Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit, sed do eiusmod tempor incididunt ut labore et dolore magna aliqua. Ut enim ad minim veniam, quis nostrud exercitation ullamco laboris nisi ut aliquip ex ea commodo consequat.

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
semeydeg-amerikandy-yz-aza-t-l-zherg-l-kt-t-r-yndar-zh-ne-s-y-kt-zherler-turaly

Семейдегі американдық қыз: қазақ тілі, жергілікті тұрғындар және сүйікті жерлері туралы
524

05.04.2018

Семейдегі американдық қыз: қазақ тілі, жергілікті тұрғындар және сүйікті жерлері туралы

Sandra Y. Lee (Сандра Ли), туған қаласы — Нью Джерси, ағылшын тілі оқытушысы



Өмір туралы



Менде Қазақстанда тұру тәжірибем бар, өткен жылы мен Қызылордада жұмыс істедім. Ал соңғы алты айда мен Семейде Шәкәрім атындағы университетте жұмыс істеп келемін, ауызша тілдесу, сыни ойлау, әдеби бағалау пәндерінен сабақ беремін. Демалыс күндерін Абай атындағы кітапханада жиі өткіземін – American shelf-пен көмектесемін. Мен қаланы таңдаған жоқпын, біздің елшілік мені Семейге жіберді. Менің бастығыма бұл қала өте ұнайды, сондықтан да ол маған осында келуге кеңес берді.

untitled-5.jpg

Мен АҚШ-та туылдым, ата-анам Штаттарға Оңтүстік Кореядан көшіп келді. Сырт келбетім кәріске қарағанда қазаққа көбірек ұқсайды. Мен үндемеген кезде, мені көбісі жергілікті деп санайды. Студенттер сабаққа Американдық мұғалім сабақ береді деп дәмеленіп келеді, ал мені көргеннен кейін таңқалады. Жақсы жағы кейде мен базарда жергілікті тұрғын сияқты азық-түліктің бағасын сұрап, саудаласа аламын.

Мен Нью-Джерсиде өстім, менің отбасым Калифорнияда тұрады, алайда менде Техаста үйім бар. Бұл жерлердің барлығы жылы болғандықтан мен әрқашан суықтан қорқатынмын. Сондықтан мен қысты аман-есен өткізгеніме мақтанамын. Қазақстан жылу беру жүйесі өте жақсы, сол себепті мен бөлмелерде тонбаймын. Дала суық болады содан мен жергілікті тұрғындар секілді киінуді үйрендім. Қазір маған суық тіпті ұнайды. Осы демалыс күндері біз достарымызбен иттерге байланған шанамен сырғанадық және бұл менің өмірімдегі ең күшті тәжірибе болды. Бұл соншалықты керемет!

untitled-28.jpg

Мен Орта Азиямен және түркі тілдес тілдерге қызығатындықтан Қазақстан жайлы мұнда келмес бұрын білдім. Әуелден мен түркмен тілін білетінмін, бірақ сәл ұмытып қалдым. Қазақ тілі басымнан түркмен тілін шығарып тастады. Мен Орта Азияға баратынымды білдім, алайда нақты Қазақстан екенін білген жоқпын. Мен осы жерде болғаныма қуаныштымын.

Қазақстан өзінің жылулығымен баурайды. Және мәселе ауа райында емес, адамдарда. Қазақтарда көптеген мәдениеттер біріктірілген: көшпенді, азиялық, кеңестік. Біздің ұлттарымыз әртүрлі, бірақ адамгершілік ол бүкіл жерде. Менің өмірім күрт өзгерді, мен ешқашан ұмытпайтын сүйікті достарымды таптым. Менің таныстарым өте көп!



Қала туралы



Семей — бай тарихы бар сиқырлы қала. Мұнда сипатты ғимараттар мен мұражайлар өте көп. Көзге түскен ең бірінші нәрсе – Семей – жасыл қала. Мұннан Ертіс ағып өтеді, адамдар шырайлы, жақсы мейрамханалар да бар.

untitled-12.jpg

Мен Орталық саябақтың жанында тұрамын, сол жерде серуендегенді, ағаштарға тамсанғанды ұнатамын. Кей кезде терезе алдына құстарға жем шашып, әр таң сайын оларды тамақтандырамын.

Тағы мен Абай атындағы театрда болдым. Холл мен ескерткіштері ерекше әсер қалдырды, бірақ тіл жағынан қиындықтар болған соң спектакльдің бар мәнін түсіну қиын болды. Біз досыммен циркте болдық, бұрын мен ешқашан Орта Азиядағы цирктік көрсетілімдерде болған емеспін. Маған далаға шығып, табиғатты бақылаған ұнайды. Мен қалада жай серуендегенді, ғимарат қабырғаларындағы граффитилерге қарағанды ұнатамын. Маған мейрамханалар ұнайды, мысалы Ribeye және Pepperoni.

untitled-3.jpg

Сіздердің қоғамдық транспорт жүйесі басқа мемлекеттерден әлдеқайда жақсы. Үйге жақын жерде автобустық аялдама, театр, алаң бар. Мен жұмысқа жаяу барар едім, бірақ тым жақын тұрмайтындықтан бара алмаймын. Мен Яндекс-таксині қолданамын – бұл ыңғайлы.

Мен қазақ тілін оқыған едім, бірақ Семейге келген кезде орыс тілінсіз қиын болатынын түсіндім. Ол маған қиындық тудырады. Егер мен орыс тілін білсем, достарым одан да көп болушы еді деп ойламын. Қазір мен сабақ берумен айналысамын, өкінішке орай ол үшін уақытым жеткіліксіз.



Тамақ туралы



Мен жылқы етін, қазы, бешбармақ, манты, лагман және бауырсақты ұнатамын.

Сүт қосылған қазақша шәйді де ұнатамын. Мен өзім жалғыз бүкіл шәйнекті ішіп қоя аламын. Бұрын ешқашан мұндай тәттіні татқан емеспін. Америкада шәйді қалай дұрыс дайындауды біледі деп ойламаймын. Сіздерде бұл салтанатты рәсім: сүтті жеке қосасыздар, суды қайнатасыздар. Қазақтар шәйді керемет құяды. Мен де құйып көрдім, бірақ қолымнан онша келмейді. Бешбармақты да дайындап көрдім, бірақ жаман болып шықты. YouTube-та менің дайындағанымның бейне жазбасы да бар.

untitled-7.jpg

Мен азық-түлікті базардан алғанды жөн көремін. Себебі ол жерде тамақ жаңалау. Уақытым болмаған жағдайда супермаркеттерге барамын.

Мен қуырылған тұзды бадамды жақсы көремін. Ондай тек Қазақстанда ғана бар. Америкаға қайтқан уақытта бадамды сөмкеме толтырып аламын, менің достарыма ұнайды деп ойлаймын. Әрине, Америкада да бадам бар, бірақ ол онша тәтті емес. Жақында мен Италияға барған кезде өзіммен бірге бадам апардым, олар бұдан тәттісін жеп көрмегендерін айтты.



Сауда туралы



Құрбыма мен түйе жүнінен тоқылған шұлық сыйладым. Оның қуанышында шек болған жоқ. Сізде мұнда жүн жақсы екен. Үйде мен отандық өндірістен шыққан өзіме ұнайтын түрлі-түсті тәпішкемен жүремін. Тағы үйде мен үйреніп жүрген қазақша домбыра бар. Әлі жақсы ойнай алмаймын, бірақ мен тырысып жатырмын. Мен сувенир ретінде кішкентай киіз үйлерді сатып алғанды ұнатамын. Бұл қызықты, керемет және сіздердің тарихы мен өткенін көрсетеді.

untitled.jpg

Кейде мен киімді базардан сатып аламын, мысалы шарфтар. Бірақ менің Семейде дүкен немесе базар аралайтын уақытым көп емес, себебі жұмыс істеймін. Мен киімді сапарлар барысында сатып аламын, мысалы Астанада немесе Алматыда. Бұл қалаларда жақсы сауда жасауға болады.



Адамдар туралы



Семейде мен араласып тұратын шетелдіктер өте көп. Назарбаев мектебінде бірнеше британдықтар мен австриялықтар жұмыс істейді. Университетте менімен бірге үндістер мен кәрістер жұмыс жасайды. Менде жергіліктілерден де достарым бар.

Қазақстандықтар қонақжай. Кейде мен адамдарды шақыруға қорқам, оларды жергіліктер сияқты қарсы ала алмаймын деп ойлаймын. Олар дастарханды 50 шақты адамға дайындайды, тіпті қонақ саны одан бірнеше есе кем болса да.

untitled-2.jpg

Маған Қазақстанда той ұнайды. Америкада тойда көбінесе жастар билесе, Қазақстанда үлкен жастағы адамдар да билейді. Маған оларға қараған ұнайды. Сіздерге отбасы маңызды екені керемет. Мен баланың дүниеге келген мейрамы – шілдехана, баланың алғашқы қадам жасаған – тұсаукесер, тіпті жерлеу рәсімі тәрізді көптеген дәстүрлі жиындарда болып көрдім. Бұл өте аянышты болды, алайда мен әріптесіме сыйластық пен көңіл білдіре алғаныма риза болдым. Көптеген адамдар уақыттарын арнап, қайғысын бірге бөлісті.