facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
samar-an-ezhelg-ala-a-baryp-k-rud-5-sebeb
logo
Самарқан: ежелгі қалаға барып көрудің 5 себебі

07.04.2017

Самарқан: ежелгі қалаға барып көрудің 5 себебі

Көптеген адамдар Еуропаға барып, ортағасырлық көне құрылыс үлгілері мен Қытайдағы тарихи ескерткіштерді көруді армандайды. Алайда, көрші елде де мұндай керемет жерлердің бар екенін көпшілік біле бермейді. Өзбекстанда туып өскен әріптесіміз Розиев Толибтің көмегімен Самарқандағы тамаша әсер қалдыратын бес орын жайлы айтамыз.


1. Регистан


Самарқан: ежелгі қалаға барып көрудің 5 себебі


XV—XVII ғасырларда үш алып ғимарат – Ұлықбек медресесі, Шер-Дор (Арыстан) және Тіллә-Қари (Алтынмен апталған) медреселері орналасқан қала орталығындағы алаң. Бұл медреселер ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне енгізілген. Күн көзіне жылтырайтын өрнектерді, сәнді әшекейленіп, тамаша зерленген кереметті барып, өз көзіңмен көру керек.




2. Бибі-Ханым


Самарқан: ежелгі қалаға барып көрудің 5 себебі


Бибі-Ханым мешіті 1404 жылы Темірдің бұйрығымен салынған. Нақышталған мәрмәрмен және мешіттің өрнектерімен безендірілген қыш қабырғалар ұмытылмас әсер сыйлайды.




3. Ұлықбек обсерваториясы


Самарқан: ежелгі қалаға барып көрудің 5 себебі


Ұлықбек обсерваториясы – орта ғасырларда Самарқан анық көрінетін Кухак төбесінде салынған аса маңызды обсерватория. Құрылыстың жартысы жер астында орналасқан. Жер астына түсіп көрген адамдар ол жердің қорқынышты әрі қызықты екенін айтады. Бұл жер ғылым мен астрономияны сүйетіндерге ерекше ұнайды.




4. Гур-Эмир


Самарқан: ежелгі қалаға барып көрудің 5 себебі


Жаулаушы Ақсақ Темір мен оның отбасының кесенесі – бір күмбезді сағаналы ғимарат. Бұл кесене өрнектермен, мәрмәрмен безендіріліп, алтынмен және көк бояумен кескінделген. Жертөледе орналасқан сағананың төбесі жоғарғы қабатқа қарағанда аласа, ешқандай өрнек салынбаған. Мұнда Темір мен оның отбасы мүшелері жерленген.




5. «Худжум» жібек кілемдер фабрикасы


Самарқан: ежелгі қалаға барып көрудің 5 себебі


Қолмен жасалған бұйымдардың неліктен қымбат тұратынын білгіңіз келсе, «Худжум» жібек кілемдер фабрикасына келіңіз. Бұл жерде кілемдерді қолмен тігетін 400 әйел жұмыс істейді. Фабрикада өндіріс процесін бастан-аяқ тамашалап, тіпті дайын бұйымдарды сатып алуыңызға болады.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.