Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit, sed do eiusmod tempor incididunt ut labore et dolore magna aliqua. Ut enim ad minim veniam, quis nostrud exercitation ullamco laboris nisi ut aliquip ex ea commodo consequat.

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
t-nde-k-re-ber-ste-k-rsh-ler-shulap-temek-shekse-nemese-y-zd-su-basyp-ketse-ne-steu-kerek

Түнде кіре берісте көршілер шулап, темекі шексе немесе үйіңізді су басып кетсе не істеу керек
3920

10.07.2017

Түнде кіре берісте көршілер шулап, темекі шексе немесе үйіңізді су басып кетсе не істеу керек


ЕГЕР КӨРШІЛЕР ТҮНГІ УАҚЫТТА ШУЛАСА



23:00-ден таңғы сағат 6-ға дейін пәтер жөндеу, көңілді отырыстар, қатты әуен, мазасыз үй жануарлары — Әкімшілік кодекс бабының бұзылуы.


Жек тұлғалар үшін түнгі уақытта тыныштықты бұзғаны үшін салынатын айыппұл — 5 АЕК, кіші кәсіпкерлік немесе коммерциялық емес ұйымдардың субъектілері үшін — 10 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілері үшін — 15 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін — 50 АЕК.


Егер осы жағдайлардың біріне тап болсаңыз, ең алдымен, өз ескертуіңізді ауызша түрде айтыңыз, мысалы, келесі жұмыс күніне дейін жөндеу жұмыстарын тоқтата тұруды өтініңіз. Егер ауызша өтініштен соң шу басылмаса, онда қалалық нөмірден 102 нөміріне, мобильді нөмірден 112-ге хабарласып, учаскелік инспекторды шақыруыңызға болады. Ол осындай істерді қарап, ҚР ішкі істер органдары атынан айыппұл салуға құқылы.



ЕГЕР КӨРШІЛЕР БАСПАЛДАҚ АЛАҢЫНДА ТЕМЕКІ ШЕКСЕ



Темекі шеккен кезде темекі түтінінен бөлінетін зиянды заттардың 25 %-ы жанып кетеді, 25 %-ын шылым шегуші жұтады, 50 %-ы бөлме ауасын ластайды.


Үй кіре берістерінде, мектептерде, университеттерде, колледждерде, ауруханаларда, кинотеатрларда, театрларда, цирктерде, концерт, қарау және көрме залдарында, спорттық ареналарда, бұқаралық демалыс орындарында — түнгі клубтарда, би кештерінде, музейлерде, кітапханалар мен дәрісханаларда, кіре берістерде, автобус, микроавтобустар салонында, әуежай, вокзал, мемлекеттік органдар ғимараттарында, жұмыс орындары болып табылатын бөлмелерде темекі шегуге тыйым салынады.


Айыппұл — 3 АЕК. Бір жыл ішінде қайта бұзылатын болса — 6 АЕК. Егер сіз бұл құқық бұзушылықтың куәгері болсаңыз, онда жергілікті полиция бөлімшесіндегі уческелік инспекторға барып арыз жаза аласыз.



КӨРШІЛЕРДІҢ КЕСІРІНЕН ҮЙІҢІЗДІ СУ БАССА


Алдымен, келтірілген зиянды қағазға жазу керек. Су басу туралы акт құратын бағалау компаниясының қызметкерін шақыра аласыз. Бұл өз мүлкіңізді қалпына келтірудің маңызды кезеңі болып табылады. Кейін бұл құжатпен сотқа шағымдана аласыз.


Алайда, егер көршіңіз келтірілген залалдың оның кінәсінен болмағанын дәлелдесе, онда ол шығынды өтеуден босатылады. Сәйкесінше, сізге өз қайғыңыздың негізгі себебін іздеп, кінәліден өтемін сұрауға тура келеді.



ЕГЕР КӨРШІЛЕР ПӘТЕРДІ ЖАЛҒА БЕРСЕ



Заң бойынша пәтер иесі оны жалға беруге құқылы. Заңнама бұл үшін одан жеке кәсіпкер ретінде тіркелуді және пайда салығын төлеуді талап етеді.


Егер көршілеріңіз пәтерді заңсыз жалға берсе, онда салық инспекциясына хабарлауыңызға болады. Салық салынатын нысандарды жасырғаны үшін олар салық көлемінің 150 %-ын төлейді.


Егер пәтерді жалға алушылар мазаңызды алса, полицияға арыз жазуыңызға болады.


Дереккөз