facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/be7/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/27n10cw7c1blr0ienihiqjsthybeft5p.JPG
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)
nsh-asik-z-shy-armashyly-y-men-bolasha-zhosparlary-turaly
logo
Әнші Asik өз шығармашылығы мен болашақ жоспарлары туралы

27.04.2024

Әнші Asik өз шығармашылығы мен болашақ жоспарлары туралы

«Клятвы» әні барлықтарыңыздың естеріңізде ме? Сол әннің авторы Аслан Абдрахмановпен қызықты сұхбатымызды қабыл алыңыздар. Толығырақ weproject.media сайтында.

Абдрахманов Аслан Берикович, әнші, @asik_abdr

қазақстандық әнші

Өзі туралы

2004 жылдың 26 наурыз күні, Ақтөбе қаласында дүниеге келдім. Ақтөбе қаласында физика-математика бағытында білім алдым. Қазіргі кезде AIU университетінде халықаралық қатынастар мамандығында оқимын. Өзім үйдің кенже баласымын және үлкен екі ағам бар.

Бос уақытымда көбінесе ұйықтаймын. Концерттер көп болғандықтан ұйқым қанбайды, сондықтан бос уақытым тек ұйқымен өткіземін.

Шығармашылығы туралы

Музыкамен айналысып келе жатқаныма көп жылдан асты. Музыкаға деген қызығушылық мектеп кезінен басталды. Музыкалық жанрлардан көбінесе лирика ұнайды. Лирика жанры мені қатты шабыттандырады. Лирика дегеніміз— адамның көңіл-күйін, сезім дүниесін тікeлей бейнейлейді. Әндерді жазғанда нақты критерийлер болмайды. Барлығы интуитивті түрде.

Менің әр әнім нақты бір қызға арналады. Мен махабатқа құштар жанмын десекте болады.

Не шабыттандырады

Маған кез келген батыстың танымал әртісі мені шабыттандырады. Негізінен қазақша әндерді тындаған ұнайды. Бұл қызық естілуі мүмкін, бірақ бұл шындық.

қазақстандық әнші

Мен үшін ең маңыздысы шығармашылық еркіндік пен коммерциялық табыс. Осы аспектілерді бірге ұстап жүруге тырысамын. Екі аспектілер әрдайым қатар жүру қажет. Концерттерде тындаушыларым менімен бірге әнімді айтқан кезде мен эйфория сезімін сезінемін. Желілерде әндерімді қолданып, қолдау көрсеткенде мен бір шабыт аламын.

Ән жазу процесі

Ән жазу процесі көңіл-күйіме байланысты. Бәрі өткен өмірге деген ренішім, бұрынғы тәжірбиелерімді еске алған сәттен басталады. Менің ойымша, бұл қызық естілуі мүмкін, бірақ барлық әндерім солай жарыққа шығады. Кейбір әртістер кез келген нәрседен шабыт алады немесе бірдеңені қолданады, ал менде бәрі көңіл-күйге байланысты.

Барлық жұмысқа ұқыпты және жауапкершілікпен қарау қажет. Барлығын өз бақылауыма алып, жауапкершілікпен қараймын. Көп нәрсені өзімнің ішкі жан дүнием қалағандай жасаймын және де менің жұмыстарым тындаушыларыма ұнайды.

Болашақ жоспарлар

Алдағы жобалар өте көп, бірақ бұл туралы ештене айта алмаймын. Басты мақсаттарымның бірі: 20 платиналық диск немесе одан да көп жарыққа шығару және жақын арада бәрін хабарлаймын, бірақ тыңдаушыларымды жағымды жаңалықтар күтіп тұр.

Жас әншілерге ақыл-кеңес

Айтарым, шоу-бизнестегі достыққа сенбеңіз, жеке қозғалыңыз, тоқтамай дамыңыз, кез келген заттарға араласпаңыз. Осы атап кеткен заттарым мансапқа нашар әсер етеді. Әрдайым өз жұмысыңызды жақсы көріңіз, барлығына шынайы қараңыз, анаңызды сүйіңіз, содан кейін барлығы жақсы болады.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.