facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
o-o-da-shymkentbuild-2018-haly-araly-k-rmes-ashyldy
logo
ОҚО-да ShymkentBuild-2018 халықаралық көрмесі ашылды

14.03.2018

ОҚО-да ShymkentBuild-2018 халықаралық көрмесі ашылды

Үш күнге жоспарланған шараның мақсаты - құрылыс секторында озық технологияларды жетілдіріп, отандық және шетелдік кәсіпорындардың жетістіктерін көрсету. Сондай-ақ мемлекеттік органдар мен қаржы институттарының, ғылым мен бизнестің арасында байланыс орнату болып табылады. Көрмеге Қазақстан, Өзбекстан және Ресей елдерінің 30-ға жуық кәсіпорнының құрылыс, әрлеу материалдары мен жабдығы, лак-сыр өнімдері, құрылыс техникасы, ғимараттарды автоматтандыру құрылғылары мен жылыту, сумен қамту жыбдықтары қойылды. Көрмені аралап танысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев қатысушыларға алғысын білдіріп, шараның маңыздылығына тоқталды.

Өңір басшысы жуырда ғана Елбасымыз бес әлеуметтік бастаманы нақтылап бергенін айтып, осыған орай ағымдағы жылы Оңтүстік Қазақстан облысында тұрғын үй салу қарқыны күшейе түсетіндігін жеткізді. Бұл ретте бүгінгі ұйымдастырылып отырған ShymkentBuild-2018 көрмесі өңірдегі құрылыс индустриясының дамуына маңызды үлес қосары сөзсіз. Облыс әкімі қазіргі уақытта аймақтың құрылыс индустриясы белсенді түрде дамып келетіндігін айтты.

Айта кетейік, Оңтүстік Қазақстан облысында алдағы бесжылдықта 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасы аясында 4,8 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарлануда. Бүгінгі таңда өңірде «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 2021 жылға дейін 1 млн шаршы метр тұрғын үйді ел игілігіне беру үрдісі қалыптасты. Бұдан бөлек, Шымкент қаласын Қазақстанның үшінші мегаполисі ретінде дамыту мақсатында «ShymkentCity» жобасы жүзеге асырылуда.

ShymkentBuild-2018 көрмесі аясында «Құрылыс саласына жаңа технологияларды енгізу» тақырыбында конференция ұйымдастырылады деп күтілуде. Аталған шара барысында көрме қатысушылары құрылыс секторындағы ең өзекті мәселелерді өзара талқыға салатын болады.

Дерек көзі: kazinform.kz

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.