Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit, sed do eiusmod tempor incididunt ut labore et dolore magna aliqua. Ut enim ad minim veniam, quis nostrud exercitation ullamco laboris nisi ut aliquip ex ea commodo consequat.

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
m-rat-muturganov-ciirque-du-soleil-reflect-shouynda-zh-mysy-zh-ne-e-tanymal-cirk-men-b-rge-zh-mysynan-key-ng-zhosparlary-zhayly

Мұрат Мутурганов CIirque du Soleil Reflect шоуында жұмысы және ең танымал циркімен бірге жұмысынан кейінгі жоспарлары жайлы
994

27.08.2017

Мұрат Мутурганов CIirque du Soleil Reflect шоуында жұмысы және ең танымал циркімен бірге жұмысынан кейінгі жоспарлары жайлы

Мұрат Мутурганов,әртіс және режиссер


Reflekt шоуы жайында


Тарихымызда алғаш рет Cirque du Soleil Қазақстанға арналған арнайы бағдарлама құрды. Олардың басқа 25 шоуларына қарағанда, Reflect EXPO-2017-мен бірге аяқталады, бұл шоуды көруге тек көрме қонақтарында ғана мүмкіндігі бар. Мен бұл жаңалық жайлы естіген кезде көрмеге волонтер ретінде қатысқым келді. Мен олаға кез-келген жолмен көмектесуге дайын болдым.Сол кезде циркті жетектейтін компания мені жұмысқа шақырды. Қазіргі кезде мен менеджер ретінде жұмыс істеймін, көрермендерді кіргізу мен шоу кезіндегі тәртіп үшін жауап беремін.

Екі аптадан кейін Cirque du Soleil әртістері елімізден кетеді, сол себептен әртістер Қазақстанда сатып алған және оларға енді қажет болмайтын заттарды арнайы қорапқа жинайды. Олар мені бұл қорапты балалар үйіне тапсыруға сұрады. Гастрольде болған жағдайда да, олар ең маңызды заттар жайлы ойланады.

IMG_2907.jpg

Олармен бірге жұмыс кезінде мен ешқандай қиыншылықтармен соқтығыспадым, себебі әртістердің жұмысы тәртіпке салынған,бүкіл жұмыс кезеңі механизм тәріздес. Әр бір адам өз жұмысына жауап береді. Әртістермен бірге жалпы 30-дан аса адамдар ілесіп жүреді. Таң атқанда әр бір павильонның менеджерлері көрме маңайында өтетін жиналысқа жиналады. Ал маған кез-келген жағдайда көмек көрсету үшін үнемі әртістердің дайындығында болуыма қажет. Өнерлерін көрсету залын дайындайтын кезінде,яғни кешкі сағат бесте негізгі жұмысымыз басталады.Сағат алтыда волонтерлер келеді,олар маған көрермендерді залға кіргізуге көмек беріп, тексеруші реінде жұмыс істейді.Сағат жетіде көрермендер залға кіреді, ал сағат сегізде мен шоудың басталуы мен тәртіп ережелері жайлы хабарлаймын.

Әр кеш сайын шоу аяқталған кезде көрермендер орнынан тұрып әртістерді қошеметтейді, көп көрермендер шоуға екінші рет келеді


Көрермендер бұдан бұрын бұл шоуға ұқсас еш нәрсе көрмегені туралы айтады.Адамдар бұл шоуды тек цирк ретінде түсінетін себептен,қандай шоуға бара жатқанын әлдеқайда түсінбейді. Ал шоудаң кейін қуанышқа бөленеді, кейбіреулері жылап жібереді.

EXPO басшылығы әдейі арнайы шоу ұйымдастыру мақсатымен циркке жолықты. Бұл бүкіл әлем деңгейіндегі әртістермен бірге серіктестікте болған біздің еліміздің тәуелсіз екендігін көрсету мақсатымен жасалған имидждік жоба.

IMG_2912.jpg


Cirque du Soleil бірегейлігі жайлы


Cirque du Soleil – бұл цирктің элементтері бар театр, ол бүкіл әлемнің еш бір циркіне ұқсамайды. Олардың дайындықтарына қатысуы мен үшін үлкен сыйлық. Олардың әртістермен жұмыс істеу тәсілі басқаша: әртіс циркте өте құрметті адам ретінде саналады, барлығы әртіс үшін жасалады.Топтарында эскиздер жасайтын бөлек адам бар, композиторы,әр өнер көрсетуінде ойнайтын өздерінің музыкалық тобы бар.

Цирк әртістері үшін Cirque du Soleil шоуына қатысу режиссерлер мен актерлердің «Оскар» сыйлығын алуына тең.

IMG_2918.jpg

Бұл жерде әр әртісті бөлек қошеметтемейді,жануарлармен жұмыс жасамайды, театрлік режиссерлерін шақырады, цирк,театр,спорт,балет және жанды дауысты бірге біріктіріп шоуларында қолданады. Олар тек класскалық цирк ретінде тоқталмайды. Жалпы мен бұл жағдай үшін қарс емеспін,бірақ бұл циркті 1 миллиард 300 миллион долларға ешкім сатып ала алмайды. Бұл осы цирктің иесі цирк акцияларын сатқан кезде алған сомасы.


Жоспарлары туралы


Cirque du Soleil-дің елімізге келгені біздің отандық цирктерінің дамуына мол ықпалын тигізеді деп үміттенемін.

IMG_2898.jpg

Бұл шоуға қатысқаннан кейін Қазақстанда осыған ұқсас шоуды жарыққа шығару — менің міндетім екенін түсіндім


Cirque du Soleil шоуларын көшірмей,біздің әртістерді қатыстырып, циркті бейімдеу және олардың деңгейінде жұмыс жасау керек. Жақын арада бұл арманымды өмірге әкелемін және болашақта біз қазақстандық циркімен гастрольге аттанымз деп үміттенемін.