facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
mekteps-z-m-r-resey-ukraina-zh-ne-zbekstan-ata-analaryny-t-zh-ribies
logo
Мектепсіз өмір: Ресей, Украина және Өзбекстан ата-аналарының тәжірибиесі

02.12.2017

Мектепсіз өмір: Ресей, Украина және Өзбекстан ата-аналарының тәжірибиесі

Ольга Соболь, 39 жаста, Мәскеу, Ресей, аудармашы



Отбасылық білімнің жақсы жақтары



Мектептегі орта — әртүрлі. Үлкен өмірде кіммен аралсуыңды, кіммен араласпауды сіз өзіңіз шешесіз. Мектеп болса, сіз өміріңізде мүлдем араласқыңыз келмейтін, түрлі кейіптегі балалардың жиналған ортасы. Ал, сіздің сыныбыңызда ең таңдамалы балалар мен ең жақсы мұғалім болатындай етіп жасау мүмкін емес. Мектеп — балалардың бір-біріне деген қатыгез қарым-қатынастарының кесірінен түрлі комплекстар пайда болатын жер. Сонымен қатар, мектептегі білім, менің баламның қалайтын білімінен әлдеқайда өзгеше.

Сіздің сыныбыңызда ең таңдамалы балалар мен ең жақсы мұғалім болатындай етіп жасау мүмкін емес

Үйде алатын білімнің арқасында біз ұлымыз екуіміз өзімізге ұнайтын барлық нәрселерді істеуге үлгереміз. Таңертең сабақ оқимыз, содан кейін спортпен, бимен шұғылдаңамыз, работотехникамен айналысамыз, театр үйірмесіне барамыз. Біз өз уақытымызды өзіміз еш кедергісіз жоспарлай аламыз. «Тапсырмаларды істеуге үлгермедік, ол үшін бізге екі қояды» деп уайымдамаймыз. Тағы бір жағымды жағы — сіздің балаңыз ерте тұрмайды.

1ш.jpeg

Үйдегі оқу процесін баланың икеміне қарай ұйымдастыруға болады. Егер кейбір сабақтар оңай берілсе оны тезірек өтуге, қиын берілетін сабақтарға көбірек уақыт бөлуге болады. Көп адамдар бала мектепке өмір сүру амалдарына және қарым-қатынасқа үйрену үшін бару керек деп ойлайды. Менің балам әлі кішкентай, оның ондай ортаға барғанын қаламаймын.

Оның бір нәрсеге үйренгенін, өз бойындағы қабілеттерін дамытқанын қалаймын. Мектептегі қарым-қатынас деңгейі мінсіз емес. Мектептен тыс балалардың жиналып, қарым-қатынас жасауына мүмкіндік беретін түрлі үйірмелер бар. Менің балам кез-келген адаммен ортақ әңгіме құра алады, ол жаңа жерге барып адамдармен таңысудан ешқашан бас тартпайды.



Туындайтын қиындықтар туралы



Әрине, қиындықтар бар. Сіз балаңызды мектепке жібергенде, жауапкершілік сіздің мойыныңызда болмайды. Ал, біздің жағадайда барлық жауапкершілік менің мойыныма ілінеді. Сонымен қатар, бізге қарағанда, мектептің ресурстары көп.

2ш.jpeg

Үйде баланың сабақты өздігінен ұйымдастыруы жағынан көп қиындықтар болды. Маған баланың оқу бағдарламасын уақытылы түсінгенінен гөрі, өздігінен бір нәрсе жасап үйренуі маңыздырақ. Егер ол 15 жасына дейін өздігінен сабақ орындауды үйренсе, болашақта бұл үлкен көмегін тигізетініне күмәнім жоқ. Қазір осы мәселеге көп көңіл аударсам, кейін балам маған өзі «рақмет» айтады.


Үйдегі оқудың процессі



Ең жеңіл тәсіл — мектеп берген бағдарламадан қалып қоймау. Бірақ, заң бойынша сіздің қалауыңыз бойынша жеке оқу бағдарламасын құруға болады.

Біз бұл әдіспен бірінші сыныптан оқимыз, қазір үшінші сыныптамыз, уақыт өте келе оқу процесі жеңілдеді, үйреніп кеттік

Таңертең отырып белгілі бір пәндерді орындаймыз, бұны біз «мақсатқа жету» деп айтамыз. Бізде әр сабақ бойынша өз мақсаттарымыз бар. Апта соңында орындаған мақсаттарымызды санаймыз. Егер көп болса, тойлаймыз. Азырақ болса, нәтижеге қалай қол жеткізетініміз туралы ойлаймыз. Біз бұл әдіспен бірінші сыныптан оқимыз, қазір үшінші сыныптамыз, уақыт өте келе оқу процесі жеңілдеді, үйреніп кеттік. Бастапқыда, бала өздігінен оқу білмеген кезде, оған барлығын түсіндіру үшін көп уақыт жұмсау керек. Қазір балам көп нәрсені өзі жасайды. Сәйкесінше, біраз уақыттан кейін барлық нәрсені өзі жасайтын болады.



Отбасылық білімге қалай көшу керек



Ресейде бұл оқу жүйесі үлкен танымалдылыққа ие. Мен мектепке бармаймыз деп шешім қабылдағанда, басқа ата-аналармен ақылдастым, жалпы сынға дайын болдым. Көп ата-аналар мен сияқты отбасылық білім туралы ойлағандарын айтты, бірақ олар батылдық танытпады.

Ресейде бұл процесс — қарапайым. Сіз өтініш жазып, мектепте тіркелесіз. Балаңызды үйде оқытып, оқу жылының соңында емтихан тапсырасыздар. Заң бойынша емтихандарды тек бастауышты бітіргеннен кейін, 9 сыныптан кейін және 11 сыныптан кейін ЖОО-на түсу емтиханың ғана тапсыруға болады.


Петр Голота, 38 жаста, Киев, Украина, қолөнерші



Отбасылық білімнің жақсы жақтары



Украинаның білім беру жүйесі баланың жеке қасиеттерін ашуға бағытталмаған. Оқушылар не үшін оқитынын, кім болатынын, қандай білім алатынын білмейді. Білім беру жүйесі түбегейлі өзеруі керек. Сондықтан, мұндай білімнің менің балаларыма керек еместігін шештім. Онымен қатар, тоталитарлы-деструктивті заманауи жүйе баланың мүмкіндіктерін шектейді. Балалар тәуелсіз болып туды. Сондықтан, мен балаларыма альтернативтік білім таңдадым, содан кейін тіптен отбасылық білімге көштік.

3ш.jpeg

Айта кету керек, отбасылық білімнің он жақтары мен жағымсыз жақтарының саны — бірдей. Бірақ, ең жағымды жағы, мен, өзім ата-ана ретінде баламның туған кезінен бастап жауапкершілікті толығымен өз мойыныма аламын. Біз, жұбайым екеуміз, олардың дамуы мен келешегіне үлкен жауапкершілікпен қараймыз. Біздің балаларымыз ешкімнен қорықпайды: не менен, не сабақтан, не өмірден. Олар — бос, тәуелсіз. Менің ойымша, қорқыныш — адамның дамуын тоқтататын бірден-бір тежегіш. Менің міндетім — пәндік білім беру емес, ақпаратты қабылдауға үйрету. Оларға өз өмірлерін өздері құра алатындай тәрбие беру, батыл шешім шығаруға үйрету. Бізді өз жолымызды таңдап, сол жолмен жүруіміз керектігін үйретті. Бірақ, барлығы өзгереді, қазір дамуда да, ақпарат алуда да тұрақтылық керек.


Туындайтын қиындықтар туралы


Айта кететін жайт, ешнәрседен қорықпайтын баламен әртүрлі қиындықтар туындауы мүмкін, ондай балаларды басқару өте қиын. Кез-келген басымдық, мәжбүрлеу — менің балаларыма қолайсыздық тудырады, олармен келісу керек. Олар қызықсыз кітаптарды оқуға әрдайым келісе бермейді, өздері интернеттен оқу курстарын көріп оқи алады.

Кез-келген басымдық, мәжбүрлеу — менің балаларыма қолайсыздық тудырады, олармен келісу керек

Сабақтан басқа, олар қандай үйірмелерге қатысатынын, өздері таңдап, бізбен бірге шешім қабылдайды. Мен емтиханда кездесетін пәндерді арнайы кітаптармен оқу керек екенін түсінемін, бірақ, кейде осы мәселеде қиындықтар туындайды. Дегенмен, оны шешіп, емтихандарды жақсы тапсырып жүрміз.


Үйдегі оқудың процессі



Менің балаларым бірінші және бесінші сыныпта оқиды. Олардың оқуын ұйымдастырудың бірден-бір амалы — балалардың өздігінен отырып, сабақ кестесін құруы. Қай күндері қандай сабақтар оқитының өздері шешеді. Бұл жерде олармен келісу өте маңызды, сабақтарын оқуы үшін оларды бірденемен қызықтыру керек. Егер олар математиканы оңай десе, оларға қиынырақ математика беру керек.

4ш.jpeg

Біз сабағымызды тек 3 апта бұрын бастадық. Күздің жартысында саяхаттадық, әртүрлі жерлерді көрдік, бос уақыттарында олар сабақ оқысы келмеді. Егер мен оларға қысымдық көрсетсем, бәрібір оқығаннан пайда болмас еді.


Отбасылық білімге қалай көшу керек



Украинада білім беру және орта білім туралы Заң бар. Осы екі құжатта, отбасылық білім туралы бірнеше жалпы тармақтар жазылған. Бұл процесті анықтайтын және реттейтін нормативтік құжаттар - жоқ.

Кейбір мемлекеттер қашықтықтан оқу лицезиясын алады. Сондай мектептерге өтініш жазуға болады. Әдетте, бұл тегін емес, бірақ қол жетімді бағада. Қашықтықтан оқытудың орташа бағасы: жылына 100 доллардан 300 долларға дейін. Бағасы қымбат мектептер де бар. Бірақ, ондай кезде онлайн курстар ұсынылады. Скайп арқылы мұғалімдермен консультация жүргізіледі.

Динара Урманова, 34 жаста, Ташкент, Узбекистан, доула, ата-аналарға арналған семинарлар жүргізушісі, емшек емізу бойынша кеңесші, слингоконсультант



Отбасылық білімнің жақсы жақтары



5ш.jpeg

Менің үлкен балам мектепке әлі бармаған кезде, мен Роберт Кийосакидің «Бай болғың келсе — мектепке барма» кітабын оқыған болатынмын. Осы тақырыпқа қатты кіріп кеттім. Сол кезде өзім мектептердегі білімнің төмендеп бара жатқанын байқағанмын. Балам бірінші сыныпқа барған кезде, мен оған «егер саған білім беру жүйесі ұнамаса, біз отбасылық білімге көшеміз», — дедім.

Бастауыш сыныпта мен балама түсіндіре алмайтын ақпаратты болған жоқ, бірақ көп керек емес, қызықсыз, тым жай ақпараттардың көп екенін көрдім. Мектепте бардың барлығын үйде жылдамырақ, әрі қызықтырақ істеуге болады.

Отбасылық білімнің жақсы жақтары: оқу кестесіне тәуелсізсің, сондықтан балалармен кез-келген жерге саяхаттауға болады. Балалар тыңығып, демала алады. Егер сізде отбасылық оқу процессі қалыптасқан болса, ол мектептегі оқудан гөрі аз уақыт алады. Баланың басқа ойындарға, отбасымен болуға уақыты болады.

Отбасылық оқу кезінде болатын ең маңызды нәрсе — сіздің балаңыз өзі оқиды

Бала оған қызықты нәрсемен айналысқанда, көбірек ақпарат алғысы келеді, жаңа білім іздейді. Қазір ұлым үйде математикадан қосымша сабақтар оқиды, оған қиынырақ тапсырмалар беруімді сұрайды. Егер оған үй жұмысының кейбір есептері қызықсыз көрінсе, оны істемеуге рұқсат беремін. Жалпы сабақтардан гөрі, баланың қосымша ақпарат іздеуі маңыздырақ деп ойлаймын.


Үйдегі оқудың процессі



Үйдегі білім беруді ұйымдастыру жөнінен менің тәжірибием ұзаққа созылмады, бірақ бізге ұнады. Балалар барлық тапсырмаларды қызығушылықпен орындады. Менде барлық қиын, әрі қызықты есептері бар ресейлік кітаптардың базасы бар. Қазір оларды табу тіптен оңай. Мысалы, менің балаларым жақсы көретін Учи.ру порталы.

Мен нақты мектеп бағдарламасы бойынша оқытқан жоқпын. Мысалы, мектепте есепті шығару үшін оның барлық тәсілдерін жазып шығу керек. Ал, егер менің балам кейбір есептерді ойында шығарып, бірден жауабын айтса, біз бірден ол есептерді аттап өтетінбіз. Бастысы — бала өмірдегі есептердің шығару жолын білсе болды.

Біз таңертең 1,5 сағат оқитынбыз. Бұл егер қызығып оқитын болса, өте көп уақыт. Біз бала бүгін қандай сабақты оқығысы келсе, соны оқимыз. Оған қызықты сабақтарға ақцент жасаймыз. Сабақтан басқа, балаларыма қызықты спорт пен қосымша үйірмелерге барамыз. Үйде оқитын баланың жеке дамуына көп уақыты болады.


Отбасылық білімге қалай көшу керек



Өзбекстанда үйдегі оқуды қарастыратын Заң бар. Менің осы мәселе бойынша билікпен байланыста болудың үлкен тәжірибесі болды: мектеп директорынан бастап министрліктер мен прокурорларға дейін. Бір кездері аудандық прокуратура балаларды үйде тәрбиелеу құқығын растады. Мен рұқсат алдым, біз мектепке бармадық. Менің балам үйде тоқсан бойы өзі оқыды, оған ұнайтын. Кейінірек, олар менің балам тіркеуден өтуі мүмкін деп қорқытты, себебі ол мектепке бармай, орта білім алған жоқ. Мен адвокаттармен кеңесіп, бір жарым жыл бойы көптеген кездесулер өткіздім, бірақ нәтиже шықпады. Сондықтан қазір балам мектепте оқып жатыр, бірақ параллельді ол қосымша қызығушылық танытатын тақырыптарды өз бетімен оқиды.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.