facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
line-brew-meyramhanasyny-bas-direktory-12-zhyl-boyy-step-zhat-an-dayashylar-men-zheke-konditerl-k-d-ken-zhayynda
logo
Line Brew мейрамханасының бас директоры 12 жыл бойы істеп жатқан даяшылар мен жеке кондитерлік дүкені жайында

Гүлмира Жакупова

26 жаста, туған қаласы – Астана, ресторатор

Іс философиясы

03.02.2019

Line Brew мейрамханасының бас директоры 12 жыл бойы істеп жатқан даяшылар мен жеке кондитерлік дүкені жайында


Бәрі қалай басталды


Астанада алғашқы Line Brew мейрамханасы 2006 жылы ашылды. Сол кезде директоры мейрамхананың құрылысымен айналысқан Дмитрий Головаш еді. Ал мені бухгалтерлерді R-keeper мейрамханалық бағдарламаны оқыту үшін Алматыдан шақырды. Мен Астанаға көшіп, жұмыс істеуді жоспарлаған жоқпын. Бірақ жағдайларға байланысты мен бас бухгалтер қызметінде қалдым да бір айдан кейін мені мейрамхана әкімгері қызметіне тағайындады. Ал құрылыс пен жөндеу жұмыстары аяқталған соң, мамыр айында мені Line Brew мейрамханасының бас директоры қызметіне тағайындады.

Астанада алғашқы Line Brew мейрамханасы 2006 жылы ашылды


Line Group — бұл отбасылық бизнес, біздің құрылтайшыларымыз дана адамдар. Алғашқы төрт жылдары аса қиын болған кезде, олар келіп, көмектесетін, бағыт беретін. Осында жұмыс істеп жатқан 12 жыл ішінде жұмысқа баруды қаламаған бір де бір күн болған емес. Мен ауыр болса да, маңызды тәжірибе жинадым.


Клиентке бағытталған негіздеме


Біз әрқашан қонақтардың өтініштеріне, усыныстары немесе ескертулеріне көңіл аударамыз. Біз қонақтың жақсы көңіл-күймен кетуі үшін барлығын жасаймыз. Егер оған бір тағам ұнамаса, біз оны айырбастаймыз немесе оны есептен алып тастаймыз.

20190116-DSC_2099.jpg

Біздің тұрақты қонақтарымыз көп. Бірнеше ондаған балалар біздің көз алдымызда өсті, олар бір жаста болған кезде ата-аналары келетін, қазір сол балалар 13 жаста. Әдеттегідей бізге келетін қонақ біздің досымызға айналады. Ол мәзірді ашпауы да мүмкін – әдеттегі тапсырысты сұрайды және қызметкерлер қандай тапсырыс екенін біледі. Line Brew мейрамханасында даяшылар сирек ауысады, 12 жыл менімен бірге істеп жатқан даяшылар да бар және бұл қонақтар үшін маңызды.

Көбісі бізді стейк-хаус ретінде біледі, бірақ біздің мәзіріміз ауқымды, стейктерден бөлек біз басқа да дәмді тағамдарды әзірлейміз. Мысалы, адамдар біздің жеке кондитерлік дүкеніміздің бар екенін біле бермейді. Біз жылына бір рет Франциядан кондитерді шақырамыз және десерттерімізді ауыстырып отырамыз.

Line Brew мейрамханасында даяшылар сирек ауысады, 12 жыл менімен бірге істеп жатқан даяшылар да бар және бұл қонақтар үшін маңызды


2017 жылы біз EXPO-да ашылдық, көрме жабылғаннан кейін қиын болды, бірақ қазір сол жағалаудағы мейрамханаға бауды ыңғайлы көретін адамдар табылды. Жақында біз «Ақбұлақ» ауданында мейрамханалары бар апарт-бутик-мейманханасын ашамыз.


Жетістікке жету жолы


Мекемеде кәсіби адамдар жұмыс істеген кезде ғана қонақтар келеді. Line Brew мейрамханасында қызметкерлердің көбісі ашылудан бері 12 жыл бойы істеп жатыр, мейрамхана үшін бұл тың жағдай. Қазірде, барлығы өз жүйемен жұмыс істеп жатқан кезде, мен көбінесе психолог қызметін атқарамын. Мысалы, таңертең біз музыка қосып, билейміз, қуат аламыз. Біздің ұжым – бұл отбасы. Мен өз қызметкерлеріме ұрсуым мүмкін, бірақ басқа жақтан біреу келіп ұрысса Гүлмира Қайыргелдіқызы оларды қорғайды. Бұл сезім ұжым үшін маңызды.

20190116-DSC_2121.jpg

Жұмыстың алдында бір бума ақпаратты оқитын даяшылар – біздің мақтанышымыз. Залда жүрген кез-келген даяшыны тоқтатып, сұрауға болады және ол тағамның құрамын, тұздықтың түрін, шараптың жылын және шараптың дәм-иісін біліп, айтып береді. Тоқсанда бір рет біз даяшылардың пайыздары негіделетін теориялық және тәжірибелік емтихандар өткіземіз.

Сонымен қатар біздің бухгалтерлік құрамымыз мықты.

Мен арзан өнімдерді алуға рұқсат етпеймін, себебі сапа бірінші орында тұруы тиіс

Және, әрине, сапаның бақылауы. Бізді жеткізушілер ұнатпайды, себебі біз әкелетін өнімдерге тиянақты қараймыз. Қайтарып отыру біз үшін күнделікті іс, тіпті күніне бірнеше рет атқарылатын іс. Мен арзан өнімдерді алуға рұқсат етпеймін, себебі сапа бірінші орында тұруы тиіс. Дәмді болса, адамдар да болады, жалақы да болады, демек барлығы жақсы болады. Нақты тізбек бар және ол өзгермейді.

Менің жетістігім – бұл 12 жыл табысты атқарылып жатқан жұмысым. Мен жұрт алдында танымал емеспін, мені қалада ешкім білмейді десек те болады. Бірақ осы уақыттың ішінде мейрамханаға мен жетекшілік етіп жатырмын. Мейрамхана жайында жағымды пікірлер естіген кезде, мен сүйсінемін.


Өмірлік қағидалар


Мен тәуекелшіл адаммын, әкемнің арқасында мен өмірде аз нәрседен қорқамын. Тіпті ең қорқынышты жағдайлардың өзінде мен барлығы жақсы болатынына сенімдімін және бұл маған әрқашан көмектесті. Оған қоса мен оптимистпін. Қаншалықты қиын болмасын, мен жамандықтан арылып, өмірге күлімдеп, әрі қарай жүре аламын.

20190116-DSC_2118.jpg

Рахат күйде өмір сүру қажет. Адам өміріндегі ең үлкен және маңызды жұмыс – өз-өзіңмен жұмыс істеу. Және өмірдегі басты махаббат – өзіңе деген махаббат. Сені өздерін бақытқа жеткізе алған бақытты адамдар қоршаған кезде, бұл ең жақсы нәрсе. Әрбір адам жан жарасымымен өмір сүре білуі керек. Мен өз өмір жолымды маған жайлы болу үшін құрамын.

Мейрамхана ісімнің 12 жылы ішінде мен нақты шешімдерді қабылдауға, «жоқ» деп айтуға, бұрынғыдай әсерленгіш болмауға үйрендім


Мейрамхана ісімнің 12 жыл ішінде мен нақты шешімдерді қабылдауға, «жоқ» деп айтуға, бұрынғыдай әсерленгіш болмауға үйрендім. Мен адамдармен үлкен құрметпен қарым-қатынасқа түсуді үйрендім, себебі қызмет көрсету саласында клиенттің айтқаны әрқашан дұрыс болады. Мен тәртіпке үйрендім және Юлий Цезарь сияқты бір уақытта тыңдап, айтып, жазып, оқи аламын. Мен тайм-менеджментке үйреніп, қажет болған кезде, идеяларыммен бөлісе аламын.


Іскерлік кеңестер


Мен мейрамхана бизнесінде жұмыс істеуді енді бастап жатқан заманауи ұрпаққа қызығамын. Қазірде ақпараттар көп, уақытым болған кезде, мен Youtube желісінде көп каналдарды қараймын. Бірақ мен Олег Назаровтың «Мейрамхананы қалай дамытуға болады» және «Мейрамхананы қалай құртуға болады» деген кітаптарынан бастағанмын, сонымен қатар оның дәрістерінде болдым.

Мен мейрамхана бизнесінде атақты ұстазым бар деп айта алмаймын. Мен жүрегіммен жұмыс істеймін және шешімдерді ішкі түйсігіммен қабылдаймын.


Күн тәртібі


Мен 05:30 тұрамын. Бұл уақытта үйдегілердің барлығы ұйықтап жатады және менде дербес уақытымның екі сағаты болады. Мен қажетті косметикалық процедураларды жасауға үлгеремін, душ қабылдап, кітап оқимын, ағылшын тілін оқып, балаларға дәмді таңғы ас дайындаймын. Одан кейін мен балаларды мектепке жіберемін, кейін менің соңымнан жүргізушім келеді де, мен жұмысқа барамын.

Әр дүйсенбі сайын мен Кенесарыдағы мейрамханада барлық жетекшілерді жинаймын және біз өткен аптаны талқылап, келер аптаға жоспарлар құраймыз. Әл әр сейсенбі сайын – EXPO-да жиналамыз.

20190116-DSC_2109.jpg

Менің күнім кездесулер мен әңгімелерден тұрады: нарыққа жаңа жеткізушілер келеді немесе жаңа мейрамхананың құрылысшыларымен сөйлесу керек, немесе дизайнерлермен Skype-конференция өткізу қажет болады. Кешкі сегізде мен отбасыммен кешкі ас ішу үшін, үйде болуға тырысамын. Мен бірлескен отбасылық тамақтануды әдетке айналдырамын. Біз міндетті түрде барлығының үйге келуін күтеміз.

Менің өмірім америкалық горкаларға ұқсайды, бірақ мен эмоциялар мен жылдамдықты жақсы көремін. Сүйікті ісімен айналысқан кезде, барлығына уақыт жеткізесін. Кейбір кезде, бір күндік шаруаларымды жазып алғанда, бұның барлығын істеу мүмкін емес деп ойлаймын. Бірақ бұның құпиясы – жан-жағыңа қарамай, бұны қалай істеу керек деп ойламай, істеу болып табылады. Маған осындай серпінді өмір ұнайды. Оған қоса мен жоспарлағанымның барлығын тәуліктегі 24 сағаттың орнына 33 сағат болса, үлгеретін едім деп есептедім.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.