса да үлес қосу.



Асқар Әділжан, 43 жаста
«Қолғанат» ет өнімдері» цехінің менеджері

ҚХР, Қарамайлы қаласынан келген

Өзімнің тарихи отаныма көптен бері келгім келіп жүргендіктен, 2004 жылы Қазақстанға көшіп келдім


Осында келіп үйлендім, үш қыз, бір ұлым бар. Өз ісіммен айналысқым келіп, Лесозавод елді-мекені жақтан жер сатып алып, әр түрлі іспен айналыса бастадым. Басында сауда-саттыққа араластым, кейін монша, автокөлік жөндеу орталығын аштым. Ал ет өнімдерімен биылғы жылдың қаңтар айынан бастап айналысып келеміз. Бұл өнімдерді дайындауда табиғи дәмдеуіштер мен етті пайдаланамыз. Өнімімізді әзірлеуге етті ұзақ таңдадық, қазір тек қатал санитарлық талаптарға сай сатушылардан ғана ет сатып аламыз. Әдетте, 3-4 күн кептірілетін етті біздің құрылғыларымыз 2-3 сағатта кептіреді. Бүгінде 40 және 100 граммдық пакеттермен шығарамын. Алдағы уақытта 200-граммдық қаптамамен шығармақ ойымыз бар.

DSC_1932.jpg

Қазақстанға қайтып оралу кезінде ешқандай қиындықтар болған жоқ.

Қытайда жүргенде біз Қазақстанға барғанда қалай өмір сүреміз, елге қалай пайда келтіреміз деп ойландық


Бұл ісіміз адамдарды жұмыспен қамтып отыр. Ендігі мақсатымыз — экспортқа шығу. Алайда, бұл үшін үлкен көлемде қаражат керек және алдымен Қазақстан нарығын қамтамасыз еткіміз келеді.


DSC_1883.jpg