facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/3c0/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/746uwtskqivy1xojw0pvryknpo6z6p5t.jpg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)
muzyka-kez-kelgen-ortada-payda-bolady-dudeontheguitar-mansap-shabyt-zh-ne-n-shy-aru-turaly
logo
«Музыка кез келген ортада пайда болады»: dudeontheguitar мансап, шабыт және ән шығару туралы
Главный (каз)

17.08.2023

«Музыка кез келген ортада пайда болады»: dudeontheguitar мансап, шабыт және ән шығару туралы

Жақында қазақстандық жас әрі дарынды музыкант dudeonthegitar жаңа альбомын шығарды. Біз оның шығармашылық жолының басталуы туралы әңгімелесіп, Нұрбектің ән жазған кезде неден шабыт алатынын сұрап-білдік, сондай-ақ алдағы жоспарлары жайын талқыладық.


Нұрбек Елемес, 23 жаста, қаласы — Алматы, музыкант, @dudeontheguitar

Dude Kut 0796 финал2.jpg


Бәрі қалай басталды

Мен Сарыағаш қаласының тумасымын. 15 жасымда колледжге бағдарламашы мамандығына оқуға түсіп, Алматыға қоныс аудардым. Осында тұрып, жұмыс істеп жатқаныма сегіз жыл болды.

Музыканы бала кезімнен ұнататынмын. Ән айттым, сахнада өнер көрсеттім, түрлі байқауларға қатыстым. Екінші курста оқып жүргенімде әпкеме гитара сыйға тартты, сөйтіп оны ойнауды үйрендім. Бір-екі аптаның ішінде бірнеше ән үйрендім. Көршілердің мазасын алмас үшін көшеге шығып, жерасты өткелдерінде ойнайтымын. Осылайша 2017-2018 жылдары менің музыкант ретіндегі мансап жолым басталды.

Көшеде өнер көрсетіп жүргеніме екі жылдай болғанда Õzen-діктердің көзіне түстім. Міне, осыдан кейін кәсіби мансабым басталдым.

Шығармашылығы және қайдан шабыт алатыны туралы

Көпшілік мені инди-поп әртісі ретінде таниды, бірақ менде хип-хоп және рэп жанрында көптеген тәжірибелік туындыларым бар.

Музыка кез келген ортада пайда болады. Көбінесе студияда жұмыс істеп жатқанда немесе қаланы аралап жүріп бірдеңе ойлап табамын. Бірде ойыма шумағы келеді, бірде фристайл барысында жаңа мотив туады, оған кейінірек мәтін жазылады. Мысалы, жаңа альбомдағы küibeñ әнін Түркістанда өнер көрсеткенімде сахнаға шығар алдында жаздым. Менің аздаған уақытым болды да, мен мотив пен мәтінін ойлап таптым.

Dude _Kut_0037-Edit.jpg

Әндер жазған кезде достарымнан шабыт аламын. Үйде немесе студияда біз алдымен қандай да бір аспапта ойнап, содан кейін материалдың 80%-ын дереу аяқтаймыз.

Менің алғашқы kõrpe атты альбомым басқалары сияқты тәжірибе ретінде болды. Алғашында бес әннен тұратын жинақ болуы керек еді. Бірақ аз уақыт ішінде біз тағы үш трек жазып шығардық.

Шығарған әндерімнің ішінде сүйікті әндерім жоқ, алайда маған қазір өңдеп жатқан әндерім ұнайды.

Ағымдағы жұмыстары мен жоспарлары туралы

Біз «Дәптер» атты жаңа альбоммен көптен бері жұмыс істеп жатырмыз. Онда уақыт өте келе дыбысталуы өзгерген көптеген ескі ән бар. Тыңдаушылар кейбір тректермен таныс, өйткені мен оларды акустикалық нұсқада ойнадым.

dapter-dude-cover-front.jpg

Әндерді мектеп дәптеріне жазғандықтан, альбом «Дәптер» деп аталады. Мен оларды енді шығармайтын болармын деп жүргенмін. Мен бұл бір жерде қалатын жоба деп ойладым. Бірақ содан кейін оларды нақтылау, жаңа дыбыс беру жақсы деп шештім. Альбомда 10 ән бар, оның екеуі jeltoksan және Yenlik-пен бірге орындалған.

Жұмыс істеуді жоспарлап отырған хип-хоп жанрындағы көптеген әндерім бар. Сондай-ақ көптеген фестивальдер мен презентациялар жоспарланған.

Ақыл-кеңес

Тым қарабайыр естілсе де, оқып-үйрену және үнемі дамып отыру керек.


Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.