facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
tabysty-adamdardy-al-ash-y-zh-mysy-turaly-4-o-i-a
logo
Табысты адамдардың алғашқы жұмысы туралы 4 оқиға
Мамандықтар

06.06.2017

Табысты адамдардың алғашқы жұмысы туралы 4 оқиға

Махаббат Есен


Friends Media Group брендтік агенттігінің иесі және жетекшісі, білім жобалары, PR


290A2191v.jpg


Алғашқы қаржыны мектепте оқып жүргенде таба бастадым, ол кезде үшінші-төртінші сыныпта оқитынмын. Үстіне ақша қосып тәтті сағыз сататынмын. Менің қиялым ұшқыр болатын, тауарды өткізу қолымнан келетін, бұған қосымша төртінші сыныпқа дейін ауылда тұрдым, ондағы үлкен дүкендердің жоқтығы маған жақсы болды. Және тәтем мен атама массаж жасайтынмын, олар да маған ақша беретін. Оның үстіне атам маған инвестор болатын, әрдайым ақша беріп тұратын. Қалтамда ақша көп жүретін, тіпті оны қайда жұмсарымды білмейтінмін.


Алтыншы сыныпта ресми түрде балалар кафесіне аниматор болып жұмысқа орналастым. Микки Маустың досы — Минни болдым. Менің міндетім балаларды екі-үш сағат ойнатып, билету болатын. Бір туған күн үшін маған 200 теңге төлейтін, күніне 800-1000 теңгедей табатынмын. Бұл өте жақсы сома болатын.


13 жасымда кастингтен өтіп, радиоға жұмысқа орналастым. Алғашқы жалақым — 500 теңге. Бірақ, бұл біз үшін өте үлкен қаржы болатын, себебі ол кәсіби қабілетің үшін берілетін. Кейін менің жалақым 5000 теңгеге дейін өсті. Сол кезде ересектердің өзі айына 10-12 000 теңге жалақы алатын. Біз, қазір Геннадий Головкиннің баспасөз хатшысы болып жұмыс істейтін құрбым Жанар Утешова екеуміз, мемлекеттік тапсырыстың бағдарламаларын жүргіздік.


Мен коммерциялық негіздегі шараларды ерте жасымнан жүргізе бастадым. Үнемі жақсы ақша табатынмын. Менің мақсатым тек ақша табу болатын, бірақ көбінесе тегін істейтінмін. Маған үлкен әрі жақсы оқиғалардың арасында жүрген ұнайтын.


Алғашқы жұмысым бүгінге дейін қолданып келе жатқан нәрсеме үйретті. 7 жылдан астам уақыт радиохабар тарату саласында жұмыс істеп жүрмін. Мен позитивті түрде ойлаймын. Себебі, радиода тұнжыраған адамға жұмыс істеу мүмкін емес. Бұл менің өмірлік мақсаттарым мен құндылықтарыма сай оптимисті мамандық.


Радио, бәрінен бұрын, мені тыңдармандарға шынайы болуға, сондай-ақ дауыспен жұмыс істей білуге үйретті. Сонымен қатар радио жауапкершілікке үйретеді. Себебі, бір сөзбен біреуді аспанға шығаруға, ал біреуді жер қылуға болады.


Карьералық баспалдақпен көтеріліп, өсуіме өзіме және жарқын болашаққа деген сенім көмектесті. Ілгерілеу мен тұлғалық өсудің кепілі, бірінші кезекте — қайдасың, кімсің және қазір не істеп жүрсің, бақытты болу үшін қандай әрекет жасаудасың деген сұрақтардың жауабы болуы тиіс.




Данияр Сүгірәлинов


Қазақстан Интернет Ассоциациясының қоғаммен байланыс бойынша вице-президенті, 4Real компаниясының даму бойынша директоры, Kaznetmedia компаниясының негізін салушысы, директоры, жазушы


ДанИЯр.jpg


Мен алғашқы бір жұмыс орнымды еске түсіруге қиналамын. Орта сыныпта достарымызбен 90-жылдары қаңырап қалған саяжайлардан алма жинап ақша таптық. Біз оларды жуып, пакетке салып, дүкенде сататынбыз, сондай-ақ ТВ-бағдарламасы бар тегін газеттерді тараттық, балықты бөліп, Ақтөбедегі құс базарында саттық, жеміс жинауға бардық — төлем де табиғи түрде жүзеге асатын — қанша өткізгеніңе байланысты, бейнеойындар өткізу бойынша гайдтар өздері жазатын, оны шығарып, қайта саттық, компьютерлерді жөндедік.


1999-жылы алғашқы кеңседегі жұмысым пайда болды. Мені маркетинг бойынша оқытушым дипломалды тәжірибеге досының түнгі клубына жұмысқа орналастырған болатын, ол кезде Санкт-Петербургтегі ИНЖЭКОН-ның соңғы курсында оқитынмын. Бұл ең жақсы питерлік түнгі клубтардың бірі Невский даңғылындағы «Голливудские ночи» болатын және тәжірибеден өткен соң сонда жұмыста қалдым. Клуб өте жоғары дәрежеде болатын. Жаңа жылда билеттер $600 басталатын. Пәтерлер ол кезде қазіргіден 10 есе арзан болатын. Контингенттің ішінде бауырлар, төбелестер көп болды, алайда атысты ешқашан естіген емеспін.


Карьералық баспалдақпен ол жерде еш жылжымадым. Штатта директор, бухгалтер, кеңсе менеджері, қауіпсіздік бастығы, жарнама бойынша директор және мен — оның орынбасары болдық. Мені орынбасар етіп келіссөздер жүргізу үшін қойды. Тағы әртістер, биші қыздар мен күзетшілер болды.


Менің қызметіме клубтағы апта сайын өтетін концерттерге демеуші табу кіретін. Әр жұма мен сенбі күндері клубта сол кездегі жұлдыздар өнер көрсететін. Есімде қалғандары — «Мумий тролль», Земфира, Vacuum тобы. Демеушілік түрлі деңгейлер мен әр түрлі мөлшерде болатын. Ешқандай қағаз келісім шарттар болған жоқ. Ақшаны қаппен, спорттық сөмкелермен, супермаркеттегі пакеттермен, доллар валютасымен ғана әкелетін. Бұл үшін демеуші афиша, билеттерде жазылатын.


Әлі күнге дейін басымда: «Сәлеметсіз бе, менің есімім Данияр, «Голливудские ночи» клубынан хабарласып тұрмын, ынтымақтастық жөнінде кіммен сөйлессем болады?». Күніне он шақты компанияға қоңырау шалып, қызыққандармен күндіз клубымызда келіссөздер жүргізетінмін.


Мен онда жылдан аз уақыт жұмыс істедім және осы уақыт аралығында саудада, коммуникациялық қабілет, келісімге келуде үлкен тәжірибе жинадым. Әлі күнге дейін осы үшін клубтағы әріптестеріме және маркетинг бойынша оқытушым, бүгінде СПбГУ экономика ғылымдарының докторы Потолоковая Мария Олеговнаға алғысым шексіз.




Сәуле Серғазинова


PR маманы, Lifestyle блогер


сауле.jpg


Мен шағын ғана Кировский ауылында тудым. Менің алғашқы білімім — ағылшын тілінің мұғалімі. Бір жыл өз мамандығым бойынша аудандық мектепте ағылшын тілінің мұғалімі болып жұмыс істедім. Екінші сыныптан он бірінші сыныпқа дейін сабақ бердім, сонымен қатар 10 сыныптың сынып жетекшісі болдым.


Жұмыс істеу қиын болды. 18 сағат мөлшерлемем боды, кейін сынып жетекшілікті берді де, 24 сағатты алып жүрдім. Жарты күн сабақ беріп, ары қарай жоспар жазып, үй тапсырмасын тексеретінмін — бәрі көп уақыт алатын. Қазақ, орыс сыныптарына сабақ бердім, жоспарды екі тілде жазу қажет болды. Ол кезде компьютер мен гаджеттер болған жоқ, қолмен жазатынбыз. Бұл жұмысты қиындататын.


Менің кабинетім алыста болатын, мектепте жылу жүйесі нашар істейтін, мен ауырып қалатынмын, балалардан қызылша қызамығын жұқтырдым.


Менің жалақым 14 000 теңге болатын, қосымша репетиторлықпен айналыстым, жұмыстан тыс уақытта балаларға ағылшын тілінен жеке сабақ бердім. Сағатына 300 теңге болған сияқты.


Алғашқы жұмысым мені шыңдады. Ұстаз — үнемі назарда болатын адам, ол жауапты, мұқият әрі сабырлы болуы тиіс. Балалар өзіне ұнамайтын мұғалімді сыйламайды, сондықтан оларға ұнау білу қажет. Сондықтан, бұл жұмыс өмірде маған көп нәрсе берді. Бірінші жұмысыммен салыстырғанда бәрі оңай көрінді.


Карьералық баспалдақпен өсуде маған мақсатшылдығым мен алға ұмтылғыштығым көмектеседі. Мен ешқашан қамсыз немесе жайлы болған емеспін. Әрдайым көп жұмыс істеуге дайынмын, күшім тасп тұрады.




Адель Оразалинова


«Первое творческое объединение» бағдарламасының тележүргізушісі, телепродюсері


адель.jpg


Мен 1999 жылы жұмыс істей бастадым, ол кезде мектепте оқыдым. Менің алғашқы жұмыс орным —«Хабар» агенттігі, «Метеошоу» жобасы, мен ауа-райын жүргізетінмін. Қазақстанда бірінші болып карта бойынша жүріп, қолымды сілтеп, қалалар мен жыл мезгілдері туралы түрлі оқиғаларды айтатынмын.


Мен онда жұмысқа орналасу үшін модельдік агенттік арқылы кастингтен өттім. Мен мектепте оқып жүргенде Бақыт Килыбаевтың «Просто личное народное кино» жобасынан тағылымдамадан өттім. Ол «Хабар» үшін дайындалатын сол кісінің жобасы болатын, мен оның қол астында жұмыс істеген соң мені жүргізуші болуға ұсынды. Көптеген ұзын аяқты әдемі модельдердің ішінен мені таңдады, ол кезде кішкентай винни пух болатынмын.


Мен жүргізуші әрі сценарий авторы болып жұмыс істедім. Сол кезден есімде қалғаны менің даусымды қойды, себебі мен жоғары айтатынмын және менімен ол кезде продюсер, жүргізуші болып қызмет еткен Дана Нұржігіт жұмыстанды. Маған бәрі: «Арықта, тіпті кермет боласың!». Ол кезде 80 киллограмм болатынмын, ал қазір 120 килограммын, соның өзінде кереметпін!


Біздің жобамызды Дариға Нұрсұлтанқызының өзі қабылдайтын, өзінің кеңестерін беретін — бұл өте салмақты жұмыс. Біз суфлерсіз жазатынбыз, күн сайын жаттайтынбыз. Менде аралас болатын, күн сайын ертеңгі күнге арналған ауа-райын жазатынбыз.


Алғашқы жұмысым маған бәрін — кадрмен жұмыс істеу, есте сақтау, мәтінді қысқартып жазу, суфлерсіз жұмыс істеуді үйретті. Камера артындағы көрерменді көре білуді Бақыт үйретті. Ол: «Сыртта жаңбыр жауып тұрса да, сен Алматыда күн шуақты десең, көрермен терезеден көргеніне емес, сенің айтқаныңа сенуі керек» дейтін. Сондай-ақ, бұл режиссурада үлкен тәжірибе болды, монтажда отыратынбыз. Дыбыс жазуды — микрофонға демалмауды, қағаздарды шытырлатпауды үйрендім. Ал мен мектеп оқушысы болатынмын. Әлбетте, кейін институтқа барғанда бәрі мені оқытушы, «Хабардың» жүргізушісі және бұл қатардағы студент емес деп ойлапты.


Елена Исаева — президенттің отбасын, барлық отандық жұлдыздарды бояндыратын танымал республикалық визажист, сол кезде маған макияж жасауды үйретті. Ол: «Бүгін мен бояндырып жатырмын, ертең өзің жүгіріп барып, қасыңды бояп үлгеруің керек» дейтін. Ол менің образдарыммен эксперимент жасап көрді, түрлі түстерді қолданды. Ол мені үнемі мақтайтын, жақсы көретін. Бүгінгі таңда мен визажисттерге бармаймын, макияжды өзім жасаймын. Еліміздің үздік адамдары маған көмектесті және көп нәрсені үйретті.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.