Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit, sed do eiusmod tempor incididunt ut labore et dolore magna aliqua. Ut enim ad minim veniam, quis nostrud exercitation ullamco laboris nisi ut aliquip ex ea commodo consequat.

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
shetelde-7-zhyldan-asa-t-r-an-aza-standy-tar

Шетелде 7 жылдан аса тұрған қазақстандықтар
1969

22.09.2017

Шетелде 7 жылдан аса тұрған қазақстандықтар

Наталья Болатова, 39 жас, туған қаласы — Қарағанды, Blue Link Service

Тұратын елі: Чехия, Прага


Осы жаққа магистратураға түсу мақсатымен 2010 жылдың тамызында көштім. Басында мен ненің қайда орналасқанын қарап шығу мақсатымен турист тәрізді келдім, сонымен қоса біржола магистратураға емтихандарымды тапсырып,оқуыма түсіп, Қазақстанға қайта оралдым.


наталья (1).jpeg


Менің мамандығым — ағылыш тілі мұғалімі, бірақ магистратураға мен өз мамандығым бойынша емес, «Халықаралық қатынастар» мамандығына түстім. Менің ұл балам сол кезде менің анаммен бірге Қазақстанда тұрды, сол себептен маған қосымша ақша қажет болды. Дәл сол кезде мен өз дипломымды нострификацияға тапсырдым, растауы Брно қаласындағы Масариков университетінде. Сол жерде дипломымды тексеріп, бір айдын ішінде маған нострификацияны жіберді,дәл сол жерде менің дипломымды үш мамандық бойынша растады және магистр деңгейіне иелендірді. Бұл жағдай менің магистратурада оқуымды қажетсіз қылды.


Әрі қарай мен жұмыс істеуге шештім. Еуропада қандай болса да,жұмысқа орналасу үшін сен өзінен бірдене шығара алтынынды көрсету керек. Басында мен 12-14 сағат бойы жұмыс істедім,сонда да үмітімді тастамадым,үздіксіз түрлі сайттарға хабарландырулар беріп жүрдім.Жоғары оқу орнына түсуге дайындық кезінде Ресейден,Қазақстаннан, Украинадан, Белорусиядан келген студенттермен жұмыс істедім. Ақырындап мен ресепшенде жұмыс таптым, басында бұл шағын қонақ үйлер болды, ал кейін ірі төрт жұлдыздықтарға дейін өстім. Қазіргі кезде мен Blue Ling Service компаниясында жұмыс істеймін. Бүгінгі күнге Чехияда жұмысты табу қиын емес, тек ұмтылыс қажет.


Мен осында келіп,оқуын бітіріп,жаман емес жұмыс тапқан көптеген Қазақстандық студенттерді білемін. Біздің студенттерімізде қосымша ақша табуға мүмкіндік болғаны үлкен артықшылық. Қазақстанда көптеген ақылды және талантты адамдарда осы жақта сияқты өздерін көрсетуге мүмкіндігі болмағаны менің көңілімді қалдырады.


Чехтердің менталитеті біздікімен ұқсас. Қазіргі кезде мен халықаралық ұжыммен жұмыс істеймін және бүкіл адамның өмірге көзқарасы бірдей деп тайсалмай айта аламын. «Басқа мемлекетке барғанда ең бастысы тек олардың заңдарын ұстау керек» деп маған бұдан бұрын университетте айтатын. Маған айналадағы әсемдік пен мен бүкілін істей алатыным,ұлыма жақсы білім бере алатыным жайлы үмітім көмектесті. Қазақстанда мұғалім төлем ақысына, өкінішке орай, бұл мүмкін емес.


наталья (2).jpeg


Маған менің жұмыс орныма біліктілігн көтеру мақсатымен Қарағандының Политехникалық у ниверситетінен әріптестерім келген. Қазақстанда менің ата-аналарым, тәтелерім,ағаларым,немере сіңілілерім мен ағаларым қалды.


Өмірімнің 33 жылын мен Қазақстанда өткіздім, сондықтан егер Чехияда біздің хоккейшілеріміз ойнаса, мен Қазақстан үшін жанкүйер боламын. Мен Қазақстанда жеті жыл болған жоқпын, ал осы жылы келгенде Қазақстанның соншалықты әдемі болып қалғанына таң қалдым. Біздің адамдарымыз қалай бауырмал және керемет болды,сондай болып қалды. Тек Астана ғана емес, Қарағанды да әдемі болып қалды. Көшелер, бұрқақтар, қазіргі кезде бар болған тазалық мені өте қатты қуантты.


Мен туғандарымды сағынамын. Осы жерде мен тұрмысқа шықтым және Чехияның өзі де маған туғандай болып қалды. Менің ұлым менімен бірге тұрады, сондықтан менің отбасым осында.




Анжим Медетбаева, 28 жас, туған қаласы —– Алматы, музыкантшы

Тұратын елі: Бельгия, Гент


Анжим 2.JPG


Жақында менің Бельгияға консерваторияда Михаил Кугель профессорынан білім алуға кеткеніме он жыл болады. Көп жыл бойы ірі шеберден білім алуға менің сәтім түсті деп ойлаймын. Мен шеберіме,және жалпы оқыған консерваторияма үлкен алғысымды білдіремін. Жас кезінде шетелге кеткенде, жаңа елге, басқа менталитетке, өмір салтына ,мәдениетіне және жаңа тілге үйрену оңай өтеді. Мен жаңа заттарды зерттеуді, жаңа тілдерді үйренуге және басқа елдердің мәдениетін зерттеуді ұнатамын. Жаңа өмір, танысулар, сезімдер жаулап алады, жаңа жоспарлар мен мақсаттар туады. Бірақ мен басқа елде жалғыз өзім бірінші рет болған себептен, мен қатты сағындым. Біз,қазақтар, өз отбасымызға,туысқандарымызға қатты бауырымызды басамыз.


Қазіргі кезде мемлекет сыртқы саясат, спорт және мәдениет жетістіктері, түрлі халықаралық форумдар өткізу арқасында әлемге одан аса танымал болды. Соның ішінде EXPO-2017 де. Менің туғам қалам Алматы да өзгерді. Көптеген жаңа ғимараттар, тұрғын үйлер, жолдар, халықаралық брендттер пайда болды. Алматы екпіндеп өседі және дамиды, адамдар өзгереді. Сәнді және замандас,ағылшын тілінде бос сөйлей алатын әдемі жастар. Маған осы жақта көптеген мекемелер тәулік бойы жұмыс істейтіні ұнайды.


Анжим 1.JPG


Қазақстан ойымда отбасыммен, туған қаламмен,ұлттық тағамдарымен, дәстүрлерімен, мейрімділікпен және біздің халықтың қонақжайлылығымен,біздің таулардың көркемділігімен байланысты.




Ермек Иманалиев, 25 жас, туған қаласы — Алматы, CSC Betafence, Bachelor Logistics студенті

Тұратын елі: Бельгия, Кортрейк


ермек (3).jpg


Мен және анам екеуміз 1999 жылдың соңында Алматыдан Бельгияға көштік. Мені үздік өмірмен, қоғамдық қорғаныспен қамтамасыз ету, маған жақсы білім беру мақсаты анамды шетелге қозғалтты. Және,әрине, бірнеше шетел тілін білуі артықшылық болды.


Басында біз Звевегем қаласына көштік, сол жерде мен нидерландық тілді үйреніп алдым. Кейін біз Бельгия астанасына,Брюссельге көштік, сол қалада біз сегіз жыл бойы тұрдық. Сол кезге қарай мен мектепте оқып жүріп, француз тілін үйреніп алдым. Брюссель – ірі қала, сол жерде өмір өз ретімен жүрді. Көптеген мәдениеттерге үйренуге мәжбүр болдық, себебі Бельгияда көптеген арабтар, түріктер және африкандықтар тұрады. Біз үшін бұл қызық болды, бірақ кейін біз үйрендік.


Брюссельдегі сегіз жылдық өмірімізден кейін, біз Кортрейкке көшуге шешім қабылдадық,бұл Фландрияның тарихи облысы, бұл жерде бүкілі нидерланд тілінде сөйлейді. Бельгияда үш мемлекеттік тіл: елдің әр-түрлі бөліктерінде сөйлейтін француз, нидерланд және ағылшын тілі. Нидерланд ы мектебіне түсіп, менде Integratie & Inburgering агенттігіне аударма орталығының жұмыскерлері қатарына тұруға мүмкіндік пайда болды, себебі мен үш мемлекеттік тілде сөйлей алдым,сонымен қоса қазақ және орыс тілінде сөйлей алдым. Сол жердегі жұмыстан кейін мен оқуымды жалғастыруға шешіп, Bachelorin Logistics – ке түстім. Бірінші жылдың аяқталғанынан кейін, емтихандарым өтіп жүрген кезде мен Betafence компаниясына жұмысқа тұрдым,сол жерде мен бүгінгі күнге дейін жұмыс істеймін. Мен тапсырыстарды жоспарлау мен тарату үшін жауаптымын, тікелей біздің негізгі тапсырыс берушіміз Leroy Merlin дүкендер жүйесімен қарым-қатынасам.


ермек (1).jpg


Қазақстанда,Аустралияда тұратын тәтем мен Женевада United Nations компаниясында жұмыс істейтін әпкемді санамағанда, менің отбасымның негізгі бөлігі тұрады.


Шындығында, соңғы жылдары мен Қазақстанға келе алмадым, елімді қатты сағындым. Жақын арада уақытым болғанда келуге жоспарлаймын. Өз елімді қаншалықты ашық, бүкілі татулықта, бәріміз бірге тұрған жер ретінде есімде сақтадым,соншалықты тура солай еліміздің тек жақсы жақтары жайлы ғана көріп, естимін. Бұл біздің Бельгиядағы бірлігімзде де байқалады, осы жақта қазақтар аз болса да,олар алтынмен тең.


ермек (4).jpg


Бүкіл жаңалықтарды мен немере ағамнан естимін, біз жақын араласамыз. Қазақстан өсті, көптеген жаңа ғимараттар пайда болды. Көбісі бизнеспен айналысады,бұл үлкен артықшылық. Қазақстан — болашақты мемлекет.


Әрине,мен сағынамын,отан — шетелде де отан. Қазақстан мәңгіге маған сол кездегі бейғам өміріммен және әжемнің дәмді тағамдарымен есімде қалады. Сонымен қоса бұл менің туған халқы мен тілім.