facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/f3a/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/axtwxrq108yrn1xbktfnhjyl3w3m3fau.jpg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)
ortaly-aziyany-shy-armashyl-adamdary-alay-m-r-s-red-fotograftar-neden-shabyt-alatyny-zh-ne-s-y-kt-zherler-turaly
logo
Орталық Азияның шығармашыл адамдары қалай өмір сүреді: фотографтар неден шабыт алатыны және сүйікті жерлері туралы
Главный (каз)

22.08.2023

Орталық Азияның шығармашыл адамдары қалай өмір сүреді: фотографтар неден шабыт алатыны және сүйікті жерлері туралы

Алматы, Бішкек және Душанбенің фотографтары өздерінің Орталық Азиядағы өмір салты туралы айтып берді. Мамандықтың ерекшеліктері, сүйікті жерлері мен неден шабыт алатыны туралы бүгінгі материалымызда.


Камилла Нафикова, 25 жаста, қаласы — Алматы, фотограф, @camillanafikova

Камила Нафикова


Өзі туралы

Мені «Батыл жүрек» мультфильміндегі Меридамен жиі байланыстырып жатады. Біз шынымен ұқсаймыз: екеуміз де батылмыз, қыңыр мінездіміз. Екеуміздің де шашымыз жирен түсті, бұйра, көзіміз және теріміз ақшыл.

Суретке түсірумен айналысып жүргеніме тоғыз жыл болды. Мен Алматыға үш жыл бұрын көшіп келдім. Мен блогерлермен, сарапшылармен жұмыс істеймін. Адамдарды фотосурет арқылы басқа қырынан танытуды және түсірілім кейіпкерлерінің «Уау! Бұл мен бе?» деген хабарламаларын оқуды ұнатамын.

Жұмыстан басқа, мен үнемі жаңа нәрсені сынап көруді ұнатамын! Тұрақты қызығушылықтарымның ішінде: аэростретчинг және әйелдер клубындағы апта сайынғы кездесулер.

фотограф

Менің сүйікті ісім қызық, өйткені мен әркез әртүрлі адамдармен жұмыс істеймін және қызықты танысулар болады. Көбінесе мен құрбыларыммен бірге уақыт өткіземін, бәріміз әйелдер клубының мүшесіміз. Біз аптасына екі рет кездесеміз, оқып-үйренеміз, дамимыз, әртүрлі практикаларға қатысамыз, сарапшылардың тәжірибесін қабылдаймыз, көңіл көкжиегін кеңейтеміз, жаңа қырымыздан ашамыз және жақында бірге саяхатқа шығамыз.

Тыңдаймын, оқимын және көремін

Мен кинотеатрға баруды және эмоционалды фильмдер көргенді ұнатамын.

Мен меломанмын. Linkin Park, M'Dee немесе «Пиццаны» тыңдаймын.

Шабыт көзі

Мені анам шабыттандырады. Онымен сөйлесу мен үшін терапия іспеттес. Сондай-ақ айналамдағы адамдардан шабыт аламын. Олар біздің бейнеміз деуге болады.

креативный класс

Бос уақытымды қайда өткіземін

Мен тауға баруды және жаңа нәрселерді сынауды ұнатамын. Мысалы: вейксерф, мотоцикл, параплан, ұшақпен ұшу, қала сыртындағы үй, Терренкур бойымен серуендеу.

Қаладағы сүйікті орындарым: «Винокурня», Six Coffee+Wine, «Дареджани», «Арома», Aurora Cafe Shop & Bar, Ocean Basket, Ботаникалық бақ, Терренкурдағы даладағы дәмхана.

Алматыны түрлі іс-шаралары үшін жақсы көремін. Кейде бір күнде үшеу болуы мүмкін, ондайда қайсысын таңдау керектігін білмей қаласың. Мен маркетинг бойынша конференцияларда немесе концерттерде қызығушылықтары ұқсас адамдарды кездестіремін.

Қайдан не алуға болады

Мен дүкен аралауды ұнатпаймын, сондықтан Instagram арқылы тапсырыс беремін: @jenil_brand, @vivien.wear. @inoya_brand, @haib.me корсеттері қатты ұнайды.


Айгерім Байбекова, 22 жаста, қаласы — Бішкек, фотограф, @_baibekovaa

Айгерим

Өзі туралы

Мен кәсіби фотографпын және фотосурет пен сурет өңдеу мұғалімімін.

Түсіріліммен айналысып жүргеніме алты жылдан асты. 1500-ге жуық кәсіби түсірілім жасадым, 150-ден астам оқушыма фотосуреттің қыр-сырын үйреттім. Өз еңбектеріммен адамдарға оның шын мәнінде құнды және маңызды екенін, сұлулықтың әртүрлі болуы мүмкін екенін және оны күнделікті өмірде байқауға болатынын еске салғым келеді.

Жұмыспен қатар мен үлкен теннисті жақсы көремін, ол назарыңды шоғырландырып, өзіңді жақсы қалыпта ұстауға мүмкіндік береді. Сондай-аұ жаяу серуендеу, сапарға шығу ұнайды.

Мен кез келген тақырыпта сөйлесе беретін шынайы әрі адал адамдарды жақсы көремін. Әзіл-қалжыңды түсінетін және энтузиазмы бар адамдарды. Менің достарым — «дос» сөзінің мағынасын білетін эмпатикалық адамдар.

Тыңдаймын, оқимын және көремін

Мен The Weekend пен Мирбек Атабековтің жанкүйерімін. Жалпы әртүрлі әндерді тыңдай беремін.

Деректі, тарихи фильмдерді, Netflix сериалдарын ұнатамын. Менің сүйікті фильмдерім: «Воровка Книг», «1+1. Неприкасаемые», «Пеле: Рождение Легенды», «Зеленая книга».

Шабыт көзі

Мені жаңа жерлер, адамдар, олардың эмоциялары шабыттандырады. Мықты фотографтардың жұмысын бақылауды ұнатамын. Бұл мені шабыттандырады және ынталандырады. @sofiarout, @miroshinatanya және @helena132 еңбектерін қарап жүремін. Маған олардың бейнесі, көзқарасы және түс үйлесімі ұнайды.

креативный класс

Бішкек дамығысы келетін өршіл жандарға толы. Бізде көптеген тренингтер, сапарлар, жиындар өтіп тұрады.

Бос уақытымды қайда өткіземін

Мен пайдалы демалысты достарыммен бірге отырыстармен үйлестіремін. Кейде менд «суыр күнін» өткіземін.

Бішкектің табиғаты әсем, көретін және қуат алатын жерлер өте көп. Кейде қаладан шығып кетемін, бұл маған энергиямды толтыруға көмектеседі.

Қызықты фильмдер мен дәмді тағамдарды, достарыммен театрға немесе киноға баруды ұнатамын. Достарыммен барларда отырып, күлкілі оқиғаларды талқылаған ұнайды.

Қайдан не алуға болады

Мен жиі киінетін нақты бір дүкендер жоқ. Көбінесе интернет арқылы тапсырыс беремін.

Мен базалық киімдерді жақсы көремін, бірақ кейде тәжірибе жасап, трендтегі нәрсені аламын. Көбінесе @amai.kg, @imo.brand.


Саидмукамил Холов, 22 жаста, қаласы — Душанбе, фотограф, @saidmukamil

Саидмукамил

Өзі туралы

Менің фотограф болып жұмыс істеп жүргеніме үш жыл болды. Spaceart агенттігінде жұмыс істеймін. Hyatt Regency Dushanbe сайты үшін фотосуреттер жасадым.

Бос уақытымда серуендеуді, табиғат тамашалауды, ойша кадрлар құруды ұнатамын.

Менің ортамда екі жақын досым бар: бірі хирург, екіншісі — маркетолог. Бірақ көп уақытты жалғыз өзім өткіземін.

Тыңдаймын, оқимын және көремін

Классикалық әндерден бастап трендтегі әндерге дейін тыңдаймын. Lo-fi, Ghibli ұнайды.

Анимеге қызығамын, кадры мен сюжеті жағынан фильмдерден гөрі көбірек ұнайды.

фотограф

Көркем әдебиет оқуды жақсы көремін. Қазір Хемингуэйді оқып жатырмын. Сүйікті кітаптарым: «Унесенные ветром», Мартин Иден.

Шабыт көзі

Душанбеде серуендеу мені шабыттандырады. Мен қала өміріне сырттай қарап бақылаудыұнатамын.

Сондай-ақ Орталық Азияның фотосуретшілерінің еңбектерін қарап жүремін.

Бос уақытымды қайда өткіземін

Тәжікстанның табиғаты тамаша. Қалада ауа жоқтай күн ысып кеткен кездері таулар көмекке келеді.

Таджикистан

Душанбеде Садриддин Айни атындағы Тәжікстан мемлекеттік академиялық опера және балет театры бар, мұнда сіз бүкіл қаланы тамашалай аласыз. Астанамыз шағын, азды-көпті әлеуметтік адам болсаңыз, сізді бәрі таниды. Қызығушылықтары ұқсас адамдарды табу қиын емес.

Қайдан не алуға болады

Негізінен киімді сауда орталықтарынан аламын. Сондай-ақ Душанбеде үлкен «Корвон» базары бар, мұнда адамдар сауда жасауды ұнатады.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.