facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
reseyl-k-aza-tar-ne-sebept-balalaryny-aza-stan-a-k-shkender-n-alaytyndary-turaly
logo
Ресейлік қазақтар не себепті балаларының Қазақстанға көшкендерін қалайтындары туралы
Өмір сүру стилі

04.08.2018

Ресейлік қазақтар не себепті балаларының Қазақстанға көшкендерін қалайтындары туралы

Дамеля Кинжалинова, 49 жаста, туған жері — Заводоуковск


Біз Ресейде туып өстік, өткен ғасырдың шамамен 20 жылдары ата-бабаларымыз Ресейге жер аударылып, Тюмень облысында тұрақталды. Сол себепті балаларымыз да осы жерде туылып, өсті.

678.jpg

Біз әрқашан балаларымыздың Қазақстанда тұрып, өздерін еркін сезінгендерін қалайтынбыз. Ресейде тұру бізге ыңғайлы, бірақ сонда да кез келген ұжымда өзіңді басқа ұлт өкілі екенін сезініп, сәл қысыласың. Қазақстанға келген кезде жастарға назар аударамын, олар өздерін еркін сезінеді, туған жерлерінде жүргендері байқалады.

Ресейде біз де, балаларымыз да көбірек қазақтармен араласуға тырысамыз, балаларымның да қазақтар арасында достары көп, олар достықты бағалай біледі, әрдайым бір-біріне жақын болуға тырысады. Балалық шағымда белгілі бір уақыт Қазақстанда тұрдым және Қазақстанға барған әр сапарымнан кейін көп уақыт бойы сондағы атмосфераны сағынамын. Қазақстандағы адамдар ашық әрі мейірімді, оларда ресейлік қазақтардағыдай тұйықтылық жоқ.

Немерелерімнің Қазақстанда тұрып, тарихын, мәдениетін меңгеріп, барлық жағдайда өздерін еркін сезінгендерін қалаймын. Астанада серуендеп жүрген кезде көптеген даму орталықтарын көресің, еріксіз балалардың дамуына барлық жағдайлар бар екені жайлы ойлана бастайсың.

Біздің қызымыз Астанаға көшті және оған сол жерде ұнайды. Енді оған қонаққа барып тұруға тырысамыз. Ұлым бұған жай қарайды, оның және жұбайының Ресейде достары, таныстары көп және жұмыстары бар, сондықтан олар көшу туралы ойланбайды. Бірақ келешекте олар Астанада тұрады деп үміттенеміз және біз күйеміз екеуміз ақырындап оларға көшеміз. Әзірше бұған бара алмаймыз, себебі Ресейде ата-анамыз тұрады, бірақ егер балаларымыз Астанада тұрса, онда мүмкін бұл қадамға да барармыз.

Жас кезіңде көшу оңай, жаңа ортаға тез бейімделіп, өз орныңды таба аласың. Қазір Қазақстан дамып, Еуропаға жақындай түседі, бұл жастарға пайдалы, себебі келешектері көп. Және, әрине, мен балаларымның үлкен қалада, Астанада тұрғандарын қалар едім.


Шолпан Бекбергенова, 56 жаста, туған жері — Омбы

7968

Омбы облысында бұрыннан бері, тіпті оның қаланған кезінен тұрып жатырмыз. Қызымды тәрбиелеп жатырмын және, әрине, оның Астанада тұрғанын қалаймын. Ол көптеген жетістіктерге жетер еді. Менің ойымша, Астанада жастардың келешегі бар, жастарға көп нәрсе жасалып жатыр және даму үшін мүмкіндіктері де көп. Өйткені, әрбір адам биікке ұмтылады, жақсыны қалайды.

Қызым бір рет көшкен еді, бірақ ол қазақ тілін нашар біледі және жақсы жұмысқа орналасу қиын болады деп санайды. Бірақ, біз екеуміз де ол келешекте Астанаға көшеді деп үміттенеміз.

Қазақстан — арғы ата-бабаларымыздың жері және онда ол басқа адамдар тарапынан түсініспеушіліктен қорықпай, өзін жайлы және еркін сезінеді.


Анара Успанова, 38 жаста, туған жері — Омбы



Отбасымыздың жетінші ұрпағы Ресейде тұрып жатыр, сондықтан өзім де, балаларымыз да Омбыда туылдық.

image (2).jpeg

Қазақстан — жедел қарқынмен дамып келе жатқан ел. Ресей секілді үлкен болмаса да, бірақ Омбымен салыстырғанда Астанада мүмкіндіктер көбірек. Омбыда жұмысқа орналасу қиын, бірақ, мен Қазақстанда дарынды және сауатты адамдарға сұраныс көп екенін білемін.

Маған Қазақстандық жастардың өз туған тілдерінде еркін сөйлейтіндері ұнайды, менің де балам қазақ тілінде еркін сөйлегенін армандаймын. Бұл керемет. Сондай-ақ, қазақстандық жастар отбасыдан бастап жұмысқа дейін барлық нәрселерге байыпты қарайтынын байқадым.

Қызымның жасы сегізде. Есейген кезде көшуді қаласа, оны толығымен қолдап, барлық мүмкін нәрсені жасаймыз. Онда университет аяқтағаннан кейін көшіп, мансабын сол жерде құрғанын қалаймын. Өйткені, Ресейде қазақтар сирек басшы қызметтеріне тағайындалады. Менің ойымша, Қазақстанда бұл тараптан келешектер көбірек.


Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.