facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
t-rl-zhasta-y-astana-yelder-nen-alaydy
logo
Түрлі жастағы Астана әйелдері нені қалайды?
Өмір сүру стилі

08.03.2017

Түрлі жастағы Астана әйелдері нені қалайды?

8 Наурыз мерекесі біз түрлі жастағы қыз-келіншектер, әйелдерден үш сұрақтан тұратын сауалнама алған едік:

1. Сізді не қуантады?

2. 8 Наурыз мейрамына сыйлыққа не алғыңыз келеді?

3. Сізді ерлер қауымы тек 8 Наурызда ғана емес, жай күндері де немен қуаната алады?

Бұл мақаланы оқыған ер азаматтар кейбір нәрселерді көкейге түйіп, түрлі жастағы әйелдің психологиясын жақсырақ түсінетін болатын шығар.


1.jpg


Ульяна Юкало, 8 жаста, мектеп оқушысы


1. Мені ыдыс жумай, планшетпен отырған, ойнаған кездерім қуантады. Мен көктемді қатты жақсы көремін, себебі менің туған күнім — 5 мамыр. Бірақ тек сол үшін ғана емес, күн жылынып, ата-анамның жұмысы азаятыны үшін де ұнатамын.


2. 8 наурызда ұлдар сыйлық сыйлауы тиіс. Олар қыздарды солып қалатын болса да, гүлмен қуантулары керек, бәрібір гүлді жақсы көремін. Әкемнен, ағамнан, атамнан гүлдер, кәмпиттер мен тәттілер алғым келеді.

Әжеме барғанда, атам жұмыс істетіп қояды, алайда 8 наурызда барғанда ол: «Отыр, мен бөлке нан алып келейін, сосын менің газеліммен бір жерге барып келейік», - дейді. Сонысын қатты ұнатамын.


3. Әкем мен анам мені тәтті тағаммен тамақтандырып, бірдеңелер сатып алып беріп қуантады. Мысалы, тәттілер. Мен балмұздақ, шоколад, кәмпит, мармелад, ойыншықтарды қатты жақсы көремін.




2.jpg


Дарья Юкало, 12 жаста, бесінші сынып оқушысы


1. Мен жазда отбасыммен серуендей алатыныма, олардың жұмыста емес, жанымда болатынына қуанамын. Жазда күн жылы, суға түсуге, атам мен әжеме баруға, оларға көмектесіп, тәттілер жеп, достарыммен серуендеп демалуға болады. Ал көктем мені жаздың жақын қалғаны үшін, бәрі жақсы болып, нағыз демалыс болатыны үшін қуантады.


2. Сегізінші наурыз маған бізді құттықтап, сыйлық беріп, ыдыс жумай, үй жинамай, біз үшін бәрін ұлдар істейтіндігімен ұнайды. Әкелер үй жинап, тамақ дайындайды, бізбен қыдырады. Біздің отбасымыздағы жалғыз ер адам — әкем, оның жолы болды, менің анам мен екі сіңілім бар, сондықтан көп сыйлық қажет.

Сыныптастар бізге көмектеседі, ал қыздар демалады. Ұлдар біздің сөмкемізді ұстайды — бұл жақсы, біз үшін орындықтарды көтереді, оқулықтарды тасып, сабаққа көмектеседі.


3.Бастысы, әрқашан деніміз сау болып, көбірк көрісіп, бізді барлығы жақсы болсын. Ал, негізінде, мен жұмсақ аюларды жақсы көремін. Сыйлыққа гүл алғанды ұнатамын, бірақ олар солып қалғанда көңілім түсіп кетеді. Мен ешқашан солмайтын гүл алғым келеді.




3.jpg


Томирис Бижанова, 15 жаста, балет әртісі


1. Мені күннің батқаны, таңның атқаны, күн мен көктем қуантады. Сол көктемде 8 наурызда ерлер өз әйелдерін, өмірлік серіктерін қуантады.


2. Ықылас, сыйлықтар. Материалдық нәрселерден басқа, қолдау мен назар, жаныңда болу маңызды.


3. Маған ерлердің біздерді тек 8 наурызда ғана ойлайтындары ұнамайды. Ерлер тек бұл күні емес, күн сайын қуантып тұрғанын қалаймын. Ақылды, дана және шын жақсы көретін ерлер әйелдерді әрдайым қуантады, таңертеңнен кешке дейін — бұл өте дұрыс,ал әйелдер, өз кезегінде, жылулық сыйлайды. Сені ұмытып кетпегенін білдіретін қоңыраулар да қуантады. Қыз бала өзінің қажет екенін сезінгісі келеді.




4.jpg


Карина Батурова, 20 жаста, «Хореография педагогикасы» мамандығының студенті


1. Егер аспан әдемі болып тұрса, мен оған талмастан қарай берер едім. Менің жатақханадағы бөлмемнің терезесінен кешкі сағат 5-те әдемі көріністі тамашалауға болады, сабақтан келіп, күннің батқанына қарасам, менің бөлмемді қызыл арайға бөлегені, күн сәулесінің өзгеше түскені қуантады.

Мен табиғатты сүйемін, судың жанында сағаттар бойы отырып, оған қарап отыра беремін, маған ойланған ұнайды, теңіз немесе мұхиттың жанында сағаттап отыра беруге бармын.

Мен адамдармен сөйлескенді ұнатамын, бұл мені қуантады. Маған позитивті, жеңіл адамдар ұнайды, олардан түрлі эмоциялар аласың, олардан ішкі жарық тарайды.


2. Бәрінен бұрын, назарда болу. Егер адамдар ұзақ уақыт кездесіп жүрсе, әрбір қыз өзінің романтикалық қиялында белгілі бір мерекеде салмақты нәрсе, салмақты іс болады деп күтеді.


3. Адал, сенімді және адамгершілігі мол болу керек. Мен әкемнің қызымын, мен үшін әкемнің көзқарасы маңызды, себебі ол өміріміздегі ең жақын ер адам. Маған жай гүл шоғының өзі жанға жылулық сыйлайтындай көрінеді, үлкен нәрсе болуы міндетті емес.




5.JPG


Зере Төлегенова, 25 жаста, музыкант, Хореография Академиясында пианиношы


1. Мені адамдар арасындағы барлық игі, кермет, жақсы қарым-қатынастар қуантады.

Мен шығармашылық адамы болғандықтан, шығармашылық, өнермен байланысты, эстетикалық нәрселер қуантады, мысалы жақсы балет немесе жақсы опера, жақсы әуен, фильмдер.


2. Мен ер адамның өзіме деген қарым-қатынасын, көзқарасын көру үшін ерекше нәрсе күтемін. Ер азамат тым болмаса, бірдеңені шығарып, көрсетіп, назарының белгісін көрсетуі тиіс.


3. Жеке өз басым ер адам тырысып, қиялын іске қосуы керек деп ойлаймын. Назардан тыс қалдыруға болмайды, бұл жаман аяқталады. Қыз үндемеуі мүмкін, алайда қорытынды жасайды.

Материалдық емес, жағымды нәрсені сыйлап та қуантуға болады, мысалы бірдеңе дайындау. Бірақ, қыздарға материалдық, көз қуантарлық заттар ұнайды, мысалы, гүлдер — міндетті түрде. Мен көптеген әйелдің атынан жауап беріп отырған секілдімін. Ер азамат өзін материалдық тұрғыда көрсеткенін қалаймын, бұның мәні материалдық нәрседе емес, оның қарым-қатынасында, көзқарасында. Егер ер адам қандай да бір бағалы зат сыйласа, сол арқылы сенің кереметтілігіңді көрсетеді. Ал егер ол тек гүл сыйласа, бір раушан гүлін берсе, онда оның еш тырыспағаны, және бұл әйелді қуанта алмайды.




6.jpg


Амина Белгібаева, 29 жаста, Хореография Академиясының балеттанушы


1. Мен өнерді, әуен, әдебиетті, театрды шексіз сүйемін. Мені өмірдің өзі қуантады. Мені жүзіңе күлкі үйіретін айналадағылар қуантады, ал күлкіні тек күлімдеген жандар ғана сыйлай алады. Мені табиғат, күн, жаңбыр қуантады. Бақытыма орай, мен мұндай нәрселерді байқай аламын.


2. Бірінші кезекте, бұл көктем мерекесі, көктемнің басы. Бұл әйелдерді құттықтау үшін, аналарымызға оларды қалай жақсы көретінімізді айтуға тағы бір себеп. Жылы сөздер айтып, күлімдеп, тек жақсылық тілесек, жетіп жатыр.


3. Мені таңғалдырғанды ұнатамын, еш себепсіз жасалған нәрсені жақсы көремін. Мысалы, қолмен жазылған хаттар, ол хабарлама сияқты емес, оны өзіңде сақтап, оқуға болады. Маған гүлдер ұнайды, гүлді барлық қыз жақсы көреді — бұл нәзіктік пен әдеміліктің символы.

Ешкім ешкімге ештеңе беруге міндетті емес, ал егер ер-азамат өзі сізге үлкен сыйлық сыйлық жасағысы келсе, онда ол жақсы көргендіктен істейді.




7.jpg


Джамиля Досмагамбетова, 44 жаста, оқу-тәрбие жұмыстары бойынша проректор


1. Ұсақ-түйек заттар, жарқыраған күн, құстардың әні қуантады. Жалпы, балалардың жетістіктері, жақындарымның амандығы қуантады.


2. Ерлер бұл мерекеге ұзақ дайындалады, біреулер жоспар құрады, біреулер үлкен бірдеңе жасауға ақша жинайды, бізге, әйелдерге, бұл ұнайды, алайда бұл тек жылына бір рет болмаса ғой. Және 8 наурыз күні оянғанда жастығымда сарғалдақтар жатады. Бұл дәстүрге айналған, көп жылдан бері жалғасып келеді және биыл да күтемін.

Сыйлықтың мәні болуы қажет. Ер адам өз анасының, әйелінің немесе ұнататын қызының талғамын білуі керек.


3. Әйелдерге аса қамқорлық танытып, аялағандарын қалаймын. Кейде қалалық жұмыстың қарбаласында біздің нәзік жанды екеніміз ұмытылып кетеді. Ал кейде жол полициясының қызметкері тоқтатқанда, терезені қорқынышпен ашып, нені бұздым деп ойлап тұрасың, сонда саған жай ғана: «Құлпырып тұрсыз, жолыңыз болсын», - дейтін кездер де болады.




8.jpg


Жанна Талысбаева, 48 жаста, филология ғылымдарының докторы, әдебиеттенушы


1. Мен үшін соңғы кездері өзімді өзім қуантып жүргенімнің өзі жеңіс. Менің күннің батуы мен таңның атуын көре алатыныма ризамын. Мен бір кездері мұны бала күнімде істей алатынмын. Сосын мұны көруді доғарып, соңында, қазір өзімді бала сезініп, әр таңға қуанамын.

Мені аналық сезім қуантады, менің ата-бабам, шығармашылық жұмысым қуантады. Немен айналысқанды қалайтының маңызды.


2. 8 наурызда да, 9 наурызда да бір нәрсені — жақын жандардың шынайы махаббатын сезінуді қалаймын. Егер 8 наурызға гүл алғым келеді десем, өтірік болады. Себебі, мен гүлге қашанда қуана аламын. Мен үшін бұл өзгелерді құттықтайтын күн.


3. Мен зор шынайылықты қалар едім. Адамға деген қарым-қатынас адамның өзіне байланысты.




9.jpg


Баян Ахметжанова, 61 жаста, «Ардагер» ҚБ президенті


1. Елімде бейбітшілік болғанын қалаймын. Мен ұйықтап кетуден де, оянудан да қорықпаймын, ал бұл өте маңызды. Мені өз жетістіктерім мен жақындарымның жеткен белесі қуантады.


2. Сұрақтың бағасы қандай деп сұрағым келеді? Егер бұл маңызды емес әрі армандауға болатын болса, онда мен сыйлыққа автокөлік, жолдама, сүйікті әншімнің концертіне билет, өз клубымның қызметін жүргізуге арналған орын. Руханиларынан — достармен кездесу және романс кеші.


3. Ер-азаматтардан олардың әрқашан жақындары мен достарын қуанта алатындай мүмкіндігі болғанын, азаматтығынан айнымағанын қалаймыз, егер қысқаша айтсақ, ерлер АЗАМАТ болыңдар.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.