facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
latyn-l-pbi-ne-auysu-aza-t-l-mamandaryny-p-k-r
logo
Латын әліпбиіне ауысу: қазақ тілі мамандарының пікірі

24.09.2017

Латын әліпбиіне ауысу: қазақ тілі мамандарының пікірі

Жанар Бижанова, 49 жас, туған қаласы — Шымкент, қазақ тілі мұғалімі


Алғашқы кезде, латын әліпбиіне ауысу жайлы әңгіме енді ғана басталғанда,мен бұл мәселеге енжар болдым. Ал қазір ауысуға көзқарасымды жағымды жаққа өзгерттім. Мектепте мен неміс тілін оқыдым және бірнеше рет сәтсіз ағылшын тілін үйренуге тырыстым. Мен латын әліпбиімен таныс болсам да, мен үшін жаңа әліпбиді меңгеру еңбекті көп қажетсінетін барыс болатынын сеземін.


Үлкен кемшілік – жасқа байланысты емес, мұғалімдерге де,оқушыларға да қосымша жұмыстың көп болуы. Сонымен қоса, қаншама іс-құжаттарды, кітаптарды және оқулықтарды қайта басып шығаруға тура келеді.Мен кітапқа құмармын деп айта алмаймын,сонда да латын әліпбиінде жазылған кітапты соңынан дейін оқуыма көп уақыт кететінін тура білемін.


Менің ойымша,бір ең маңызды артықшылық – балаларға ағылшын тілін оқу оңайырақ болады


Менің ойымша,бір ең маңызды артықшылық — балаларға ағылшын тілін оқу оңайырақ болады. Ал шетел тұрғындарына — қазақ тілін үйренуге. Көрші ортаазиялық мемлекеттер де біздің үлгімізге еріп, түріктілдік халықтардың достығы одан аса нығаяды деп үміттенемін.


Қоғам жайлылық зонасынан шығады,ал бұл өзімен өзі — жетістік. Аздай серпілеміз, лингвистика мен социологияның жоғары идеялы тақырыптарды талқылай бастаймыз.


Жас ұрпаққа жаңа жазу таңбаларын үйренуге оңай болатын себептен, үлкендер өз балаларының немесе жасөспірімдердің көмегіне сүйенеді. Бұл жақсы жағдай, себебі балалармен жасөспірімдерде жақындарын оқыту тәжірибесі пайда болады.




Азат Шауеев, 47 жас, Жамбыл облысы, мемлекеттік тілді дамыту Фондының директоры, soyle.kz жобасының авторы


Біздің қоғам қайраткерлері, зиялылар — ғалымдар, жазушылар, ақындар сияқты мен де латын әліпбиіне өтуін қолдаймын. Біз көптен бері осындай жаңалықты күттік.


астана.jpg


Біріншіден, қазір ғылым, мәдениет, білім беру, жаңа технологиялар бір орында тұрмайды, күн сайын,сағат сайын дамиды. Сондықтан, біздің тілімізге де заманмен бірге дамуына қажет. Латын әліпбиіне ауысып, біз қазақ тілінің ірі реформасын жүргіземіс. 40-шы жылдары бізді латын әліпбиіне ауыстырғанда, біз онымен он жылдай қолдандық. Кейін, кириллицаға қайта ауысқанда, ежелгі қазақ әріптері жоғалып кетті. Ал қазір біздің ғалымдарымыз, әзірлеушіміз әліпбидің бір нұсқасын ұсынды. Енді қоғам ол жайлы жылдың соңына дейін пікір алмасады. Бүкіл пікірлерді біздің мәдениет Министрлігіміз жинақтап, қарастырады.


Латын әліпбиіне ауысып, біз қазақ тілінің ірі реформасын жүргіземіс


Әліпбині біржолата бекіткен кезде, біз soyle.kz-ке өзгерістерді енгізуге жоспарлаймыз. Қазіргі кезде бізде кириллицада орыс-қазақ нұсқамыз бар, ауысудан кейін біз латын нұсқасын жасаймыз. Шетелде кириллица мен орыс тілін білмейтін бес миллион қазақ тұрады. Олар бізді бұрыннан бері сайттың латын әліпбиінде ағылшын-қазақ нұсқасын жасауды сұрайды, себебі олардың бүкілі латын әліпбиімен және ағылшын тілімен қолданады. Біз бұл нұсқаны әзірлегеннен кейін, бес миллион қазақта қазақ тіліне үйренуге мүмкіндік пайда болады, сонда шетелдіктерге де біздің тілімізге үйренуге және біздің отандастарымызға да латын әліпбиін меңгеруге оңайырақ болады. Латын жазу таңбаларына ауысудан бүкілі жеңеді.


Бағдарламалау тілдерін санағанда, 80%-ға жуық тілдер латын әліпбиін қолданады. Латын әліпбиіне өткен соң, Қазақстанға әлемдік қоғамдастыққа кіруге оңайырақ болады: ғылыми қоғамдастық,ақпараттық технологиялыр қоғамдастығы және мәдени қоғамдастық. Уақыт өткен соң, біздің азаматтарымыз түрік,әзірбайжан тілдерінде әдебиетті оқи алады, ал ауысу шетелде тұратын қазақтарды біріктіру факторына себеп болады. Себебі біз кириллицада жазамыз, қытай қазақтары араб әліпбиінде жазады, түрік қазақтары латын әліпбиінде жазады, ал латын әліпбиіне ауысқаннан кейін бүкіл қазақтар латын жазу таңбаларымен жазады,бұл сонымен қоса бүкіл түріктілдес халықтарының бірігуіне себеп болады.


Егер біз латын әліпбиіне ауыссақ, бірінші сынып оқушыларына оңайырақ болады


Мектеп оқушыларына латын әліпбиі оңай беріледі. Біз әрдайым әлеуметтік сауалнама жүргіземіс, біздің жастарымыздың 70%-ы ағылшын тілінде сөйлей алады. Егер біз латын әліпбиіне ауыссақ, бірінші сынып оқушысына оңайырақ болады. Бұл тек уақыт мәселесі — ең көп дегенде бір-екі жыл. Біздің жастарымыз білімді, талантты, жан-жақты.




Айгуль Мамешева, 43 жас, туған қаласы — Тараз, қазақ тілі мұғалімі


Маған өзіме жаңа әліпбині оқуда және үйренуде қиыншылық туса да, жалпы латын әліпбиіне ауысуына менің көзқарасым жағымды. Менің ойымша, ауысу әрқашан шарасыз болды. Бұл қайта құрылыс кезінде жүзеге асырылуына керек болған мәселе деп ойлаймын.


айгуль мамешева.jpg


Егер жағымды жақтары жайлы айтсақ, әрине біз өткен уақыттың құндылықтарын қайта тірілтеміз. Өткен ғасырда латын әліпбиі көп емес уақыт қолданса да, бұл сонда да тарих бөлігі. Көптеген шетел тұрғындары біздің тілімізге қызығушылығын көрсетеді, оларға қазақ тіліне үйренуге жеңіл болады,себебі олар қосымша әліпбині үйренуге мәжбүр болмайды. Мүмкін, ауысу әлемдік аренада қазақ тілінің мәртебесіне жағымды әсер етеді.


Жағымсыз жақтары түсінікті: үлкен шығындар, жаңа жазу таңбалары туғандай және әдетті болып көріну үшін көп уақыт өту керек. Сонымен қоса,егер ойласақ, біздің үйімізде тұрған бүкіл кітаптар ескі болып саналады.


Жағымсыз жақтары түсінікті: үлкен шығындар, жаңа жазу таңбалары туғандай және әдетті болып көріну үшін көп уақыт өту керек


Балалрдың білім алуы үшін жауапкершілік біздің басымызда. Алайда, балалар үлкендерден гөрі тез бейімделеді. Бізге дәл балалар білім таратса,мен таң қалмаймын. Бұл жағдай ұрпақтар сұхбатына әлдебір әртүрлілік енгізеді. Балалармен бірге жаңа білім алу,әрине, жақсы. Мұғалім ретінде айта алатыным, латын әліпбиіне ауысу - бұл өзінінің кәсіпқойлылығының өсуін бақылайтын мұғалімдер үшін керемет мүмкіндік.Сонымен қоса мен отбасыммен біріккен білім алуды дәмеленемін.


Бүгінгі күні көптеген жастар ағылшын тілінде орыс тілімен тең сөйлей алады. Сонда да, жаңа мәселелер мен ережелер көбейді.Бұл үшін да қанша уақыт қажет. Осы қыста көптеген мұғалімдер курстарды ала бастайды. Мен курстың басталуын шыдамай күтемін.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.