facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
n-yu-york-alasynda-7000---a-alay-m-r-s-ruge-bolady-zh-ne-aza-stan-a-nege-aytu-kerek
logo
Нью-Йорк қаласында 7000$-ға қалай өмір сүруге болады және Қазақстанға неге қайту керек
Өмір сүру стилі

18.11.2017

Нью-Йорк қаласында 7000$-ға қалай өмір сүруге болады және Қазақстанға неге қайту керек

Азамат Каппас, 31 жас, туған қаласы – Қарағанды, Sevil косметология-стоматология клиникасының, Home Project құрылыс материалдар салонының, New Way классында жасалған CIP вокзал жанындағы дәмхананың негізін салушы



Америкаға көшу



2006 жылы мен, студент бола отырып, Штаттарда тұрдым. Және сол кезден бастап мен Америка дегені не екенін шамалап түсіне бастадым. Үш ай бойы мен Нью-Джерси штатында тұрдым. Жақында мен әпкеме жазған хаттарды тауып алдым,және сол хаттарда мен өмірімде ешқашан американдықтар басшылығының астында жұмыс істеметінімді, ешқашан Штаттарда тұрмайтынымды және Қазақстаннан керемет ештене жоқ екені туралы жазған болдым. Сол кездерде менің ішімнен жасөспірімдік максимализм сөйлеп тұрды. Бірақ уақыт өте енді менің отбасым,балаларым, бизнесім, бір жобам, екінші, үшінші, толып тұрған қиыншылықтарым бар. Және бизнеске қатысты көптеген факторлар менің кеткім келгеніне әкеліп соқтырды. Менің негізгі мақсатым болды – Қазақстаннан кету. Басында мен Дубайға кетуді қарастырдым, содан соң өзімді Еуропада қарап көргім келді, тағы Африкаға кеткім келді, себебі сол жерге мен іс-сапарға барып келген болғанбым. Бірақ сонда да Америкаға кетуге шештім. Бұл шешімнің бірнеше себебі болды,біріншісі – менің Алматыда тұратын ,бүкіл елді аралап шыққан жақсы досым,маған : «Аза, сен нәтижеге,сәттілікке жете алатын, сенің «қазақ», «шетелден келген» немесе «эмигрант» деген лейблін болмайтын ел – бұл Америка» деді. Тағы бір шешуші фактор – сол жерге бір жыл бұрын менің жақсы досым көшіп кеткен.


IMG_3532.PNG


АҚШ-қа мен дайындықсыз келдім, ал менің жұбайы тіпті де дайын болмады. Себебі ол Американы тек мен көрсеткен фотоларым арқылы ғана көрген. Біз Америкада әуежайдан тұратын ауданымызға дейін бара жатқанда, жолда Флэшбуш авеню ауданы болды– бұл тек афроамерикандықтар тұратын аудан, біріңғай гетто, осында бүкіл жерде граффити салынған, толған қоқыс, біреуі далада ішімдік ішіп отырды. Біз аздап таңқалып қалдық.



Бруклиндегі тұруымыз жайлы



Бірінші екі ай бойы біз досымның үйінде тұрдық. Олар үшеу, біз төртеу, барлығымыз бірге екі бөлмелі үйде тұруға дайын болмадық. Мен Бруклиннің Нью-Йоркке қатысты екенін білмедім, менің ойымша Нью-Йорк – бұл Манхеттен, бүкілі күшті, әдемі. Біз тұрған Бруклин тұрпаты мен кісі құрамы бойынша Астананың вокзалына ұқсас болды. Ал егер Астанада сол жерде бүкіл Қазақстаннан жиналған адамдар тұрса, Бруклинде – бүкіл әлемнен жиналған адамдар тұрады. Бруклин – бұл көп халықты тыныш аудан, бұл жерде балалар алаңы жоқ. Балаларды «қыдырту» үшін жұбайыма ең жақын балалар алаңына дейін 15 минут бойы жетуге қажет болды.

Америкада басты мәселем пәтер болды, туристтерге пәтерді жалға бермейтіні туралы мен тек сол жерде білдім. Жақсы үйлерді тек тұрақты жақсы табысы бар адамдарға ғана жалға береді.Бірақ үй иелерімен пәтерді құжаттарсыз жалға беруге келісе алатын риэлторлар да бар. Бірақ өздерінің қызметтері үшін олар пәтердің жылдық бағасынан 15% -ын сұрайды. Пәтердің бағасы 1600$ , сонымен қоса риэлтордың жұмысы үшін 2700$. Қызымызды ақылы бала-бақшаға беруге мәжбүр болдық – айына 1100$. Сонымен қоса жол үшін 200$ және телефон үшін 200$. Өте қиын және қымбат болды. Қазақстандық табыспен бұл салыстырылынбайды. Сол жерде отбасыммен бірге тұру үшін бір айға шамамен 7000$ қажет, мен осындай шығындар болады деп ойламадым. Бүкілі анағұрлым арзанырақ және оңайырақ болады деп ойлаған болдым.


IMG_3528.PNG


Біз тұрған үй өте ескі болды,150 жылдай тұрған. Бір қабатта түні бойы музыканы өте қатты тыңдайтын жігіт тұрды, ал басқа қабатта үнемі ұрыса беретін жұбайлар тұрды, жанында үндістер тұрды, олардың пәтерлерінен дәмдеуіштер иісі тым қатты сезілді, ал тағы бірінде марихуанаға құмар жігіт тұрды. Бірақ сонда да біз әйтеуір пәтерді жалдап алғанымызға қуанып отырдық, біздің пәтеріміз біз үшін жақсы, өте ыңғайлы болып көрінді,біз үйреніп қалдық. Біз осылай өмір сүріп жүргенімізге беттелдік. Бізде қайтуға мақсатымыз болмады.


IMG_3527.PNG


Содан кейін, мен Нью-Йорк отбасыға арналмаған қала екені жайлы жиі ести бастадым. Бізге Нью-Джерсиге бару керек деп айтты, бұл жерде бүкілі жасыл, бір қабатты үйлер – бұл бізге фильмдерде көретілген Америкаға сай қала,бірақ сол жерде іш пысады,тым қызықсыз. Уақыт өте біз ескі үйге,көршілерімізге үйреніп қалдық.



Нью-Йорктегі бизнес пен визалар туралы



Кетіп баратын адамдардың көбісі виза жайлы ойламайды. Бірақ туристтік визамен үйді жалдап алуға,кез-келген банкта шотты ашуға мүмкіндік жоқ, тек Bank of Amerika-да ғана. Тек сол жерге келіп, мен Америкада жарты жыл ғана бола алатыным жайлы білдім. Виза он жылға беріледі, бірақ бір жолғы орналасу – жарты жылдан аспауы керек. Егер сен шекаралық тәртіпті бұзсан, басқа визалармен қиыншылықтар туады. Ал менде болашақта бизнес-визаны ашуға жоспарым болды. Осыған шамамен 9000$ қажет.


IMG_3531.PNG


Кәсіпкер ретінде мен басынан бастап негізгі мақсатымды – барып, бизнес ашу деп қойдым. Мен ақшалары бар белгілі бір жігіттермен сөйлесіп, олар менің жобаларыма ақша инвестициялауға уәде берді,бірақ уақыт өте олар шешімін өзгертті. Сондықттан мен өзім қозғала бастадым, күн сайын Манхеттенге барып жүрдім. Мен неден бастау керек екенін білмедім, себебі сол жерде жобаларым үшін адамдар, ақша болатынын күттім. Тағы мен медицина саласында ашуға жоспарлаған жобамды ашуға мүмкін емес болды,себебі Америкада медициналық бизнестің иегері дәрігер болу керек. Қазақстанда мен кәсіпкер ретінде клиникамды аштым, дәрігерлерді жалдадым, ал сол жерде компания 100%-ға дәрігердің басшылығында жұмыс істеуі керек.

Мен күн сайын үйден шығатынбым, себебі Бруклин бізді қысатын: мені,жұбайымды, балаларымды. Мен метроға дейін 15 минуттай жететінбім, содан соң Манхэттенға дейін шамамен бір сағаттай баратынбым, бірақ осыған тез үйренесін. Мен Манхеттеннің бүкіл орамдарын бастан аяғына дейін аралап шықтым. Бірінші үш апта бойы мен тек қаламен таныстым, кофеханаларда тоқтадым, кофені сатып алатынбым да, жай ғана тұрып, адамдарға қарайтынбым. Бұл күйзелісті,бірақ қызықты кезең болды.


IMG_3525.PNG


Уақыт өте мен өзім істей алатын бірденені ашу қажет екенін түсіндім. Мен таңдай бастадым: сатулар, интернет-сатулар, сұлулық салоны. Бірақ мен нені тандасам да,соңында жолым болмайтын. Осылай екі ай бойы жалғасты. Содан соң мен We work коворкингте үстелді жалдап алдым. Және азды көпті өз ортама қайта оралдым, бұл жерде мен есімді жинай бастадым,дәл сол жерде менде біреумен сөз алмасып, жұмыс йстеуге ынталысым пайда бола бастады. Мен сол жерде 10 жылдың ішінде таныспаған қазақтар санымен төрт айдың ішінде таныстым. Неғұрлым менің көбірек байланысым болса, соғұрлым тезірек бейімделе бастайтынымды мен түсіне бастадым. Шың мәнінде мен сол кезде кезінде Астанаға енді ғана көшкен кездегі істерімді қайта қайталай бастадым.


IMG_3530.PNG


Содан соң мен пәтерлер жөндеуімен айналысуға шештім. Осыған қоса өте қызықты жағдай болып қалды, Астанада менің басшылығымда тәжіктер бригадасы жұмыс істеген, ал Нью-Йоркте олардың ағасы жұмыс істеді. Мен оны тауып алдым, біз ұзақ уақыт бойы сөйлестік, және ол маған Манхеттенде тапсырыс алуға мүмкін емес екенін айтты, себебі бұл жерде италиялықтар, мафия бар, компанияға ірі сақтандыруларға ие болу керек. Мен оны бір сағаттай тыңдадым, бірақ мен түсіндім,оны неғұрлым ұзағырақ тындасам,соғұрлым менің сенімділігім жойыла бастайды. Сондықтан мен бұл мүмкін емес екені жайлы сөздерді естімеуге тырысып отырдым. Мен түсіндім, Манхеттенде тапсырыстарды алуға бастау үшін,сенің Манхеттен тұрғыны үйін жөндеуге сеніп тапсыра алатын мәртебелі делдалын болу керек. Мен Қырғыстанда тұратын брокер-жігіттің номерін тауып алдым, ол анасымен 16 жасында Нью-Йоркке көшіп кеткен. Ол пәтерлердің сатуымен айналысады. Ол мені офисқа шақырды және біз келістік, ол пәтерлерді сатқан кезде менің жөндеу қызметтерімді ұсынады. Менде бригадам бар болған себептен,мен бұл қызметті жақсы білемін. Бірақ бір кезде ол да жоғала бастады. Бірақ бір күні мен ашулануға дайын болғанда,ол маған тапсырыс ұсынды. Және сол кезден бастап мені ойымды жинап, өзіме қайта сене бастадым, себебі мен екі жарым айдай менде бұл істің шығатынын не шықпайтынын түсіне алмай отырдым.

Менің жұбайым керемет, ол көп уақыт бойы армандаған мейкап, үндіс билер курсын тауып алды. Және соңғы айларда біз өмір ырғағына кіре бастадық – жиһазы болмаса да, өз пәтеріміз бар. Мен көрпе үстінде ұйықтадым, себебі біз ең біріншен балаларымызға төсекті ,содан соң матрасты сатып алдық,ал содан соң кезек-кезекпен қалғанын да сатып ала бастадық.


IMG_3526.PNG


Бізде жұмыс істемеу – бұл арзан, ата-аналарымызда,туысқандарымызда,достарымызда тұруға болады. Және адам бір жұмыстан шығып кетіп,келесі жұмысқа тұрмағанша үш-төрт ай бойы дем алатыны жайлы жиі естиміз.Ал Америкада жұмыс істемеу – қымбат, бұл жерде жұмыс істемеуге болмайды, тек егер сенің 100 000$ сомасында жинағын болса ғана. Бүкіл жұмыс істемеген адамдар – қаңғыбас, баспанасыз адам, қалғандарының бүкілі жұмыс істейді.

Нью-Йорк – бұл мемлекет сияқты, себебі оның ырғағы орасан. Бұл жерде өзінің заңдары мен ережелері бар. Бұл қала тек жұмыс пен бизнес үшін арналған. Нью-Йоркте тұрғандардың барлығы – әдеттен тыс қызық адамдар. Нью-Йорк – бұл Астана сияқты, бірақ 100 есе жылдамырақ.



Қайту туралы



Қайтудың негізгі себептерінің бірі – бұл Астанада қалған бизнесім. Мен жобаларымды бақылаусыз көп уақытқа ешқашан қалдырмайтынбым. Және уақыт айырмашылығы мәселелерді тез уақытта шешуге мүмкіндік бермейтін. Бірнеше айдан соң сәтсіздіктер пайда бола бастады, жігіттер менің қатысуымсыз мәселелерді шеше алмады.


IMG_1379.jpg


Америкадағы соңғы айымда мен әр кеш сайын Қазақстанмен сөйлеп отырдым. Дәл Америкаға кетудің алдында мен жаңа жобаны – жаңа вокзалдағы кафені ұшырдым да,кетіп калдым. Бірақ жұмыс жүргізуге жұмысшыларымның шамасы келмеді, вокзал директоры уайымдай бастады. Қатарласа клиникада қиыншылықтар туа бастады, дүкеннен ашуланып директор қоңырау шала бастады. Осы жағдайлар маған сол жерде тыныштық бермеді, ақша жеткіліксіз болды, және мен ісімді бұрынғыдай жүргізе алмадым. Нәтижесінде мен досыммен ақылдастым да, ол маған қайтып, істерімде тәртіп орнатуға жөн деп кеңес берді. Жұбайыммен ақылдасып, біз бүкілінен айырыла алатынымыз мүмкіндігін түсініп,қайтуға шешім қабылдадық. Жиналып, пәтерімізді өзбектерге қайта жалдап, Астанаға қайтып кеттік.

Мен қазір сол жерге қайту мүмкіндігін жоймаймын, бірақ енді барсам, тек ақшам бар тұрақтанған бизнесмен түрінде ғана барамын. Сол жерде бизнесті ашу оңай,бірақ оны бастаудың бағасы қымбат. Бүкіл қиыншылық инвестицияларда. Құрылыс қомпаниясын ашу үшін, үлкен тәжірибесі бар құрылысшыларды жалдау керек, ал бұл оңай емес. Лицензия анағұрлым қымбат. Компанияны ашу шамамен 30 000$ қажет етеді, ал ірі жобаларға көп миллионды сақтандыру қажет.

Жұмыс визасын алу қиын,себебі бүкіл Америкаға бір жыл ішінде тек 70 000 жұмыс визасы беріледі. Және оны алу мүмкіндігі нөлге жақын. Сол жерде қалудың екінші заңды мүмкіндік – яғни жұмыс істеуге рұқсат алу – бұл студенттік виза. Бұл жерде сен тек кампус шегінде жұмыс істей аласын, оның өзінде тек бірнеше сағат ғана. Тағы екі мүмкіндік – бұл тұрмысқа шығу немесе саяси баспана сұрау. Бірақ осындай кетіп қалғандарының барлығы жүрегінің түбінде Қазақстанға оралғысы келеді.

Мені жиі сұрайды, қай жақта жақсырақ. Мен қайда жақсырақ екенін айта алмаймын, себебі бүкілі қатысымды және жеке адамға байланысты. Бірақ қай жақта жақсырақ екенін түсіну үшін,істеп көру керек. Менің барлығына бұрмалаусыз кеңесім,егер барғыныз келсе – барып көрініз. Егер ұнамаса, әрдайым жаңа күшпен осында қайтуға болады.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.