facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
lybritaniya-aza-stan-zh-ne-o-t-st-k-koreyada-z-rleush-bolyp-zh-mys-steu-turaly-erekshel-kter-arty-shyly-tary-zh-ne-iyndy-tary
logo
​Ұлыбритания, Қазақстан және Оңтүстік Кореяда әзірлеуші ​​болып жұмыс істеу туралы: ерекшеліктері, артықшылықтары және қиындықтары

18.07.2022

​Ұлыбритания, Қазақстан және Оңтүстік Кореяда әзірлеуші ​​болып жұмыс істеу туралы: ерекшеліктері, артықшылықтары және қиындықтары

Әр елден келген әзірлеушілер IT саласындағы жұмыс істеу ерекшеліктерімен бөлісіп, жұмыс жағдайлары туралы айтып, ұсыныстарымен бөлісті. Толығырақ бүгінгі материалда.


Қазақстан


Төлеген Ақылбеков, 20 жаста, қаласы — Астана, Kwaaka-да Software Engineering Teamlead, @tolegen.akilbekov


Толеген Акылбеков


Мамандық таңдау туралы


Мен Kwaaka стартапында team-лид болып жұмыс істеймін.

Еңбек жолын мектеп жобаларында веб-дизайнер ретінде бастадым. Содан кейін beauty-салада және EdTech саласында түрлі стартаптарды іске қостым. Өкінішке орай, кербезмүйізді жаратқан жоқпын, бірақ тәжірибе жинақтадым. Кейінірек ресми жұмысқа орналастым.

Қазақстандағы әзірлеушілер туралы

Қазақстанда білімге қарамайтын компаниялар көп. Сондықтан академиялар әзірлеушілер үшін тамаша стартап бола алады. Тіпті жұмысқа орналасу кезінде де өзіңізді «сата» білу маңызды. Ол үшін мен Soft Skills әзірлеуді ұсынамын.

Керемет әзірлеуші ​​болу үшін табандылық, тәртіп, проблемалар мен қақтығыстарды шеше білу сияқты қасиеттердің болуы маңызды. Стреске төзімділік, креативтілік және оқуға қабілетіңіздің болуы да маңызды факторлар.

Менің жаңадан бастаған әзірлеушілерге кеңесім — бастама көтеруден қорықпаңыз, көбірек тәжірибе жасаңыз.


Еңбек жағдайлары туралы


Мен халықаралық EPAM компаниясында жұмыс істедім, қазір стартапта жұмыс істеймін. Жұмыс жағдайы компанияға байланысты деп сеніммен айта аламын. Ірі ұйымдарда бұл жақсырақ. Бірақ шағын стартаптарда шығармашылық үшін көбірек еркіндік пен команда құру мүмкіндіктері бар.

Маған стартапта жұмыс істеу көбірек ұнайды. Біздің ұжым өте тату, біз заманауи технологиялармен жұмыс істейміз.

Қазақстандағы әзірлеуші ​​мансабының артықшылықтары: жоғары жалақы, қолайлы жұмыс жағдайлары, керемет қоғамдастық.

Қиындықтар: денсаулыққа қатысты ықтимал мәселелер, шамадан тыс жұмыс, шаршау.


Жоспарлары жайлы


Қазақстанның IT саласын дамыту.


Ұлыбритания


Сұлтан Салиев, 23 жаста, қаласы — Кэмбридж, Amazon-да Software Engineer,@sula_road


Султан С


Мамандық таңдау туралы


Мен әзірлеуші ​​мамандығына тоғызыншы сыныпта «Социальная Сеть» фильмін көргеннен кейін қызығушылық таныта бастадым. Фильмде Марк Цукербергтің Facebook-ті құру идеясының қалай келгені туралы көрсетілген. Мен қарапайым студенттің миллиардтаған адамға қалай әсер еткеніне және біздің қарым-қатынас жасау тәсілімізді мәңгілікке өзгерткеніне таң-тамаша болдым.

Осылайша, әлемді өзгертуге деген құлшыныспен кірістім. Әртүрлі бағдарламалау тілдерін оқыдым, робототехника, веб-әзірлеу, киберқауіпсіздік, жасанды интеллект, машиналық оқыту және нейрондық желілермен жұмыс істедім. Ал қазір бұлттық технологиялармен жұмыс істеймін.


Ұлыбританиядағы әзірлеушілер туралы


Ұлыбританияда жұмыс істеу үшін сізде жұмыс визасы болуы керек. Негізінен жұмыс беруші демеушілік жасайды. Менің жағдайымда бұл Amazon болды.

Amazon-ға жұмысқа тұру үшін мен түйіндемемді компанияның сайты арқылы жібердім және бірнеше рет сұхбаттан өттім. Олар бірнеше айға созылды. Содан кейін маған ұсыныс түсіп, жұмыс беруші Skilled Worker Visa және салық мәселелерін шешті. Қоныс аударуым үшін 9000$ берілді.


Еңбек жағдайлары туралы


Елдегі еңбек жағдайлары әдеттегідей: жұмыс күні сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін, медициналық қызмет ақылы, 21 күндік демалыс бар. Жалақы деңгейіңізге және компанияңызға байланысты өзгеріп отырады.

Мамандықтың артықшылықтары:

– кодтың бір жолымен ғана әлемге ықпал ету мүмкіндігі

– жоғары жалақы

– бос орындардың көптігі

– түрлі сала туралы білу мүмкіндігі.

Қиындықтар:

— Мезгіл-мезгіл жалған атақты болғандай синдромды сезінесіз. Сондықтан білімді үнемі жаңартып отыру керек. Кеше істегеніңіз бірнеше айдан кейін ескіріп кетуі мүмкін.

— Кейде бағдарламалық жасақтаманы әзірлеуден басқа, компания міндеттеріңізге кезекшілік міндетін де беруі мүмкін. Ол кезде апта бойы 24/7 уақыт хабарда болуыңыз керек.

— Тамаша әзірлеуші ​​болу үшін сізге келесі дағдылар қажет: тиімді және жылдам оқу және командада жұмыс істеу қабілеті, уақытты тиімді басқару, ұзақ уақыт бойы бір тапсырмаға назар аудара білу, шыдамдылық, сыни және аналитикалық ойлау.


Жоспарлары жайлы


Жеке брендіммен жұмыс істеуді жоспарлап отырмын. YouTube арнасын құрып, дамытқым келеді. Ал болашақта мұның барлығын өз стартапымды дамыту үшін пайдаланамын.


Оңтүстік Корея


Айсұлу Кәрімбаева, 31 жаста, қаласы — Сеул, Junior Frontend Engineer, @allabout_ice


Айсулу К


Мамандық таңдау туралы


Мен Қырғызстанның оңтүстігіндегі шағын ауылданмын. Менеджер және аудармашы болып жұмыс істедім, бірақ жұмыс уақытынан тыс көп жұмыстан және аз жалақыдан шаршадым. Менің көптеген әзірлеуші ​​және инженер достарым болды және мен өзімді бағдарламалауда сынап көруді шештім. Сөйтіп IT саласындағы жолымды frontend әзірлеуден бастадым.

Мен кәріс компаниясында junior frontend әзірлеуші ​​болып жұмыс істедім, қазір фриланста жобалармен айналысамын.


Оңтүстік Кореядағы әзірлеушілер туралы


Кореяда бағдарламашы болып жұмыс істеу үшін Computer Science саласында жоғары білімнің болуы міндетті емес. Көптеген компания үміткердің біліміне мән бермейді. Тәжірибе мен жобалар үлкен рөл атқарады. Мен алты ай ішінде өз мамандығымды онлайн курстардан өтіп өзгерттім.

Тамаша әзірлеуші ​​болу үшін ынталы болу, Интернеттен ақпаратты өз бетіңше іздей білу және адамдармен байланыс орнату маңызды. Маңызды фактор — өз жұмысыңызға қызығушылық таныту.


Еңбек жағдайлары туралы


Барлығы Оңтүстік Кореяда жұмыс істеу үшін кәріс тілін білу керек деп ойлайды. Бірақ бұл олай емес. Кәріс тілін білмей, жұмыс барысында ағылшын тілінде сөйлесетін шетелдіктерді жұмысқа алатын көптеген компания бар. Тіл үйренуге бірден-бір мотивация — елдегі өміріңізді жеңілдету.


Көптеген адам Кореяда тым көп жұмыс істейтінін және оған ақша төлемейтінін біледі. Бұл ішінара рас, бірақ соңғы уақытта кейбір компаниялар өз қызметкерлеріне қамқорлық жасауда: олар қосымша жұмыс уақытын төлейді және сыйақы береді.


Компаниялар қызметкерлерге аптасына екі-үш рет үйден жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Кейде бір ай бойы үйде отырып жұмыс істеуге болады.


Кіші junior-әзірлеушілердің жалақысы салықты төлегенге дейін жылына 36-40 миллионнан басталады. Қызметкердің тәжірибесі көп және қабілетті болса, оның жалақысы да соғұрлым жоғары болады.


Жоспарлары жайлы

Әртүрлі жобаларда фрилансер болып жұмыс істеп, содан кейін өз кәсібімді ашуды жоспарлап жүрмін.


Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.