facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
nazarbaev-ziyatkerl-k-mekteb-boyynsha-e-toly-zholn-s-a
logo
Назарбаев зияткерлік мектебі бойынша ең толық жолнұсқа

31.07.2017

Назарбаев зияткерлік мектебі бойынша ең толық жолнұсқа

Біз тек Астанадағы ғана емес бүкіл Қазақстан бойынша сұранысы жоғары мектептердің бірінде балалардың қалай білім алатындығын білуге шешім қабылдадық.


Арсен Байтұқов, Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры



Тарихы



Мектеп 2008 жылы ашылды, бастапқыда тек химия-биологиялық бағытта болған еді. Содан кейін оны Халықаралық Бакалавриат бағдарламасына көшіру шешімі қабылданды. Бұл бағдарлама аясында оқушыларға білім алу бағдарын таңдау икемділігі ұсынылатын болғандықтан химия-биологиялық бағдар алынып тасталды. 2013 жылдың сәуірінде Халықаралық Бакалавриат мәртебесін сәтті түрде иеленді. Бұл осы бағдарлама бойынша білім беретін НЗМ желісіндегі жалғыз мектеп.


1.jpg


2.jpg



Оқу бағдарламасы



Халықаралық бакалавриат — бұл бүкіл әлем бойынша мектеп желілерін біріктіретін ұйым


XX ғасырдың 50 — 60 жылдарында ол жиі көшіп-қонатын дипломаттар балаларының мәселелерін шешу үшін құрылған болатын. Олар үшін бірыңғай бағдарлама құру керек болды. Мұнда баланың икемділігіне сүйене отырып балалардағы жоғары тәртіптегі дағдыны қалыптастыру көзделген: жоспарлай білу, талдай білу, жобаларды жасай білу.


Дегенмен, бізде тоқсандықтар болса да бағалау семестр бойынша жарты жылда бір жүргізіледі. Осы ретте, біз үшін «төрт» немесе «бес» бағаларының көмегімен бағалау үйреншікті емес. Оның орнына– назарды неге аудару керек, онда қандай қиындықтар туындайды сияқты ата-аналарға арналған бала туралы егжей-тегжейлі есептеме жазылады.


3.jpg


4.jpg


Мектептегі ең ерекше нәрсе — Халықаралық Бакалавриат бағдарламасының өзі болып табылады. Осындай мектептің мемлекет құзыреттілігінде болуы өте сирек жағдай. Негізінде, осындай жағдайды тек жекеменшік мектептер жасай алады.


Білім берудің осындай түрі Еуропада шамамен жылына 30 000 евро тұрады


Біздің балалар оны тегін ала алады. Және біздің диплом оларға әлемдегі ең үздік жоғарғы оқу орындарына қосымша емтихансыз түсуге мүмкіндік береді.



Оқуға түсу



Байқау негізіндегі іріктеу екі тестілеуден тұрады: пән бойынша тестілеу және қабілеттілігі бойынша тестілеу. Пән бойынша тестілеу математика, қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілдері бойынша өткізіледі. Тапсырмалар оқушының білімі және оны қолдана алуына, функционалдық сауаттылығын бағалауға бағдарланған. Математика бойынша сұрақтарда өмірде кездесетін әр түрлі оқиғалар, диаграммалар, графикалар, суреттер қолданылады.


5.jpg


6.jpg


Қабілеттілігі бойынша тестілеу талапкерлердің жаратылыстану-математикалық ғылымдарды зерделей алатындықтарын тексереді. Мұнда тапсырмалар цифрларға сүйену, объектілер арасындағы кеңістіктік байланыстарды түсіну және есте сақтау, үш өлшемді объектілерді кеңістікте ойша айналдыру және үш өлшемді пішіндерді кеңістікте текшелеу қабілеттерін бағалауға бағытталған.



Оқушылардың қоғамдық өмірі



НЗМ-да пікірталас клубы, ағылшын тіліндегі актерлік шеберлік мектебі, графикалық дизайн, «Максимумға қол жеткізу» психологиялық клубы, ағылшын тіліндегі кітап оқу клубы, футбол, шахмат, көркемөнер-эстетикалық қызмет, күрес, үстел теннисі, волейбол, баскетбол, вокалдық ән айту мектебі және би студиясы сияқты секциялар мен үйірмелер кеңінен танымал.


7.jpg


8.jpg



Инфрақұрылым



Назарбаев Зияткерлік Мектебі — тәжірибелік жоба, мұндай жобаны құру туралы шешім 2008 жылы қабылданған болатын. Сол кездерде Қазақстанда білім берудің халықаралық стандарттарын қолдануға болатынын тексеру үшін бірнеше мектептер ашылған болатын. Сондықтан қазіргі уақытта, мемлекет тарапынан жүргізіліп отырған қаржыландырудың арқасында техникалық жабдықтаулар, компьютерлер, кітапханалық қор сияқты барлық қажеттілер бар .


Мектеп аптасына бес күн жұмыс істейді. Онда балалар дәрігерінің бақылауы, тіс дәрігері және психологиялық жеңілдеу кабинеттері қарастырылған. Бейнебақылау орнатылған, оқушыларға арналған жатақхана жұмыс істейді.


Балаға арналған грантқа киімдер жинақтамасы мен спорттық костюм кіреді. Қалада тұратын балаларға — үш реттік, ал жатақханада тұратын балаларға — бес реттік тамақтандыру қарастырылған. Біздің бағдарламалар тек 2012 жылы жазылғандықтан оларға арналған оқулықтар әлі жоқ. Бізде ресейлік классикалық және қазақстандық оқулықтар бар, бірақ біз оларды іріктемелі түрде қолданамыз.


9.jpg


10.jpg



Оқытушылар



Бізде алдыңғы қатарлы тәжірибелі мұғалімдер бар, бірақ олардың саны тек 20%-ға жуық.


Мұғалімдердің көпшілігі — айтарлықтай жас мамандар


Ол сабақтарды ағылшын тілінде өткізу керек болғандықтан орын алды. Сонымен қатар, біз шетелдік мұғалімдерді де іздестірудеміз, олардың арасында іріктеулер жүргізудеміз. Олар, біріншіден, балаларға арналған тілдік ортаны құру үшін, ал екіншіден, біздің оқытушылармен тәжірибе алмастыру үшін қажет. Орта білім беретін мектептерде сабақ үш тілде өткізілсе, ал жоғары мектептерде «Қазіргі әлемдегі Қазақстан» және «Қазақ тілі» пәндерінен басқа сабақтар тек ағылшын тілінде өткізіледі.



1.jpg


2.jpg

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.