facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
shymkentteg-k-s-pker-zheke-mensh-k-ona-yler-zh-ne-aza-standa-y-e-lken-akvapark-turaly
logo
Шымкенттегі кәсіпкер жеке меншік қонақ үйлері және Қазақстандағы ең үлкен аквапарк туралы

07.07.2018

Шымкенттегі кәсіпкер жеке меншік қонақ үйлері және Қазақстандағы ең үлкен аквапарк туралы

Чингиз Абдиев, 48 жаста, туған жері — Шымкент, кәсіпкер

49d26f33d4dc64aa5d42315f4400c2b7.jpg


Барлығы қалай басталғаны туралы



Бизнеспен 1992-1993 жылдардан бастап айналыса бастадым. Ең бірінші айналысқан ісім көліктерді айдау болды. Біз Ресейден көліктерді әкеліп, саттық. Шамамен 1995-1996 жылдары саудамен айналысуды тоқтатып, астық бизнесіне назар аудардым. 1996 жылы Қостанай облысында ұнмен айналыса бастадым. Оны сатып алып, майдалап, ары қарай іске қостық. Уақыт өте келе ауыл шаруышылығында пайдаланылатын жанар-жағармай материалдарын сата бастадық.

1996 жылы алғаш рет диірмен салуға шешім қабылдадық. Осыдан барлық комбинаттардың құрылысы басталды. Бүгінгі таңда «Пионер» компаниясы біз жұмыс істеп жатқан бренд, ол даму үстінде, Қостанайда және Шымкентте бар. Біз 400 тоннаға жуық астықты өндіреміз. Сонымен қатар, Шымкентте піспенанның 20 түрін шығаратын кондитерлік фабрика аштым.

Біз 400 тоннаға жуық астықты өндіреміз


Бизнес кеңейіп келеді және түрлі салаларды меңгеріп жатырмыз. Бізде бөлмеаралық есіктер шығаратын фабрика бар. Жылына шамамен 100 мыңға жуық есік жасаймыз. Ол да Шымкентте орналасқан.

Кейінірек Астанада құрылыспен айналыстық. Өз нысанымызды сәтті іске асырып жатырмыз.



Қонақ үй бизнесі туралы



Соңғы үш жылда қонақ үй және мейрамхана бизнестеріне қызығушылық танытып жүрмін.

32638561_870595736473698_3087740048808869888_n.jpg

Күн сайын «Шымкент» қонақ үйінің жанынан өткен кезде оны біреу сатып, қалпына келтірсе жақсы болар еді деп ойлайтынмын. Ғимарат қала орталығында, көрікті жерде орналасқан. Сату жайлы ұсыныс пайда болған кезде мен бірден оны сатып алып, ішіне жөндеу жұмыстарын жүргіздім. Қонақ үй саласында жұмыс істеу ниетінен бөлек патриотизм сезімі маған мотивация болды.

Жаңартылған қонақ үй жаңа топпен бірге жұмысын бастаған кезде сұраныс пайда болды. Түрлі сатыдағы орындар мен бөлмелер көбірек қажет екенін түсіндік. Біз соңына дейін салынбаған Holiday Inn қонақ үйін сатып алып, оның орнында жаңа қонақ үй салдық. Осылайша Aidana Plaza желісінің Шымкенттегі ең бірінші қонақ үйін салдық.

Қостанайда да қонақ үйім болды, бірақ үлкен емес. Ол да Aidana Plaza желісінің бөлігі болды. Қазір біз желінің дамуын іске асырып жатырмыз, Өзбекстанға дейін таратып, Самарқандта және Ташкентте де қонақ үйлер салғымыз келеді. Қалалар жақын орналасқан әрі жер учаскелері де қымбат емес. Сондай-ақ біз AlmaTau тау курортын салдық.



Мемлекеттегі ең үлкен аквапарк туралы



Шымкент ыстық аймақ. Жылдың 120-дан астам күнінде ауа температурасы 30 градустан жоғары болып тұрады. Облысымызда заманауи аквапарк болған жоқ, кейін біз жабдықталу мен көлемі жағынан шетелдік курорттардың аквапарктарынан кем болмайтын ең үлкен аквапарк салуды шештік.

33687910_445208032595279_2856555492707139584_n.jpg

Біз Еуропаға жабдықтар тасымалдайтын Түркиялық компаниямен жұмыс жасадық. Оның ұсыныстары сапа және діл жағынан Испания мен Қытайға қарағанда бізге көбірек сәйкес келді.

Биіктігі 23 метрді құрайтын Қазақстандағы ең үлкен төбешік салдық. Барлығы аквапарк аумағында 8 төбешік болады. Бізде балаларға арналған алаңды, толқынды бассейн және қорап-төбешікті таба аласыз. Жаңартып, төбешіктердің түрін ойын-сауық нысандарын көбейтуді жоспарлап жатырмыз. Аквапарк бір уақытта 2000 қонақты қабылдай алады. Біз құрылыс және өңдеу жұмыстарын аяқтадық, енді ашылуға дайындалып жатырмыз. Аквапарк Fontan деп аталады, бұл барлығы балалық кезде шомылған фонтанның құрметіне қойылған. Кеңес уақытында бұл жерде «Палуба» атты мейрамхана болды, ол Шымкенттегі ең атақты жер аталып, бірден 1500 адамды жинайтын. Аквапарк 17 маусымнан ашылады, ал дүйсенбіден ол қалыпты жағдайда жұмыс істейді.

Биіктігі 23 метрді құрайтын Қазақстандағы ең үлкен төбешік салдық



Жұмысшылар туралы



32148052_2021085531477543_6297565788547055616_n.jpg


«Сіздің қонақ үйіңізге басшылық етейік» деген көптеген шетелден ұсыныстар келіп жатты. Менің ойымша, Қазақстанда бұл өзіміздің де қолымыздан келеді. Менің жұмысшыларым бұл саланы меңгеріп, жұмыс істеді. Біз еңбек шаттары мен төлемі туралы келісіп, ортақ шешімге келдік, сол кезде барлығы өздігінен іске аса бастады. Қазақстанда креативті, жас балалар өте көп, жай ғана оларды тауып, жақсы көзқараспен қарап, қолдау қажет. Қазір олар команда ретінде көп жұмыс атқарып, жаңа адамдарды үйретіп жатыр.



Бизнестегі қағидалар туралы



Жылдар ішінде мен меңгерген бизнес ережелерін ұстанып жүрмін. Іс жүргізу кезіндегі ең басты нәрсе — бұл адалдық: әріптестер мен жұмысшыларға деген адалдық, түсіністік. Көптеген бизнесмендер бизнес жоспарын құрып, инвестициямен айналысатындарын білемін. Ал менде бұл өздігінен шығады және жобамен айналысып жатқан кезде аяғында қажетті соманы саламын. Адамдармен жақсы жұмыс пен адами қатынас — сәттілікке апарар жол.

Іс жүргізу кезіндегі ең басты нәрсе — бұл адалдық


Бизнес — бес күн жұмыс істеп, екі күн демалатын жағдай болмайтын машина. Барлығы тәулік бойы, үзіліссіз жұмыс істейді, сен де дәл солай, себебі бұл жұмысқа деген мұқият әрі жеке қатынас.



Жоспарлар туралы



Болашақта қонақ үй бизнестерімен айналысуды жалғастыратын шығармын, себебі Ресей қалаларына да көңіл аудара бастадым. Әсіресе Мәскеу, себебі біздің тәсіл арқылы қаладағы қонақ үйлермен бәсекелесе аламыз деп ойлаймын.Сонымен қатар, бізге Казань қаласына келуге ұсыныс жасады, ол жерде бізге тегін жер учаскесін беріледі және Аіdana Plaza қонақ үйін саламыз. Тағы Еуропадан да ұсыныс келді, ол саланы әлі зерттейміз. Мен қонақ үйлерді жоғары деңгейге көтеруге тырысамын. Әрине, тәуекел бар, бірақ олармен жұмыс істеуге болады. Сондай-ақ Ресейдің ірі қалаларында қазақ мейрамханаларын ашуға болады деп ойлаймын, себебі ондайлар әлі жоқ.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.