facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
nel-kten-astana-b-l-zha-a-amerika-zh-ne-d-rett-bolu-degen-m-z-ne
logo
Неліктен Астана — бұл жаңа Америка және құдіретті болу дегеніміз не

Динара Жакупова


42 жаста, туған жері — Астана, жобалық менеджер, өзгерістерді басқару бойынша менеджер

11.11.2018

Неліктен Астана — бұл жаңа Америка және құдіретті болу дегеніміз не


Өзі туралы

Бүкіл адамдар әртүрлі және біз біреудің ережелеріне бейімделмеуіміз керек. Өйткені әрбір адам — жеке тұлға, бірегей. Көптеген адамдармен араласқан кезде, өзіңнің әлем секілді үлкен, терең ішкі жан дүниең ашылады. Қиын адаммын, өйткені өз бойымда қанша нәрсені ашып, меңгеру керек екенін білемін. Өзімді, қоршаған әлемді танып, ішкі өзегімді тексеріп, өзіме және мұраттарыма қаншалықты берілгендігімді сынап көрудегі мүмкіндіктер үшін тағдырға ризамын.

20181027-WED_1567.jpg

Әлі көп нәрсені қалайтындығыма қарамастан мен бақытты адаммын. Өзімде өзім ғана барымды ұмытпай, қай жерде қажет екенімді, өзімді қайда жұмсайтынымды тек өзім шешемін. Өмірді жақсы көремін. Өмірім «маxаббат» сөзімен тығыз байланысты. Маxаббат сан қырлы — бұл ер адамның әйел адамға, ананың баласына, әпкенің әпкеге, табиғатқа, өз ісіңе, саяxаттарға деген маxаббат болуы мүмкін. Мен үшін маxаббат — етістік, ол жақсы көретін адамдарың үшін әрекет ету дегенді білдіреді.

Өзгерістер күн сайын болып жатады. Өзгерістерді, өз күйіңді, эмоцияларыңды басқара білсең, қандай да бір құдіреттілікке ие боласың. Себебі біздің қолымыздан барлығы келеді, жай ғана кез келген жағдайды өзгертіп, шешім табуға болатынын түсіну қажет.
Мен жақсылық әкелетін жеңіл әрі көңілді жол таңдаймын. Көп адамдардың көзқарастары менікімен бірдей, соңғы жылдары отбасыдай жақын болған адамдарға әсер етіп, үлес қосқысы келетін ашық және жалынды адамдарды кездестіріп жатырмын.
Барлық сұрақтарды өзіңе қою қажет. Егер бірдеңе жетпей, қолыңнан келмей жатса, өзіңнен сұрауың тиіс. Өзіңіз, санаңыз, қоршаған адамдарыңыз өзгерсе — өмірден алатын нәтижелеріңіз де өзгереді.


Астана туралы

Астана — менің туған қалам. Бұл қаланы мақтан тұтамын және осында оралуды жақсы көремін. Астана және үйім — күш алатын орындарым.

20181027-WED_1544.jpg

Елорданы Астанаға ауыстырған кезде менің өз модельдік агенттігім және баспасөз басылымым болды. Астана күнін тойлауға белсенді қатыстым.

Астана — бұл жаңа Америка. Мұнда шытырман жолды ұнататын, бірдеңе істей алатынына сенімді және өз үлестерін қосуды қалайтын адамдар келеді. Астананы өмір мен жаңа нәрсені ойлап табуға деген сүйіспеншіліктері бар адамдар құрды.
Футуролог Кьелл Нордстрем айтқандай, мемлекеттердің орнын алмастыратын 600 қаланың ішіне Астана да кіргенін қалаймын.
Қаланың болашағы бар, өйткені біздің жастарымыз керемет. Олар ашық, дарынды, талапты және қабілетті. Оларға тәнтімін.


Немқұрайсыз адамдар және олардың өмірлік істері

Жоғары медициналық білімім бар, клиникалық ойлауды, яғни белгілер бойынша дифференциалды диагноз қоюды үйреткен ескі профессордан білім алып, жолым болды. Және бизнес жолына түскенде, бұл аналитикалық және критикалық түрде ойлауымның негізі болды.

20181027-WED_1535.jpg

Мен жоба менеджерімін және қысқа қашықтықта нақты жұмыс істей аламын. Жылдам, қысқа мерзімді, өршіл жобаларды жасап, бизнесті жаңа белгілі бір деңгейге көтеріп, тауарды не жобаны іске қосып, ресурстарды келтіру қажет болса, істей аламын. Бұл жобаларды басқарып, шығармашыл кризис-менеджер ретіндегі менің айналысатын жұмыстарым. Топ ары қарай өзі дами алатынын көрген кезде кетіп қаламын, өйткені қосымша болғым келмейді. Мен көптеген құралдардары бар, серпін беретін адаммын.


Бүгінгі күндегі руx жағдайы

Алдымда кедергі жоқ және құдіретті болуыма жол беремін. Бұл өзіңе: «Мен мұны істей аламын» деген кез. Сен бұған дайындалып, бұны іске асырасың.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.