facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/5b6/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/5b634a84b34279d518128092f0397e60.png
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)
men-kornell-universitet-nde-o-ydym-aza-standy-tar-shyrmauy-ligasy-universitet-nde-o-u-turaly
logo
Мен Корнелл университетінде оқыдым. Қазақстандықтар Шырмауық Лигасы университетінде оқу туралы

18.07.2022

Мен Корнелл университетінде оқыдым. Қазақстандықтар Шырмауық Лигасы университетінде оқу туралы

Шырмауық лигасындағы университеттерінің бірі — Корнелл университетіне оқуға түскен отандастардың әңгімесі. Кішкентай баламен магистратурада оқу мен қайтпас қайсарлық туралы.


Айболат Әбітбеков, Нұр-сұлтан қаласы, ҚР Парламенті Сенаты Аппаратының парламентаралық байланыстар және протокол бөлімінің бас консультанты


Cornell University


Университет таңдау және оқуға түсу туралы


Мен өмір бойы Гарвардта оқуды армандадым. Бірақ жұбайым екеуміз «Болашақ» стипендиясы арқылы оқуға түсіп, жоғары оқу орнын таңдағанда қажетті мамандық жоқ болып шықты. Сондықтан мен басқа ЖОО қарастыра бастадым. Баламызбен бірге тұруға қолайлы, қауіпсіз және қолжетімді тұратын жер іздедік. Сондай-ақ академиялық құрамында ескердім. Шешім Шырмауық лигасына кіретін Корнелл университетіне тоқтады.

Қабылдау процесі шамамен төрт жылға созылды. Осы уақыт бойы мен қажетті ақпаратты жинап, ағылшын тілін оқып, жұмыс істедім. Мектепте де, университетте де оқуда жақсы жетістіктерге жетпегеніме қарамастан, мен үздік университетке оқуға түсе алдым. Ең маңыздысы дұрыс тактика. Алдымен маған шәкіртақы тағайындалды, содан соң өтінімде қаржыланжыру көзін көрсеткендіктен, мүмкіндікті арттырды.

Оның үстіне эмоционалды көзқарасым, мемлекеттік қызметтегі тәжірибем және ұсыныс хаттарым көмектесті. Сіз АҚШ-қа магистратураға жұмыс тәжірибеңізсіз оқуға түсе алмайсыз, себебі мұнсыз сіз, пікірталасқа қатысу, біліміңізді тәжірибеде қолдану мүмкіндігінен айырыласыз. Сондай-ақ, ұсыныс хаттарды өзіңіз жазбауыңыз керек, АҚШ-та бұл қабылданбайды.

Оқудағы ерекшеліктері туралы

Корнелл университетінің артықшылықтарының бірі — пәндерді таңдаудың икемді жүйесі.

Тағы бір ерекшелігі, мұндағылар білмесе де сұрақ қоюдан қорықпайды. Мұғалімдер сізді міндетті түрде тыңдап, сыпайы жауап береді, дәрістен кейін тақырып туралы пікірлеріңізді ортаға салуды ұсынады. Университетте студенттерді құрметтеу мәдениеті жоғары.

Корнелл университетінің артықшылықтарының бірі — пәндерді таңдауды икемді жүйесі


Маған АҚШ-тағы білім беру жүйесінің студентке бағытталғаны ұнады. Мен мектеп кезінде математикадан қиналдым, бірақ АҚШ-та бұл пәнді Khan Academy ресурсында қайта оқи бастадым. Бір жарым жылдан кейін мен АҚШ-тағы магистратураға түсу үшін міндетті түрде тапсырылатын GRE тестінен өттім. Университетте статистика және экономика саласында оқыдым. Жергілікті жүйе маған күрделі пәнді түсінуге және жақсы көруге көмектесті.

Корнелл университетіндегі атмосфера


Бастапқыды айналадағылардың күлімдеп тұрғанына үйрену қиын болды. Сонымен бірге университетте күйзеліс деңгейі жоғары. Психологиялық қызмет — студенттерге қолдау көрсету үшін тәулік бойы жұмыс істейді. Бірақ мен қысым көрмедім, себебі оқу маған қызықты болды.

Ivy Leage

Университет шағын қалада орналасқан. Студенттік қалашықта жұбайым мен балама екі қабатты шағын коттедж берілді. Түске дейін мен, түстен кейін жұбайым оқуға барды, ал балам балабақшаға барып жүрді. Біз онда өзімізді өте жайлы сезіндік, сондықтан оқуымызға барынша көңіл бөле алдық. Алайда сіз, өмірдің серпінді ырғағын қалайтын болсаңыз, оқу үшін басқа орынды таңдауыңыз керек болады.

Университеттен не үйрендім

Корнелл университетіне түсу менің өмірімдегі ең маңызды шешімдердің бірі болды. Біз мұнда отбасымызбен керемет үш жылды өткіздік. Осы жылдың ішінде баламыз ағылшын тілін жақсы меңгеріп шықты. Жұбайым екеуміздің пікіріміз бен өмірге деген көзқарасымыз бір болды. Өз қабілеттерімізге деген сенімділік пайда болды, егер сіз жеткілікті күш салсаңыз, бәріне қол жеткізуге болатындығын түсіндім. Менің мақсаттарым мен бағдарларым өзгерді.

Мемлекеттік қызмет жүйесінде инновациялар енгізу және жұмыс құрылымын өзгерту айтарлықтай қиын. Бірақ мен өз әлеуетімді жүзеге асырудың тағы бір мүмкіндігін таптым. Оқуға түсу барысында жақсы білім қорын жинай білдім, сондықтан мен шетелдегі ең жақсы университетке қалай түсуге болатыны туралы кітап жазамын деп шештім. Мен біздің жастарға және олардың ата-аналарына көмек бергім келеді. Сондай-ақ, басқаларға шетелдік жоғары оқу орындарына түсуге көмектесетін компанияның негізін қаладым.


Диас Нұрғазы, 29 жаста, Нұр-Сұлтан қаласы, инженер-құрылысшы


Корнельский университет


Университет таңдау және оқуға түсу туралы

Мен, Семей қаласындағы қазақ-түрік лицейін бітірдім, ағылшын тілінен олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарға ие болдым. Мұндай бастама маған халықаралық емтихан тапсыру кезінде үлкен көмек болды.

11-ші сыныптан кейін «Болашақ» бағдарламасы бойынша Остиндегі Техас университетіне оқуға түстім. Мен бұл университетті таңдаған себебім, онда мықты инженерлік мектеп пен отандастарым көп болғандығы. Бірақ үш семестрден кейін мемлекеттік университетте оқу мен үшін аса қиын, аса қызықты емес екендігін түсіндім. Мен үздік университеттердің біріне ауысқым келді де, Корнелл университетіне құжат тапсырып, бірден қабылдандым.

Оқуға түсу үшін, мен сізге волонтерлік қызметпен айналысуға, зерттеулер мен жобаларға қатысуға, мақсаттарға қол жеткізуге және нәтиже жете алатындығыңызды көрсетуге кеңес беремін. Сондай-ақ, АҚШ-та қиындықтарды жеңе алатын адамдардың әңгімелерін жақсы көреді. ЖОО өтініш беретін кезде өмірдегі белгілі бір жетістікке жету жолындағы тарихыңызбен бөліссеңіз, оқуға қабылдау мүмкіндігі жоғары болады.

Оқудағы ерекшеліктері туралы

Корнелл университетінде оқу Остиндегі Техас университетіне қарағанда әлдеқайда қиын болды. Бұл жекеменшік университет болғандықтан, топтар аз, бірақ ең үздік студенттер оқитын. Осындай бәсеке мені бұдан да көп жұмыс істеуге, нәтижеге жетуге ынталандырды.

Студенттер сапалы нетворкинг пен жақсы өмірге қадам жасайды


Корнелл университеті Шырмауық лигасына кіретіндіктен, американдықтар білімнің қымбаттығына қарамайды. Студенттер сапалы нетворкинг пен жақсы өмірге қадам жасайды.

Корнелл университетіндегі атмосфера

Корнеллде маған басқа адамдармен араласу мен қарым-қатынас жетіспеді. Онда жерлестеріміз аз оқитын, оқуымыз қиындау болғандықтан, сирек сөйлесетінбіз.

Университет табиғат пен сарқырамалармен қоршалған әсем жерде орналасқан. Оқудан басқа ештеңе болмағандықтан, студенттерді ештеңе алаңдатпайды. Студенттер көп ақша төлейтіндіктен қажетсіз нәрселерге уақыт жоғалтпайды.

Университеттен не үйрендім

Шетелде оқу — ой-өрісіңді кеңейтеді, көп нәрсеге басқаша қарай бастайсың. Қиындықтарды жеңуге, тәртіпке бағынуға үйреткен өмір мектебі болды. Бұл университетті бітіру — үлкен жетістік.

Менің дипломым менің алдымда келеді, оның белгілі бір салмағы бар. Егер Корнелл университетін бітірген болсаңыз, сіз бағаланасыз.

Қайтпайтын қайсар, білімге талпынатын, үнемі уақытын ойын-сауыққа жібермейтін жандарға осы университетке түсуге кеңес беремін. Егер ондай болмасаңыз, онда сізге оқу қиынға соғады.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.