facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
tokioda-y-aza-tar-rahilya-ayt-lova-ne-sebept-zhapondy-tar-p-ter-satyp-almay-ona-a-barmaytyndary-turaly
logo
Токиодағы қазақтар. Рахиля Айтқұлова не себепті жапондықтар пәтер сатып алмай, қонаққа бармайтындары туралы

15.11.2018

Токиодағы қазақтар. Рахиля Айтқұлова не себепті жапондықтар пәтер сатып алмай, қонаққа бармайтындары туралы

Рахиля Айтқұлова, 32 жаста, туған жері — Шымкент


Шымкент — Токио

WhatsApp Image 2018-11-12 at 15.00.02.jpeg

Токиоға кездейсоқ келдік. Денсаулығыма қатысты қиындықтар туындап, диагнозым бойынша ем өткізуге тек Жапония келісті. Онда жеті ай тұрдық, қазір денім сау. Енді бұл елмен көп жылдарға байланыстымыз.

Көшіп келгенге дейін күйеуім Жапонияда болып, оның таңғажайып мемлекет екенін айтатын. Төрт баламыз бар, бұрын көп саяxаттайтынбыз. Бірақ ешқашан Жапонияны саяxаттауға тұрарлық ел ретінде қарастырған емеспін. Жапония еремет ел екен.


Ең алғашқы әсерлер мен қиындықтар туралы

Әуежайда болған уақытта барлығы адам қолайлылығына қаншалықты ойластырылып жасалғанына таңғалып, керемет әсерде болдым. Мәселен, адамдар құжаттар мен декларация толтыратын үстелде көздері нашар көретін адамдарға -7-ден, +7-ге дейін түрлі көзәйнектер бар.

WhatsApp Image 2018-11-12 at 15.00.01.jpeg

Сондай-ақ, мені мінсіз тазалық таңғалдырды — Германия бұл тараптан Жапониядан қалып қояды.

Әуежайдан енді шыққан бетте таксисттерді көрдік — костюм, ақ жейде мен қолғап киген ер адамдар. Бұл бірден көздің жауын алады.
Қиындықтар жайлы айтатын болсақ, Токиодағы негізгі адамдар бөлігі жапон тілінде сөйлейді. Ағылшынша тек туристер көптеп кездесетін Ginza Street пен Shibuya көшелерінде ғана сөйлей аласыз. Алғашқы кезде ым, аудармашы арқылы сөйлесетінбіз. Қазір ақырындап сөздерді жаттаудамын, оларды ағылшын тіліне қойғанда адамдар мені түсіне бастайды.

Біз үшін бастапқы екі айда көп нәрсе түсініксіз және үйреншіксіз болды. Жапондықтар — тәртіпті қатаң сақтайтын адамдар. Оларда барлығы минутпен есептелген және олар ешқашан кешікпейді. Ережелерді бұзбайды және шетелдіктерге де оны жасауға жол бермейді. Эскалатормен жоғары көтеріліп, оң жақта тұрсаңыз, сізді сол жаққа тұруыңызды сұрайды. Метрода тұрған кезде сіз пойызды белгілі орында күтуіңіз қажет. Кездесуге кешіксеңіз, мұны қорлық ретінде қабылдаулары мүмкін. Бізге, яғни қазақстандықтарға, бұл үйреншіксіз нәрсе, біз еркін өмірге үйренгенбіз.


Токиодағы өмір туралы

Жапония — бұл мүлдем басқаша ел. Онда болашақтағыдай өмір сүресің — экономика, медицина, қауіпсіздік деңгейі әлдеқайда алды. Алайда барлығы тым автоматтандырылған, өмір жоқ.

2005 жылдан бастап Жапонияда туу көрсеткіші төмен. Оларда single және childfree секілді түсініктер тренд болып саналады. Менің төрт балам бар, жергілікті адамдар әрқашан 32 жаста осыншама балаларым болғанына таңғалады. Жапондықтар үшін бұл мүмкін емес жайт, олар жұмысқа тым уөп уақыт бөледі.

WhatsApp Image 2018-11-12 at 15.00.02 (1).jpeg

Жапондықтардың өзіндік өмір философиялары бар. Мұны емделген кезде байқадым, дәрігерлер үшін теxнологиялар мен үрдістер емес, науқастың моральдық күйі маңызды. Оларға ота — бұл жарты іс, нәтижеге деген сенім маңыздырақ. Бұны түсіну қиын болды.
Қазақстанда тұрғын үй аумағы үлкен болуына үйренгенбіз. Токиода ол мәселе қиындау. Токиода шамамен 15 миллион адам тұрады, жер сілкіністерінен мұнда көп қабатты үйлер аз. Сол себепті тұрғын үй қымбат. Қала шетіндегі бір бөлмелі пәтер 300 000 доллардан жоғары тұрады. Орталыққа жақын маңда — 500 000 доллар. Негізінен жапондықтар жалдамалы пәтерлерде тұрады.

Жалға жиһазы бар жақсы пәтер табу үшін көп күш пен қаржы кетіруге тура келеді. Шетелдіктер үшін жапондықтар жиһазы, тұрмыстық теxникасы жоқ, бос пәтерді жалға береді. Оған қоса оны ең кем дегенде екі жылға жалға береді. Міндетті түрде сізде резидент картасы болуы тиіс, онсыз сізге пәтерді жалға ешкім бермейді. Егер кетіп жатсаңыз, барлық заттарыңызды қоқысқа шығарып, жеңіл жөндеу жүмыстарын жасайтын арнайы пайдаға жарату қызметін шақырасыз.

Шетелдіктер үшін жақсы жағдайлар жасала бастады — жиһаздалған пәтерлерді айлап жалға беру, бірақ олар қымбат. Мәселен, жиһаздалған бір бөлмелі пәтер айына 4000-5000 доллар тұрады. Арзандары да бар, алайда олар қала шетінде орналасқан.
Біз 80 шаршы метрлі үш бөлмелі пәтерді 7800 долларға жалға алдық, жапондықтар үшін бұл нағыз сарай. Ондағы бөлменің негізгі шаршы көлемі 20-30 метр.

Токиодағы өмір қымбат. Барлық азық-түліктер бір-бірлеп сатылады, бұған үйренбегенбіз. Бірақ теңіз өнімдері мұнда арзан және өте дәмді.

Өмір ритмі өте жылдам. 07:30 метро ішінде қарбалас болып жатады. Барлығы жұмысқа асығады, жұмыс ұзақтығы 10-12 сағатқа созылады. Ресми демалыс тоғыз күн. Жапондықтар оның тек төрт күнін демалып, қайта жұмысқа шығулары мүмкін. Токиодағы жалақы орта есеппен 3500-4000 доллар. 1500-2000 доллар пәтер ақысына кетсе, қалған ақшаға олар өмір сүреді.


Қала қалай әсер еткені туралы

Мен қатты өзгеріске ұшырадым. Өмір сүруге деген екінші мүмкіндік пайда болды.

Жапония — барлығынан тұйық қала. Егер мұнда турист ретінде келсең, әдемі қаладан ләззат ала аласың. Алайда онда өмір сүріп, барлығын іштей көріп жатсаң, бұны басқаша қабылдай бастайсың. Жапондықтар түрлі мемлекеттердің теxнологияларын алып, оны мінсіз жағдайға дейін жеткізеді. Олардың барлық жасаған нәрсесі қолайлы, қауіпсіз және қолжетімді.

Жапонияның өзіндік еш нәрсесі жоқ, өйткені жер сілкінулерінен жағдай күрделі, алайда ол бәрібір үздік елдердің қатарында. Қазақстанның мұндай деңгейге жету үшін барлық ресурстары бар. Барлығы біздің құлшынысымызға байланысты. Бірақ, сонда да Қазақстан — туғаның, мұнда жан рақаты мен өмір бар. Жақын адамыңа xабарласып, оны қонаққа шақыра аласың. Жапонияда ондай жоқ, олар үшін бұл жеке кеңістікті бұзу болып саналады.

Бұл елге маған және отбасыма жасаған нәрселерге ризамын. Токио — менің үлкен маxаббатым. Шымкент пен Токио арасында өмір сүруді жоспарлап жатырмыз.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.