facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
shetelde-teg-n-b-l-m-al-ysykelet-nderge-7-paydaly-s-ltemeler
logo
Шетелде тегін білім алғысыкелетіндерге 7 пайдалы сілтемелер

15.08.2017

Шетелде тегін білім алғысыкелетіндерге 7 пайдалы сілтемелер

«Білім — Центральная Азия» білім беру орталығының сайты, ол дүниежүзінің жетекші университеттеріндегі шәкіртақысы бар магистрлік және докторлық (PhD) бағдарламаларды ұсынады. Сонымен қатар, Орталықта шетелде білім алу мәселелері бойынша кәсіби кеңес алып, біліктілікті жетілдіру курстарын оқуға болады. Орталық кітаптар шығарумен, кеңестер өткізумен және білім жәрмеңкесін ұйымдастырумен айналысады.



Facebook-тегі Scholarships & Fellowships for Eastern European and Central Asian Students тобының мақсаты гранттарды ұсынатын университеттер мен ұйымдардың абитуриенттері мен студенттері арасындағы ақпарат алмасу болып табылады. Орталық Азия мен ШығысЕуропа тұрғындарына арналған гранттар туралы барлық қажетті ақпараттар топтың парақшасында орналастырылған.



Facebook-тегі International student exchange, internship, scholarship programsтобы шетелде білім алуды немесе жұмыс істеуді ұсынатын тәжірибе алмасу бағдарламалары қызықтыратын абитуриенттерді, студенттер мен бітірушілерді біріктіреді. Қатысушы парақшасындағы хабарлама астында жазылған пікірлерде қатысушылар қандай бағдарламаны таңдап, қай елге бару керектігін айтып береді. Бұдан басқа, барлық қатысушылар өздерінің тәжірибелерін айтып, суреттер мен бейнелер жүктеп, жаңа достар мен ниеттес адамдар табады.



«Конференциялар, семинарлар, гранттар, бизнес идеялар» — қысқа мерзімді шәкіртақылы мүмкіндіктер жөніндегі топ. Топ модераторлары жер шарының әр түрлі нүктелерінде өткізілетін конференциялар, форумдар, семинарлар туралы ақпаратты үнемі жаңартып отырады, содан кейін осы іс-шаралардың қатысушылары алған әсерлерімен бір-бірімен бөліседі.



2007 жылдан бастап жұмыс істеп келе жатқан scholarship-positions.com сайтында барлық шәкіртақылы бағдарламалар жиналған. Дүниежүзіне танымал үздік университеттердегі шәкіртақылар, қаржылық көмек пен тегін білім туралы ақпараттар ұсынылған. Ең бастысы — қысқа мерзім ішінде абитуриенттің келісті бағдарламаны таңдауына көмектесу.



ҚР Білім министрлігінің сайтында бакалавриат пен магистратура бағдарламалары бойынша серіктес-мемлекеттерде тегін білім алуға өткізілетін байқаулар орналастырылған тарау бар. Өткізілген байқаудың қорытындысы бойынша түскен абитуриенттердің тізімі орналастырылады. Сондай-ақ, әр түрлі университеттердегі грант орындары, жазғы мектептерді өткізу мен өзге де іс-шаралар туралы хабарландырулар жарияланады.



Жапониядағы Елшілік өз сайтында Жапондық Қор бағдарламасы бойынша студенттерді қабылдау туралы толық ақпарат ұсынады. Шәкіртақылық бағдарламалардың, «Студент» бағдарламасы, «Стажер» бағдарламасы, «Техникалық колледждің студенті» бағдарламасы, университеттердің толық тізімі жарияланған, сонымен қатар абитуриент пен студенттер өздерін қызықтыратын барлық сұрақтарға жауап ала алатын сайтқа сілтеме де бар.



Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.