facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
nauryz-k-zhe-el-m-zd-r-ayma-ynda-alay-dayyndalady
logo
Наурыз көже еліміздің әр аймағында қалай дайындалады
Өмір сүру стилі

20.03.2017

Наурыз көже еліміздің әр аймағында қалай дайындалады

Солтүстік Қазақстан


Құрамы: сүр ет, су, күріш/тары, тұз, ұн, құрт, сары май


Жасалу жолы:


Етті бөлек ыдыста шала пісіріп алады. Басқа ыдыста күріш/тарыны қайнатып алып, оның үстіне етті салып қайнатады. Пісіп келе жатқанда бір қасық сары май қосады. Көже қою әрі тойымды болу үшін кесеге аздап су құяды да, ұнды салып араластырады. Осы қоймалжыңды ең соңынан көжеге қосады. Наурыз көжені дастарқанға бауырсақпен ұсынады.




Орталық Қазақстан


Құрамы: шұжық/қазы, су, арпа жармасы, сары май, айран, мейіз, тұз


Жасалу жолы:


Шұжық/қазыны бөлек пісіріп алады, қайнап жатқанда сорпасы таза болуы үшін көбігін алып отыру қажет. Арпа жармасын бөлек суда қайнатады. Етті пісіріп алған соң, оның сорпасына арпа жармасын салып, тағы бір рет қайнатып алады. Етті ұсақтап турап сорпаға салып, тұз қосып араластырады. Сорпа ыстық болып тұрғанда оған сары май қосады. Суығаннан кейін айран құйып, бетіне мейіз салады. Дастарқанға бауырсақ, шелпекпен, күлше нанмен ұсынылады.




Шығыс Қазақстан


Құрамы: сүр ет, су, арпа жармасы, күріш, тары, құрт, тұз


Жасалу жолы:


Етті пісіріп алған соң, оның сорпасына арпа жармасын, кейін күріш, тарыны салып қайнатады. Етті ұсақтап турап үстіне салады да, езілген құртты қосып араластырады. Дәміне қарай тұз қосылады. Сүр ет болмаған жағдайда бір-екі күн бұрын етті жақсылап тұздап қойған жөн. Дастарқанға бауырсақ, шелпек және құртпен ұсынылады.




Батыс Қазақстан


Құрамы: сүр ет, су, тұз, сәбіз, арпа жармасы, мейіз, сүт/айран


Жасалу жолы:


Етті бөлек пісіреді де, арпа жармасын бөлек ыдыста пісіреді. Жармамен бірге туралған сәбізді салып қайнатып, дәміне қарай тұз қосады, содан кейін мейізді салып араластырады. Соңында ұсақтап туралған етті салып, айран немесе сүт құяды. Дастарқанға құрт, күлше нан, бауырсақпен ұсынылады.




Оңтүстік Қазақстан


Құрамы: сүр ет, су, жүгері, күріш, бұршақ, қатық, тұз


Жасалу жолы:


Сүр етті пісіріп алған сорпаға күріш, жүгері, бұршақты салып қайнатады. Көжеге етті ұсақтап турап араластырады да, тұз қосады, суығаннан кейін қатық құяды. Дастарқанға әкелгенде міндетті түрде құрт, бауырсақпен ұсынылуы тиіс.


Материалды дайындауға көмектесіп, өз тәсілдерімен бөліскен Туремуратова Рима, Ибрайханова Надия, Маханова Баршагүл, Тәттімбекова Бақытгүл, Өзекова Ақботаға алғыс білдіреміз.


Басты беттегі фотосуреттің дереккөзі: dagdist-center.ru

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.