Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit, sed do eiusmod tempor incididunt ut labore et dolore magna aliqua. Ut enim ad minim veniam, quis nostrud exercitation ullamco laboris nisi ut aliquip ex ea commodo consequat.

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
r-da-y-m-ndett-leumett-k-medicinaly-sa-tandyru-ashan-zh-mys-stey-bastaydy-zh-ne-ansha-t-ratyn-bolady

ҚР-дағы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру: қашан жұмыс істей бастайды және қанша тұратын болады
1757

17.04.2017

ҚР-дағы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру: қашан жұмыс істей бастайды және қанша тұратын болады


Қашан жұмыс істей бастайды және қандай қызметтері бар



2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жұмыс істей бастайды. Тұрғылықты жері бойынша емханадағы тегін медициналық көмекті тек 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін алуға болады.


Сақтандырылған азаматтардың медициналық қызметтер жиынтығына:


— Амбулаторлық-емханалық көмек: емханаларда ем алу, дәрігердің қабылдауында болу, лабораториялық қызметтер, диагностика мен манипуляциялар

— Стационарлық көмек — жоспарлы ретпен ауруханаларда емделу

— Стационардың алмастырушы көмек — күндізгі стационарларда емделу

— Жоғары технологиялық медициналық қызметтер — күрделі әрі таптырмас медициналық технологияларды (қымбат тұратын оталар) қолданумен жүзеге асырылатын медициналық көмек

— Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету — амбулаторлық-емханалық көмек көрсету кезінде

— Медбикелік күтім — өзіне өзі қызмет көрсете алмайтын, ауырғаннан кейінгі ұдайы күтімге зәру тұлғаларға көмек көрсету

— Паллиативті көмек — жазылмайтын, өмірге қауіпті және ауыр өтетін аурулармен ауыратын науқастардың өмір сапасын жайлы жағдайларда қолдау


— Қайта қалпына келтіру, сауықтыру емі және медициналық оңалту кіреді.



Сақтандыруға кім және қанша төлеуі қажет



Сіздің сақтандыруыңызды кімнің — мемлекет, жұмыс беруші немесе өзіңіздің және қандай мөлшерде төлейтінін білу үшін сізге қазірдің өзінде азаматтардың қай санатына жататыныңызды анықтап алған жөн.


1. Жалданып жұмыс істейтіндер


2017 жылдың 1 шілдесінен бастап әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне сіз үшін ай сайынғы жарнаны жұмыс беруші төлейді. Ал 2019 жылдан бастап ай сайынғы жарнаны өзіңіз төлейсіз. 2019 жылы ол 1%-ды, ал 2020 жылдан бастап 2%-ды құрайды.


2. 18 жасқа дейінгі балалар


Әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне ай сайынғы жарнаны мемлекет төлейді.


3. Әлеуметтік қорғалмаған азаматтар санаты:

— «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көп балалы аналар немесе бұрын «Батыр-Ана» атағын алғандар, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталғандар

— Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері

— Мүгедектер

— Интернатта оқитын және тәрбиеленіп жатқан тұлғалар

— Орта, техникалық және кәсіби, ортадан кейінгі, жоғары білім беретін ұйымдардың күндізгі бөлімінде, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі резидентура формасында оқитын тұлғалар

— Баланың туылуына, жаңа туған сәбиді асырап алуға, үш жасқа дейінгі бала күтімі бойынша демалыстағы тұлғалар

— Жұмыс істемейтін жүкті әйелдер, сонымен қатар үш жасқа дейінгі бала күтіміндегі жұмыс істемейтін тұлғалар

— Зейнеткерлер

— Жұмыс істемейтін оралмандар

— ҚР-да тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар

— 18 жасқа дейінгі мүгедек бала күтіміндегі жұмыс істемейтін тұлғалар.

Егер сіз осы санатқа жатсаңыз, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап сіз үшін ай сайынғы жарнаны мемлекет төлейтін болады.

4. Өзін-өзі жұмыспен қамтушы ретінде тіркелгендер (ЖК, ШҚ, жеке нотариустар, адвокаттар, кәсіби медиаторлар, жеке сот орындаушылары, азаматтық-құқықтық сипаттағы келісім шарттар бойынша табыс табатын жеке тұлғалар)

2017 жылдың 1 шілдесінен бастап әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне жарнаны өзіңіз төлейсіз.

Ай сайынғы жарнаның мөлшері — ең төменгі жалақының (ЕТЖ) екі есе көлемінің 5 %-ы. 2017 жылы жарна мөлшері айына 2446 теңгені құрайды, 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап 6 айға — 14 676 теңге.

5. Өзін-өзі өнімсіз жұмыспен қамтығандар (жеке жүк тасушылық, қызметтер, сауды және т.б.

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне жарнаны өзіңіз төлейсіз. Ай сайынғы жарна мөлшері — ең төменгі жалақының (ЕТЖ) 5 %-ы. 2018 жылы жарна мөлшері — айына 1414 теңге, ал жылына — 16 970 теңге.


6. Тіркеуде тұрған жұмыссыз


Әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне төленетін жарнаны сіз үшін мемлекет төлейтін болады.


Медициналық қызметтерді міндетті медсақтандыру аясында алу үшін не істеу керек



Келешекте медсақтандыру жүйесі бойынша қызметтерді алу үшін сіз емханаға тіркелген болуыңыз қажет. Емхана арқылы, ал болашақ сақтандырылған азаматтар үшін медициналық қызметтер жиынтығына сақтандыру медицинасының аясында денсаулық сақтау жүйесі қолжетімді болады. Елдің әр тұрғыны қазірдің өзінде өзінің емханаға тіркелгендігін тексеріп қана қоймай, өзінің санаты туралы хабарлауы қажет.


Міндетті медсақтандыру жүйесіне қатысу шарттары туралы қосымша ақпаратты өз емханаңыздағы тіркеу бөлімінен немесе арнайы кабинеттегі медқызметкерлерден ала аласыз.

Барлық қосымша ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығына – 1434 немесе Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына – 8 7172 647 000 хабарласып немесе www.fms.kz сайтынан біле аласыз.

Басты беттегі фотосуреттің дереккөзі: espanarusa.com