facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
reseydeg-aza-tar-aza-t-l-zh-ne-ony-bas-a-elde-ne-sebept-o-ytyluy-zhayly
logo
РЕСЕЙДЕГІ ҚАЗАҚТАР ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ОНЫҢ БАСҚА ЕЛДЕ НЕ СЕБЕПТІ ОҚЫТЫЛУЫ ЖАЙЛЫ
Өмір сүру стилі

03.04.2018

РЕСЕЙДЕГІ ҚАЗАҚТАР ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ОНЫҢ БАСҚА ЕЛДЕ НЕ СЕБЕПТІ ОҚЫТЫЛУЫ ЖАЙЛЫ

Айгуль Жумабаева, 22 жаста, туған қаласы — Барнауыл, Алтай мемлекеттік педагогикалық институтының қазақ тілі және мәдениеті орталығының директоры


Әр халықтың сыртқы әлемді қабылдау ерекшеліктері және өзгеше менталитеті бар. Менің ойымша, өз халқыңа деген дұрыс қажеттілік баланың анаға, туған үйге, ана тілге деген бейімділік секілді шынайы. Мен үшін халқымның мәдениеті мен дәстүрі әрқашан үлкен маңыздылыққа ие болды. Мен қазақ мәдениетіне, салт-дәстүріне сыйластықпен қараймын.

wOz13gUtKo8.jpg

Адам қаншалықты өз халқының тарихи рөлін түсінсе, соншалықты оның сол халықтың өкілі ретінде жетістіктері шыңдалады.

Менің отбасымда әрқашан екі тілде сөйлейтін: орысша және қазақша. Және мен Алтай мемлекеттік педагогикалық институтына оқуға түскен кезде база негізінде тілді үйрететін қазақ тілі және мәдениеті орталығы бар екеніне ерекше таңқалдым. Сол себепті мен бес жыл бойы қазақ тілін оқып келемін.

Орталықтың бес жыл бойы жұмыс барысында қазақ тілін 200-ден астам адам үйренді. Шыны керек менің айналамдағы адамдардың тең жартысы қазақ тілін әртүрлі деңгейде біледі. Ресейде тұрып жатқандықтан, көбінесе орыс тілінде сөйлейміз. Бірақ қазақ тілін оқып жүрген кезде тұрақты тәжірибе керек, кей кезде бұл жеткіліксіз болады. Сондықтан қазақ тілі және мәдениеті орталығында біз қазақ тілінде сөйлеуге тырысамыз, ән айтып, өлең оқимыз.

Заманауи қоғамда дәстүріміздің көбі ұмытылып, жоғалып қалады, сондықтан қазақ халқының мәдениетін және ерекшелігін сақтап қалу маңызды. Ал тілді білу және сақтау болашақта ұлттың, мәдениеттің бүтіндігін сақтаудың бірден-бір маңызды жолы.




Айнура Садбекова, 25 жаста, туған қаласы — Омбы, бастауыш сынып мұғалімі


Мен қазақ дәстүріне және мәдениетіне құптарлықпен қараймын. Менің әжем тек қана қазақша сөйлейді, ал анам орысша және қазақша, сондықтан мен бала кезімнен қазақ тілін естідім, қазақша сөйледім, мен әрдайым ана тілінде оқуды және қатесіз жазуды қаладым. Мен педагогикалық колледжге қазақ тілін терең оқытатын «бастауыш сыныптарының мүғалімі» мамандығы бойынша түсіп, бес жыл бойы әдеби қазақ тілін меңгердім.

Әрине, күнделікті өмірде мен Ресейде тұрғаннан кейін орысша сөйлеймін, бірақ үйде, отбасымның айналасында біз негізі қазақ тілінде сөйлейміз.

Жалпы, Омбының жастары тілді түсінеді, себебі біздің ата-анамыздың ұрпағы әлі де қазақ тілінде сөйлейді. Мысалы, менің достарым жай ғана тілді түсінеді, бірақ сөйлей алмайды. Біраз уақыт мен Астанада тұрдым және байқағаным тіпті сол жердің де жастарының көбісі қазақша сөйлемейді.

Мен тілді білу керек деп санаймын. Тек қана білу емес, сонымен қатар дамыту, себебі дәл тіл бізді басқа ұлттардан өзгешелендіреді.




Надежда Джартанова, 18 жаста, туған қаласы — Горно-Алтайск, студент


Mf-iuxIuQCU.jpg


Бұрын мен қазақ тілін оқымайтынмын, бірақ күзден бері қазақ тілін оқыту сабақтарына бара бастадым, себебі мен өз туған тілімді білу қажеттілігін ұқтым.

Қазір мен күн сайын қазақ тілін шыңдап келемін, ата-анаммен және достарыммен қазақ тілінде сөйлеймін.

Мен ана тілін білу және түсіну өте маңызды деп санаймын. Бұл кез келген адамға қажет, себебі тіл - ол да ұлттың тарихы.



Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.