facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
toyhana-me-gerush-s-ne-sebept-adamdar-almaty-zh-ne-astana-alalarynan-ylenu-toyyn-tk-zu-sh-n-shymkentke-kelet-nder-turaly
logo
Тойхана меңгерушісі не себепті адамдар Алматы және Астана қалаларынан үйлену тойын өткізу үшін Шымкентке келетіндері туралы

18.07.2018

Тойхана меңгерушісі не себепті адамдар Алматы және Астана қалаларынан үйлену тойын өткізу үшін Шымкентке келетіндері туралы

Виктория Штейнтрес, 48 жаста, туған жері — Шымкент, Royal Palace тойхана меңгерушісі



Барлығы қалай басталғаны туралы



Біз 2016 жылдың 27 қыркүйегінде ашылдық. Орынның форматын тойхана етіп таңдадық. Қалада осыған ұқсас орындар көп. Шымкентті бір үлкен тойхана деп атауға болады. Санының көптігіне қарамастан, жақсы сапалы тойхана табу оңай емес.

6789.jpeg

Біз әдемі, ерекше әрі бай орын жасағымыз келді. Ас үйі дәмді, ал қызмет ету жоғары деңгейде болуын қаладық. Өзімізді lux класының тойханасы ретінде көрсетеміз. Біздің тойхана қаладағы әдемі тойханалардың бірі. Қазақстанда тұрсақ та, еуропалық стильге ұқсас болғымыз келді. Ұлттық үйлесімді, әрине, ұстанамыз, бірақ негізгі тірек — еуропалық стиль.



Жұмыс ерекшелігі туралы



Қазір бір зал жұмыс істеп тұр. Үлкен мейрамханалық үстелдеріміз бар, ал қалған тойханалар оның кішкентай нұсқаларын пайдаланады. Осындай орналастырудың арқасында ешкім бір-біріне кедергі жасамайды, даяршыларға да жұмыс істеу қолайлы. Бос орын жеткілікті.

567.jpeg

Барлық адамдар бай үйлену тойын жасай алмайды. Қазір адамдар қонақтар санын азайтып, мерекенің сапасын жақсартуын қалайды. Тойдағы адамдар саны азайды. Ең алғаш ашылған кезде 400-500 адамға арналған үлкен үйлену тойлары өткізілсе, ал қазір қонақтар саны — 250-300 жетті, үстелдер бай әзірленіп, мерекелік бағдарлама қызығырақ өтеді. Барлығы шын жүректен туыстарды қуанту үшін бағытталған.



Тойлар мен клиенттер туралы



Кейде тойханада қыз ұзату, конференциялар өтеді. Бірақ көбінесе тойхананы үйлену тойын өткізу үшін таңдайды. Және бір қызығы олар әртүрлі болады. Мәселен, белгілі бір тақырыпта өткізілетін үйлену тойы. Бізде хохлома стилінде өткен үйлену тойы болды. Өте шулы әрі қызықты өтті.

789.jpeg

Тойханада ең бірінші болып Алматыдан келген әзербайджандықтар, Гасановтар отбасысы тойларын өткізді. Олармен әлі күнге дейін араласымыз, себебі олар біздің ең алғашқыларымыз. Істері қалай жүріп жатқанын бақылаймыз. Олардың үйлену тойлары бай және өте әдемі болды. Тойхананы сәл кештеу ашқымыз келді, бірақ олар тойхананы көріп, барлығын ертерек бітіруімізді сұрады. Жөндеу жұмыстарын аяғына дейін жеткізуді үлгермедік және соңғы он күн бойы жұмысқа күнде де, түнде де шығып тұрдық. Той күні соңғы жөндеу қоқыстарын шығарып жаттық. Оларға тездетіп ашылуға көмектескендері үшін алғыс айтамыз.

Мезгілдер әртүрлі. Қазір ораза айында тойлар аз өткізіледі. Біз үшін бұл демалып, тойханаға өзгертулер енгізетін жақсы кезең. Мәселен, қазір біз подиуммен айналысудамыз, оны жақсартып жатырмыз.

Жұмысқа төрт күн бойы шығатын кездер болады. Осы уақыт бойы тәулігіне бірнеше сағат қана ұйықтай аламыз. Lux класының тойханасы аталғаннан кейін оған сай болуымыз керек. Деңгейімізді ұстап тұруға тырысамыз. Жұмыс көп. Барлығын тиянақты түрде жуып, дайындаймыз. Дастарқандарды, орындықтардың қаптауларын толығымен ауыстырамыз.

Осындай күндері барлық жұмыс тобы үш-төрт сағаттан ұйықтайды. Мұндай мезгілдер онша көп емес. Негізінен бұл шілде, тамыз, қыркүйек айлары, кейін қайтадан қалыпты режимде жұмыс істеуді жалғастырамыз.


Мәзір туралы



678.jpeg

Басқа қалалармен жиі жұмыс жағынан тәжірибе алмасып тұрамыз. Алматы, Астана Тараз, Ақтау — осы қалалардың барлығында Шымкенттік адамдар бар. Олар үйлену тойларын өткізу үшін Шымкентке келеді, себебі туыстарының көбісі осында тұрады. Осындай тойлар көптеп өткізіледі.

Біз тек оң тілектер мен пікірлерге ие боламыз. Кейбіреулері үміттерін ақтағанын немесе асып түскендерімізді айтады. Барлық берілген уәделердің толық орындалғанын да бағалайды.



Қиындықтар туралы



Мұндай бизнес жүргізу кезінде бірнеше қиындықтар туындайды. Бірінші қиындық — орналасу. Біздің тойхана жолдың жиегінде орналасқан жоқ, сол себепті тойханаға барар жолды білу керек. Бұл үшін тұрақты жарнама қажет. Бірақ ол әр кезде көмегін тигізбейді, себебі егер жарнама қалалық билбордтарда орналасса, онда ол өз міндеттерін аяғына дейін орындамайды.

Екінші қиындық — бәсекелестік. Біздің қалада әрбір тойхана өз шарттарын, сыйлықтарын ұсынуға тырысады. Қалада 320 жуық тойхана бар және нарықта өмір сүру үшін деңгейді сақтап тұру немесе иілгіш болу керек.

Үшінші қиындық — қызметкерлер. Біз кәдімгі тойхана емеспіз, мейрамханалық түрдегі тойханамыз. Даяршыларға барлық ұсақ-түйектерді үйретеміз: тағамды қай жақтан беру керек, сусындарды қалай құю қажет, қандай тағамдар қалай берілу керектін. Бұл көп уақытты талап етеді. Балалар жетіліп, университет бітіріп, үйлеріне қайтады. Әрқашан басынан бастап үйретуді қажет ететін жаңа балалар ағыны келеді. Сай болатын, дастарқан басындағы көңіл-күйді, атмосфераны ұстап тұра алатындарды табу қиын. Менің ойымша, бұл ең басты қиындық.



Жоспарлар туралы



Кіші залды ашуды жоспарлап жатырмыз. Ол қазір жобада. Көбісі той алдында кішігірім тойлауды өткізеді. Біз осындай мерекеге сай келетін залдың болуын қалаймыз. Бірақ біздің ойымыздағы зал белсенді болады. Мүмкін оны күн сайын жұмыс істейтін мейрамхана форматында жасайтын шығармыз. Ол жерге өз мәзірімізді енгізіп, барлық адамдар тағамдардыңдәмін татып, біздің ас үймен танысқандарын қалар едік.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.