facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/191/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/axdi4mf6yxanwvzp4t7k83dct6tpzmwz.jpg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)
kreativt-sanatta-ylar-aza-standy-stilist-m-r-s-ru-salty-men-yzmet-n-erekshel-kter-turaly
logo
Креативті санаттағылар. Қазақстандық стилистің өмір сүру салты мен қызметінің ерекшеліктері туралы
Главный (каз)

31.07.2023

Креативті санаттағылар. Қазақстандық стилистің өмір сүру салты мен қызметінің ерекшеліктері туралы

Біз алматылық танымал стилиспен кездесіп, оның қандай өмір салтын ұстанатынын сұрап білдік. Сәнге қызығушылық танытсаңыз, оқыңыз және пікірлес адамдарды іздеңіз.


Меруерт Ізбасарова, 31 жаста, қаласы — Алматы, стилист, @mika_izbassarova

IMG_4980.jpg

Өзі жайлы

Мен стилиспін.

Қыздар мен әйелдерге сәнді көрінуге және өз стилін табуға көмектесемін. Өйткені стиль —болмысымыздың көрінісі.

Менің хоббиім қызметіммен байланысты. Жұмыс істемейтін кездің өзінде сән көрсетілімдерін зерттеймін, сәнге қатысты подкасттар тыңдаймын. Анда-санда үлкен теннис ойнаймын.

Мен бос уақытымды блогер құрбыларыммен өткіземін. Олар да сәнге қызығушылық танытады, кейбірі осы салада жұмыс істейді. Бұл бізді біріктіреді. Бір орында тұрмайтын, үнемі дамып келе жатқан еркін қыздармен араласамын.

Тыңдаймын, оқимын және көремін

Мен психология және мотивация тақырыптарына қызығамын. Осы тақырыптарға байланысты нәрсенің барлығын оқуды, көруді және тыңдауды ұнатамын. Подкаст тыңдау, басқа адамдардың дүниетанымын, көзқарасын зерттеу және әлемге басқа көзбен қарауға тырысуды ұнатамын.

IMG_9981.JPG

Музыкада сүйікті жанрым жоқ. Мен кездейсоқ бірдеңе естіп қалсам, өзіме ұнайтын тректі плейлистіме қоса аламын.

Қазақстандық Молданазар, Ninety One сияқты орындаушылар ұнайды. Қазақ тіліндегі отандық музыканың сұранысы артып, танымал болып келе жатқаны ұнайды. YouTube-тен Орталық Азиядан шыққан авторларды бақылап отырамын.

Не шабыттандырады

Мені бәрі шабыттандырады. Көргенім, естігенім, бір сөзбен айтқанда, кез келген нәрсе. Бұл жақсы да, жағымсыз да нәрсе болуы мүмкін. Бұл бізді алға ұмтылуға және дамуға итермелейді.

Әсіресе адамдар — таңдаған бағытымен жүретін және одан ләззат алатын, іс бастаудан қорықпайтын табысты және талантты жандар шабыттандырады.

Алматыда барлық жерде шабыт алуға болады. Әсіресе Медеу жақта, «Алтын алаңда» серуендеу кезінде. Мен адамдардың өзін қалай ұстайтынын, қалай киінгенін бақылауды ұнатамын. Маған алматылықтар мен олардың стилі ұнайды.

Бос уақытын қайда өткізеді

Құрбыларыммен кофе ішіп, әңгіме-дүкен құруға жиі жиналып тұрамыз. Ал кейде жайлы орын таңдап, кітап оқып немесе подкаст тыңдап жалғыз отыруды ұнатамын.

IMG_5580.jpg

Тауларды қатты жақсы көремін. Отбасымызбен демалыс сайын дерлік «Медеу», «Шымбұлақ», Алма-Арасан жаққа шығып тұрамыз.

Сондай-ақ өзендердің маңында уақыт өткізгенді ұнатамын: Терренкур, Үлкен Алматы, Кіші Алматы.

Әріптестерімнің барлығын танимын. Серіктестеріміз ұйымдастыратын шараларда жиі кездесеміз. Бұл көбіне сұлулық, сән, жеке күтім саласына қатысты іс-шаралар.

Қайдан не сатып алуға болады

Менің сүйікті брендтерім жоқ. Мен кез келген дүкеннен қызықты нәрсе таба аламын. Сондай-ақ @fkusno.ta деп аталатын өз брендім бар. Ол Pluse-size қыздарға және аяғы ауыр келіншектерге арналған. Олар бізден ыңғайлы және әдемі трансформер-киімдерді таба алады.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.