facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/39a/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/39af5750bf40c446ef6536ebc714b445.jpg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)
nege-italiyady-sabyrly-bolu-kerek-zh-ne-eldeg-byurokratiya-zhayly
logo
Неге Италияды сабырлы болу керек және елдегі бюрократия жайлы

02.04.2020

Неге Италияды сабырлы болу керек және елдегі бюрократия жайлы

Екатерина Зусман, 24 жаста, туған жері — Алматы, туристік агенттіктер менеджері, гид, жүргізуші,@zusmann

zusman(5).jpeg


Алматы — Рим


Италияға сегіз жыл бұрын университетте оқу үшін көшіп келдім. Рим қаласында тұрамын.

Мұнда келетін адамдардың көбісі алдымен итальян тілін үйрететін курстарға барады. Одан кейін студенттік визаны жұмыс визасына аударады. Осылай ыңғайлырақ, себебі Италияда бюрократия жоғары деңгейде.

zusman(1).jpeg


Көшу кезіндегі қиындықтар


Италия солтүстік және оңтүстік деп бөлінеді, бұл екі түрлі аймақ. Оңтүстікте адамдар жалқау, жақсы ауа-райы мен дәмді тағамдармен рақаттанады. Ал, солтүстікте ауа-райы қатал, өндіріс, кәсіп және үлкен компаниялардың бас кеңселері орналасқан.

Рим Италияның орталығынды орналасқан және менталитет бойынша оңтүстікке жатады. Мұнда ешкім ешқайда асықпайды, адамдар әр күнін ең соңғы күндей өткізеді. Статистика бойынша Рим қаласында жылына 270 шуақты күн бар.

zusman(2).jpeg

Сондықтан ең алдымен сабыр керек. Егер бұл қалада пәтер жалдағыңыз келсе, мұны жарты жыл алдын ала жасау керек. Тек ғаламтордан ғана іздемей, бұрын жалдап тұрған адамдармен араласыңыз, олардан кеңес сұраңыз. Мұнда ештене тез істелмейді. Жұмыс беруші мен жалға беруші сізге бір апта, бір ай, тіпті бір жыл жауап беруі мүмкін. Мүлдем жауап бермеуі де мүмкін.

Ең алдымен сабыр керек

Құжат рәсімдеу де тура солай. Рим — бұл хаус. Егер мекендеу қағазын басқа елде сізге бір апта ішінде жасап берсе, әрі кетсе бір ай, ал Италияда ол жарты жыл-бір жыл болуы мүмкін.

Мен жеке меншік американдық университетте оқығандықтан, оқу орыны біз үшін барлық сұрақтарды шешіп беретін. Біздің баспанамыз болды, құжаттарды жасауға көмектесті. Сондықтан бастапқы кезде қиыншылықтар болған жоқ. Бірақ университет бітіргеннен кейін баспана іздеуге көп уақыт кетті. Бұл жағынан Рим әлі күнге дейін басқа цифрландырылған елдерден қалып тұр.

zusman(1).jpg


Италиядағы өмір жайлы


Римдегі өмір — бітпейтін демалыс сияқты. Мұнда мықты атмосфера. Әр бұрыш — тарих. Мен бұл қаланы шексіз жақсы көремін.

Мұнда әрқашан жақсы ауа-райы және көтеріңкі көңіл-күй. Егер барға көңілсіз барсаң, бармен сен күлімдеу үшін саған тегін кофе әкеліп беруі мүмкін. Итальяндықтар — бір үлкен отбасы сияқты. Олар бірден жақын адамдар сияқты болып кетті. Менталитет бойынша қазақтарға ұқсайды.

Римде адамдар әрдайым тамақ, саясат немесе футбол жайлы айтады. «Лацио» немесе «Рома» топтары ойнаған кезде сен футболға қызықпасаң да, барлық ақпаратты біліп отырасың. Өйткені барлық көшелер мен пәтерлерден айғайлайды.

Римде адамдар әрдайым тамақ, саясат немесе футбол жайлы айтады


Италияда жазылмаған ерекше ережелер бар, оларды міндетті түрде сақтау керек. Мысалы, капучиноны тек түске дейін ішуге болады. Американоны бұл жерде ішпейді. Ол кофе кедейлер үшін. Ал тауық еті қослыған пицца мұнда мүлдем жоқ.

Сондай-ақ итальян тілін білу міндетті. Егер басқа 10 тіл білсеңіз де, итальян тілін білмей еш нәрсеге қол жеткізе алмайсыз.

Елде коммуникациялар мен қарым-қатынас маңызды. Барлығы дұрыс адамдармен қарым-қатынастан бастау алады.

zusman(3).jpeg


Қызметі жайлы


Мен Рим тарихын оқыдым, сондықтан университеттен бастап қай бағытта жұмыс істегім келетіні жайлы білдім. Мен ағылшын және орыс тілдеріндегі екі туристік жобаны дамытумен айналыса бастадым. Сондай-ақ достарымызбен digital-маркетинг агенттігін құрдық. Түрлі қалалар мен елдерге бардық, хакатондар, startup weekends-ге белсенді қатыстық — мұнын бәрі қарым-қатынасты жақсартуға көмектеседі.

Туризм саласын таңдағандықтан, қазір агенттік менің уақытымның тек 10%-ын алады. Саяхат — менің сүйкті ісім, 48 елде болдым. Сондықтан маған Рим туралы туристерге айту ұнайды. Гид — мен армандаған жұмыс.

zusman(4).jpeg

Италияда жұмыс табу үшін итальян тілін біліп, шыдамды, тартымды және жақсы маман болу керек. Басқа жағдайда Италияда қалу қиын болады. Мен Римде жұмыс іздеген кезде көп сұхбаттан өттім. Кейде маған хабарласамыз деп уәде беріп, хабарласпағандар болды. Ал кейде мен Еуропадан болмағандығымнан ғана бас тартатын. Құжаттарды рәсімдеу және шетелдіктер үшін салық төлеу компанияларға тиімсіз.

Италияда жұмыс табу үшін итальян тілін біліп, шыдамды, тартымды және жақсы маман болу керек

Италияда жұмыс істеу үшін бұл елді сүю керек. Өйткені басқа елдерде экспаттар үшін мүмкіндіктер көбірек. Мысалы, Римдегі орташа жалақы 2019 жылы салық шегергеннен кейін 1390 еуро. Бұл ретте пәтер үшін сіз кем дегенде 700 Еуро беретін боласыз. Ал университеттен кейін адамдар жұмыс таба алмайды немесе тегін жұмыс істейді немесе 400-600 еуро алады.


Көшу қалай әсер етті


Мен қарапайым және позитивті бола бастадым — бұл дағдыларды бірден дамытуға тура келді. Италиялықтар үнемі құшақтасып, бір-бірін сүйеді, бірдеңе береді, өмірлерімен рахаттанады.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.