facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
shetelden-zh-mys-tabu-a-m-mk-nd-k-beret-n-3-ba-darlama
logo
Шетелден жұмыс табуға мүмкіндік беретін 3 бағдарлама
Мамандықтар

01.05.2017

Шетелден жұмыс табуға мүмкіндік беретін 3 бағдарлама

БАӘ-де бармен, Қытайда ағылшын тілінің оқытушысы немесе АҚШ-та программист. БІЗ шетелден жұмыс табуға мүмкіндік беретін үш бағдарламаны таптық.


«БАӘ-дегі жұмыс»


БАӘ-де қонақ үй және мейрамхана индустриясы дамыған, сондықтан бұл жерде жұмыс істей жүріп сіз Қазақстанда, басқа да елдерде пайдаға асатын тәжірибе жинайсыз. Жұмыс шарты аяқаталғанда сізге халықаралық үлгідегі ұсыным хаттар мен сертификаттар беріледі.


Көп таралған бос жұмыс орындары:


— даяшы

— бармен

— сатушы-кеңесші

— мейрамханада супервайзер

— әкімші

— хостес

— фитнес нұсқаушысы.


Үміткерлерге қойылатын талаптар:


— 20 жастан 29 жасқа дейін

— ағылшын тілінде сөйлесе алу

— араласа білу мен топта жұмыс істей алу

— 6 айдан кем емес мерзімге шетелге шығу төлқұжаты болу

— БАӘ-де бір жылдан кем емес мерзімге жұмыс істеуге тілегі мен мүмкіндігінің болуы

— тәжірибесінің болғаны жөн.


Жұмыс берушінің есебінен:


— ұзартуға болатын үш жылдық виза

— жұмыс орнына дейін тегін ұшып келу

— тұру, жұмыс орнына бару мен үш мезгіл тамақтандыру

— униформа мен униформаны химиялық тазалау

— толық медициналық сақтандыру

— жыл сайынғы төленетін еңбек демалысы

— тренинг пен карьерлік өсу мүмкіндігі

— БАӘ-не тұратын қаласынан тегін ұшып келу және бару (екі жыл жұмыстан кейін).


Бағдарлама сайты: workabroad.kz


Байланыс телефоны: 8 778 437 96 38, 787 496



«Қытайдағы жұмыс»


Бұл бағдарлама жеке және мемлекеттік мектептерде ағылшын тілінің мұғалімі жұмысын ұсынады. Бл мамандық Қытайда үлкен сұранысқа ие, сондықтан дәл осы салаға көп қаржы бөлінеді.


Бағдарламаға қатысу мерзімі: 3 айдан 12 айға дейін


Жалақысы: сұқбаттасу нәтижесі бойынша


Үміткерлерге қойылатын талаптар:


— түйіндеме мен фотосуреттің болуы

— 25 жастан 33 жасқа дейін

— ағылшын тілінің жақсы деңгейі

— сотталмағаны туралы анықтама

— медициналық анықтама.


Жұмыс берушінің есебінен:


— әуежайда қарсылап алу

— орын бойынша бағдар көрсету

— медициналық сақтандыру

— визаны ұзарту

— баспана іздеуге көмектесу.


Бағдарлама сайты: workabroad.kz


Байланыс телефоны: 8 778 437 96 38, 787 496



«АҚШ-тағы жұмыс»


Бағдарлама АҚШ-тағы жұмысқа тек ресми рәсімдемеп қоймайды, сонымен қатар виза, тұру түрін рәсімдеуге және баспана іздеуге көмектеседі.


Бағдарламаға қатысу үшін қажет құжаттар:


— түйіндеме

— төлқұжат сканы

— мекен-жай анықтамасының сканы

— америкалық визаға электронды түрдегі фотосурет. Фотосуретке қойылатын талаптарды мына жерден көруге болады.

— бұрынғы виза жасауға берілген өтініштер саны мен мерзімдері.

— жұмыс орнынан анықтама

— күйеуі немесе әйелінің жоғарыда атап өтілген құжаттарының сканы.


Қолжетімді бос жұмыс орындары:


— хатшылар

— көлік жүргізушілері

— программисттер

— құрылысшылар

— медқызметкерлер

— бала күтуші мен репетиторлар

— қызмет көрсету саласының жұмысшылары.


Бағдарлама құнына не кіреді:


— бірге алып жүру

— құжаттарды ұйымдастыру

— Елшілікпен және жұмыс берушілермен сұқбаттасуға дайындық

— бос жұмыс орындарын іздеу.


Бағдарлама сайты: usakz.com


Байланыс телефоны: 8 701 666 05 36, 214 305

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.