facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
parizhdeg-vena-men-n-yu-yorkta-y-aza-standy-yelder-shetelde-yel-adamdar-a-alay-araytyndy-y-turaly
logo
ПАРИЖДЕГІ, ВЕНА МЕН НЬЮ-ЙОРКТАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ӘЙЕЛДЕР: ШЕТЕЛДЕ ӘЙЕЛ АДАМДАРҒА ҚАЛАЙ ҚАРАЙТЫНДЫҒЫ ТУРАЛЫ

14.08.2017

ПАРИЖДЕГІ, ВЕНА МЕН НЬЮ-ЙОРКТАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ӘЙЕЛДЕР: ШЕТЕЛДЕ ӘЙЕЛ АДАМДАРҒА ҚАЛАЙ ҚАРАЙТЫНДЫҒЫ ТУРАЛЫ

алуа2.jpg


Алуа Бекқожа, 21 жаста, туған қаласы — Астана, Париждегі Сорбонна университетінің студенті



Тұрып жатқан қаласы мен елі — Париж, Франция



Ресми деректер бойынша, Франциядағы ерлер мен әйелдердің қатынасы – 0,9. Егер Париждің көшелерімен серуендесеңіз, қандай да бір үйлесімсіздікті байқамайсыз, қанша әйел болса, ер адамдар да сонша. Сол уақытта Қазақстанда әйелдер саны басым. Мысалы, Қазақстандағы кез келген мейрамхананы алсақ, онда көптеген жағдайда залдың 65% әйелдер қауымының өкілдері толтыратын болады. Францияда бәрі басқаша. Алайда, Франция тұрғындарының жасы үлкейген сайын, олардың арасындағы әйелдердің саны арта береді.
Егер шетелдегі өмірдің артықшылықтары туралы айтар болсақ, онда біріншіден – ол мансап тұрғыда өсу.


Францияда ер адамдардың кәсіби деңгейдегі мүмкіндігтері қанша болса, әйелдердікі де сонша



Ешқандай жыныстық кемсітушілік жоқ. Бір сөзбен айтқанда, әйелдер ерлермен бірдей. Екіншіден, шетелде әйелдерді қарым-қатынас пен сезім тұрғысында көбірек сыйлайды және бағалайды. Әйел ешқайда шығуға болмайтын және міндеттеріне тек қана бітпейтін үй тазалау, күнделікті ас әзірлеу мен бала тәрбиелеу кіретін үй күшігі емес.


алуа.JPG


Францияда әйелдерге арналған мамандандырылған курстар бар. Сонымен қатар, кейде муниципалды кітапханаларда, қалалық ратушаларда немесе бөлек төленетін мектептерде қызықты үйірмелер ұсынылады. Орындысы – курстарға әйелдер де, ер адамдар да бара алады.




Жұмыста әйелдерге қойылатын талаптар - бұл ерлерден де талап етілетін байланысқа бейімділік, біліктілік және ұқыптылық. Алайда француздар – өздерінің де айтулары бойынша еріншек халық және ұқыпты емес. Кездесуге 5-10 минут кешігу – апат емес, ұлттық дағды. Алайда француздар жұмысқа ертерек келуге тырысады, ал әйелдер болса тіпті ерте келеді. Менде басқа ұлт өкілі және оған қоса әйел адам болғандығымнан жұмыспен немесе жұмыс берушімен проблемалар туындаған емес. Сондықтан, әйелдер үшін белгілі бір талаптар жоқ деп санаймын. Жұмыс беруші үшін әйел бірінші кезекте, қызметкер, содан кейін ғана әйел.



Қазіргі кезде мен тұрмыс құрмағанмын, бірақ француз отбасылар мен маматайлар туралы көп естідім. Менің француз таныстарым бар, олардың қарым-қатынастары міне 18-20 жылға созылып келе жатыр, олардың екі баласы бар және олар әлі некелеспеген. Қазіргі замандағы көптеген француз отбасыларында отбасылық құндылықтар екінші орында. Әйелдер ер адамдармен бірдей жұмыс істейді, солай секілді ер адам да үй шаруаларымен айналысады. Мұндай отбасыларда көбінесе декреттік демалысты әкесі алады.


Еуропада әкелік декреттік демалысы бар



Байқайтынымыздай, отбасыдағы әйел мәртебесі 50 жыл бұрынғыға қарағанда қатты ерекшеленеді.


алуа1.JPG


Францияның ділі менің тәрбиеме қатты әсер етп, менің көзқарастарымды өзгертті. Жақсы жағына ма, жаман жағына ма мен оны қазірше білмеймін. Бірақ мен еркін, толерантты және кеңірек ойлай бастадым. Менің ой өрісім мен ішкі дүнием күмәнсіз байыды. Франция менің жеке тұлға ретінде қалыптасуында үлкен рөл ойнады.


Заңнамалық деңгейде Францияда, Қазақстандағыдай ерлер мен әйелдер тең құқықты. Олардың сот төрелігі алдында міндеттері мен ұстанымдары бірдей. Жалпы алғанда, Францияда әйелдерді жақсы көреді, мақтайды және қадір тұтады, бірақ еңбек деңгейінде – бәрі бірдей.




Мадина Кан.jpg


Мадина Кан, 26 жаста, туған қаласы — Алматы, event manager



Тұрып жатқан қаласы мен елі — Нью-Йорк, АҚШ



Санақ бюросына сәйкес, 2016 жылы Нью-Йорктағы ерлер мен әйелдердің қатынасы сәйкесінше — 19,2% мен 18,5% болды. Басқарушы буындарда әйел адамдар айтарлықтай көп. Мұнда әйелдер барлық жағдайда бостандыққа ие және өздерін барлық қызмет түрлерінде жүзеге асырылады. Сән мен дизайн курстарынан бастап қарқынды бағдарламаларға дейін мамандандырылған курстар бар, риелторларды оқытатын мектеп бар және тағы басқалары. Егер сіз green card иесі немесе осы елдің азаматы болсаңыз, іс жүзінде барлық курстар үкіметпен төленеді. Жұмыста да әйелдер мен ерлерге бірдей талаптар қойылады.


Мадина Кан 2.jpg




Мен Америка азаматымен некелескенмін және бақыттымын, менің күйеуім – бұрынғы Кеңес өкіметінен шыққан, мен оның қасында өзімді жеңіл сезінемін. Біздің отбасымыздағы ең маңыздысы – бір-бірімізді құрметтеу.


Менің ойымша, американдық ерлер әйелдерге анағұрлым құрметпен қарайды

Менің жүктілігім кезімде бұл ерекше байқалды, мұнда еркектер аяғы ауыр әйелдерге үлкен ілтипатпен қарайды.


Денсаулық сақтау жүйесі сөзсіз ерекшеленеді. Біріншісі – бұл босану кезінде дәрігерлер мен медбикелердің көмегі, олар әйелдің қасынан бір секундқа да шықпай қадағалайды, бұл моральдық тұрғыда жәрдем береді. Америкадағы медицина туралы көп жазылған, мен тек қана біздің Қазақстандағы дәрігерлер де жақсы екендігін қосқым келеді.



Бәрінен бұрын мені осы елдегі заңның қатаң сақталуы таңқалдырды. Мұнда ол жұмыс істейді, мемлекет тарапынан қорғаныш сезіледі. Американдықтардың үнемі күліп жүретінін және ақ жарқын екендіктерін байқамау мүмкін емес, Манхетэнның көшелерінен тұнжыраған адамдарды сирек кездестіресің.


Американдық әйелдер қоғамда жеткілікті жоғары лауазымдарға қол жеткізді, америка халқы үшін әйелдің іскерлігі әдеттегі көрініс.




Мадина Сагит 4.jpg



Мадина Сағит, 19 жаста, туған қаласы — Ақтау, Вена қаласындағы табиғи ресурстар мен қолданбалы ғылымдар университетінің студенті


Тұрып жатқан қаласы мен елі — Вена, Австрия


Венада көбінесе әйелдерден ерлер басым.


Австрияда барлық батыс Еуропадағыдай жыныстардың тең құқықтығы үстемдік етеді



Бұл барлық жерлерде көрінеді. Тұрмыстық көріністе – егер жұбайылардың екеуі де жұмыс істейтін болса, бұл міндеттерді бөлу немесе олардың алмасуы, сонымен қатар әрқайсысының өзінің меншікті шоты және әрқайсысы өзінің жалақысының белгілі бір үлесін аударатын тағы бір шот бар. Қаржылық жоспарда – кім шақырса, сол төлейді, сонымен қатар қыздар мен жігіттерден тұратын серіктес достар тобында, әрқайсысы өзінің шотын өзі төлейді.


Мадина Сагит.jpg



Кәсіби салада ерлер мен әйелдер қызметтері туралы таптаурын жоқ, ер адамның мамандығын әйел орындай алады және керісінше. Айта кететіні, мұнда біздің «ұят» деген жоқ.



Мен әзірге некеде емеспін, бірақ мұнда барлық нәрседе теңдік орын алады деп айта аламын, «біреудің панасында», «мойнында» немесе «аяқ астында» деген қағидатпен емес «иін тіресе» қағидатымен құрылатын болады. Біз «күйеуге шыққан» деген сөзді қолданатынымызды қоса кеткім келеді, бұл әйел адамның күйеуінің панасында болады, яғни әйел оның көлеңкесі мен арқасы болу керектігін білдіреді. Мүмкін, бұл қандай да бір деңгейде дұрыс шығар, бірақ мен қазір батыр әйелдер мен нәзік ерлерді жиі кездестіріп жүрмін. Алайда, сонда да мен посткеңестік ділдің иесі болғандықтан, өзім «қол ұстасып» қағидатымен құрылған некені және қажеттілік кезінде күшті ер азаматтың иығына сүйену мүмкіндігі болғанын қалаймын.



Заңнамалық деңгейде ер мен әйелдің құқықтары тең, бірақ ақиқатында әйел жынысын кемсітушілік пен қысым көрсету орын алуда.


Бұл елде мені таң қалдыратыны, қоғам пікіріне сүйенбейтін, өз рахатына өмір сүретін адамдардың өмірі шығар


Мадина Сагит 2.jpg




Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.