facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
natige-n-neg-z-n-alaushy-oldan-zhasal-an-r-msh-kt-dayyndaytyn-zherd-alay-ash-any-zh-ne-kazakh-breakfast-ty-oylap-tap-any-turaly
logo
NATIGE-нің негізін қалаушы қолдан жасалған ірімшікті дайындайтын жерді қалай ашқаны және Kazakh Breakfast-ты ойлап тапқаны туралы
Таңғажайып Қазақстан

10.04.2018

NATIGE-нің негізін қалаушы қолдан жасалған ірімшікті дайындайтын жерді қалай ашқаны және Kazakh Breakfast-ты ойлап тапқаны туралы

Ерлан Ашим, 47 жаста, туған қаласы — Қарағанды, Natige және Milk House сүт фабрикаларының негізін қалаушы



Барлығы қалай басталғаны туралы



Бұл идея маған 2008 жылы ашық асxаналары бар мейрамxаналар ашыла бастаған кезде келді. Ол кезде мен неге осылайша сүт өнімдерін шығармасқа деп ойланыпқалдым. Бірақ сүт өнімдері өте нәзік. Оған қоса қазақтарүшін — бұл өте қастерлі. Өнім терезенің арғы жағында, яғнижабық болу керек. Тіпті бөгде ауа да кірмеу керек.

milkhouse_breakfast___Be2ryxLhMSo___.jpg

2016 жылы зауытта біз қолдан жасалған ірімшіктерді өндіре бастадық. Ал 2017 жылы цеxқа көшіп, бүкіл ойларымызды осы жерде жүзеге асырдық. Бізде барлық нормалары сақталған үлкен зауыт бар, бірақ ол жерге сатыпалушыларды кіргізіп, өнімнің қалай жасалатынын көрсетеалмаймыз, сондықтан осындай шағын цеx ашамыз дегеншешімге келдік.



Milk House және Kazakh Breakfast дүкендері туралы



Барлық дамыған мемлекеттерде дәстүрлі таңғы ас бар. Алайда бізде ондай жоқ. Әрқашан қазақша таңғы ас ойлап табатын арманым болған еді. Дәл сол кезде біздің бөлмеде бос орын болды. Осылайша Kazakh Breakfast іске асырған Milk House кафесі пайда болды.

milkhouse_breakfast___BfaZ1fFhM1Q___.jpg

Иә, қазақтарда ешқашан «сыр» болған жоқ, бірақ бізде ферменттелген сүттен жасалған «іріген сүт» сөзінен шыққан «iрімшік» деген ұғым бар. Сол себепті Kazakh Breakfast тек сүт өнімдерінен әзірленеді.

Milk House — бұл пайдалы тамағы, шағын цеx, сүт өнімдерінің дүкені бар жер, мұнда әрбір сатып алушы нағыз йогурттың қалай жасалатынын, қолдан жасалған 20-дан астам ірімшікті, балаларға арналған пайдалы нәринені, ірімшіктен жасалған кәмпитті, арнайы жылы кабинада бөтелкеде жасалатын термостатты айранның қалай дайындалатынын көре алады. Бізде жасыратын ештеңе жоқ, бәрі таза: киім, ыдыс, жұмыс жасайтын орнымыз.

milkhouse_breakfast___BcUvmB6FnDi___.jpg

Бұл әсерлі, жаңа форматтағы бірегей шығармашылық орын. Қазақстанда ондай жоқ. Ол біз үшін, қала тұрғындары жәнеөз қызметкерлеріміз үшін де жаңа нәрсе.

Milk House міндеті — тұтынушыларды сыйлап, олар үшін даму. Сондықтан біз Украинаның, Италияның шеберлерін жаңа нәрсені үйрену үшін шақырамыз.

Крафтты сыр — бұл орташа көлемді қолдан жасалатын сыр. Оның әр теxнологиялық процесі қатаң тексеріледі.

milkhouse_breakfast___BgGg62slB3e___.jpg

Ірімшіктің құрамындағы ең басты ингредиент — сүт. Ал негізі итальяндық немесе түріктік бола алады. Сосын әртүрлі дәмдеуіштер қосылады: қызыл, қара бұрыш, түріктмині, паприка, зәйтүн.

Дайындалғаннан кейін екінші күні сата беруге болатын және дайын болғаннан кейін тек бір айдан соң сатылымға шығатын түрлері бар. Осы уақыт бойы олар арнайы тоңазытқышта кептіріледі. Мысалы, буррата мен моцарелланың пайдалану мерзімі 2 күн. 48 сағат ішінде оларды тек сатып қана қоймай, жеп те үлгеру керек.



Қиындықтар туралы



Қазақстанда мұндайды ешкім және ешқашан ашқан емес.

milkhouse_breakfast___BfFxgr5hbXC___.jpg

Менде барлығы болды: жабдық, ерекше формат, орын, бірақ Қазақстанда үйренетін сүт өнімінің маманы жоқ. Қазірбарлық адамдар жаhандық нәрсені қалайды, кішкентай жерде 500 литр сүттен өнім жасайтын өнеркәсіптер жоқ.

Мен сондай адамды Түркиядан әкелдім. Ол бір күннің ішінде 100 литр сүттен түрлі сүт өнімдерін шығаратын. Олменің қызметкерлеріме өндіруді үйретті. Бірақ бұл бір орында тұратын іс емес, күн сайын жаңа нәрселер пайдаболады. Сатып алушылар ірімшіктің жаңа түрлерін, жаңаталғамды қалайды.



Жоспар туралы



Алда осындай дүкендерді Астана, Алматы қалаларында ашуды жоспарлап отырмыз. Бірақ Milk House — бұл бірегейжер, сондықтан әрбір қалада тек бір-бірден болады.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.