facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
stambulda-y-aza-tar-zhazira-zhapar-t-rkiya-el-nde-o-yp-t-r-k-serialyna-t-sken-zhayynda
logo
Стамбулдағы қазақтар. Жазира Жапар Түркия елінде оқып, түрік сериалына түскені жайында

22.01.2019

Стамбулдағы қазақтар. Жазира Жапар Түркия елінде оқып, түрік сериалына түскені жайында

Жазира Жапар, 24 жаста, туған қаласы — Семей, студент

WhatsApp Image 2019-01-08 at 22.51.40.jpeg


Астана — Стамбул


Мен Семей қаласында тудым, бірақ Павлодар қаласында «Жас Дарын» мамандандырылған мектепті бітірдім. Мектепті аяқтағасын, мен құрдастарым сияқты Астанадағы университетке түсуді шештім. Осылайша елордада төрт жыл тұрдым.

Бакалавритатты бітіргесін мен шетелде оқуды қаладым. Барлық сайттар мен платформалардан әртүрлі гранттар мен шәкіртақылар іздедім. Türkiye bursları-ға кезіктім. Бағдарламаны толықтай зерттей бастадым, «ВКонтакте» желісінде осы бағдарлама бойынша оқығысы келетін басқа балалармен таныстым. Біз дайындалдық, барлық нысандарды толтырдық, бірақ өткен жоқпыз. Көңіліміз түсті, бірақ бұл істі жай қалдырғымыз келмеді.

WhatsApp Image 2019-01-08 at 22.53.36.jpeg

Біз гранттар мен шәкіртақыларды қайтадан іздей бастадық. 2016 жылдың жазында біз құрбым екеуміз гранттарға ие болдық. Ол Қаржы университетіне түсті, ал мен Мармар университетінің экономика факультетіне түстім.


Алғашқы әсер мен қиындықтар жайында


Жаңа елде егер сенің жаныңда ниеттес адамдарың болса, бейімделу қиын емес. Егер үлкен мақсаттарың мен ниетің болса, барлығына тез үйренуге болады деп ойлаймын. Тілдің өзі де ақырындап игеріледі. Қазақстандағы таныстарымның көбісі түрік тілін түрік сериалдардың арқасында үйреніп алды. Ал осында тәжірибе бірнеше есе артық.

WhatsApp Image 2019-01-08 at 22.49.42.jpeg

Шындығына келсек, Түркия еліне көшіп барайын деп жатқан кезде, көп нәрсе күтпегеніңіз жөн Себебі сіз осында әлі тұрып көрген жоқсыз, сіз бұл елді әлі сезіне алған жоқсыз. Көп үмітпен келетін адамдар, тез түңіліп, кері қайтады.


Стамбулдағы өмір жайында


Стамбулға келген кезде, бұл түрік сериалдарда көрсететін қала емес екенін түсінесің. Сен шынайлылыққа, тұрмыстық өмірге тап боласың. Дегенмен мен өзім бір түрік сериалына түскен болатынмын. Ол «Әйел тағдыры» деп аталады. Мен кәріс бала бағушы рөлін сомдадым. Түркия еліндегі танымал актерлар мен актрисалармен жұмыс істедім. Олардың қаншалықты қарапайым адамдар екеніне таң қалдым.

Менің ойымша, бұл жердегі өмір Астанадағы өмір сияқты, тек тілі мен менталдылығында ерекшелік бар. Астанадан кейін маған жергілікті ауа райы ұнады. Бұл менің нәтижелілігіме ықпал ететін басты факторлардың бірі.

WhatsApp Image 2019-01-08 at 22.53.36 (1).jpeg


Түркия еліндегі білім жайында


Жалпы Түркия елі мен Қазақстанның білім және оқыту жүйелері ұқсас. Бірақ Түркияда оқыту процесі толықтай автоматтандырылған. Мысалы, университет аумағына кіру үшін, кітапханадан кітап алу үшін барлық студенттерде арнайы карта бар, оған қоса оны несие картасы ретінде пайдалануға болады және ауырып қалсақ, бұл карта арқылы тегін тексеруден өтуге болады.

Білімнің тағы бір артықшылығы – дербестік. Студенттерге еркіндік беріледі және біз өзімізге ұнайтын нәрселерді таңдай аламыз. Осы уақыт аралығында мен көп нәрселерге үйрендім. Қазірде мен өзімнің магистрлік жұмысымды жазып жатырмын.


Қала қандай нәрселерге үйреткені жайында


WhatsApp Image 2019-01-08 at 22.51.39.jpeg

Мен үшін басқа елде өмір сүру – бұл үлкен өмірлік тәжірибе. Мен өздігінше әрекет етуге және жауапты болуға үйрендім. Тағы бір тіл мен мәдениетті үйрене алдым және осымен тоқтағым келмейді. Мен одан сайын жетілгім келеді және өзім үшін жаңа нәрселерді білгім келеді. Мен өзімді табысқа жеткізе алатын істе тапқым келеді. Сонымен қатар мен Қазақстанды мақтан тұтып, адамдарға елім жайлы айтуды, еліміздің лайықты азаматы болуды қалаймын.


Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.