Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit, sed do eiusmod tempor incididunt ut labore et dolore magna aliqua. Ut enim ad minim veniam, quis nostrud exercitation ullamco laboris nisi ut aliquip ex ea commodo consequat.

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
kesh-bosanu-a-bel-bayla-an-yelderd-3-o-i-asy

Кеш босануға бел байлаған әйелдердің 3 оқиғасы
15928

20.06.2017

Кеш босануға бел байлаған әйелдердің 3 оқиғасы

Бағдагүл Сыдықова, 47 жаста, Алматы облысы, Алакөл ауданы


Аллаға шүкір, менің жеті балам бар: бес қыз және екі ұл. Мен оларды «Жеті қазынам» деп атаймын. Үлкен қызым Жайнагүл 23-те, тұрмыс құрған, ұлы мен қызы бар. Екінші қызым — Айнагүл, Астанада оқиды, болашақ журналист. Одан кейін: Оразгүл — 17-де, Нұржан — 15-те, Айымгүл — 13-те, Нұргүл — 9-де және Аян 6 жаста. 2016 жылы Елбасының бұйрығымен «Алтын алқа» төсбелгісімен марапатталдым.


1991 жылы тұрмыс құрдым, отасқанымызға 3 жыл толған кезде, 25 жасымда тұңғыш қызымды дүниеге әкелдім. Мен ешқашан жүктілік пен босануға дайындалған емеспін, қазір бәрі қатысып жүрген йогаға қатысқан емеспін, спортпен де айналыспадым. Тек үнемі дәрігерге көрініп, оның кеңестеріне құлақ астым.


Менің жолым болды, жолдасым өте қамқор жан, жүкті кезімде бұл кезеңді жеңілдету үшін бәрін жасады. Алайда, мен де ештеңе істемей отырған емеспін, күнделікті үй жұмысымен айналыстым. Бұл да өз кезегінде физикалық жүктеме мен жаттығу ғой.


Менің жүктілік кезеңдерім еш қиындықсыз өтті, балаларымды өзім босандым


Ауылда тұратындықтан, бізде ауа таза, тау, табиғат, жаңа піскен көкөністер мен жемістер бар, сондықтан менің салауатты тамақанып, дәруменге бай тағамдарды тұтынуыма толық мүмкіндігім болды. Оған қоса анам маған жүктілік кезінде еттің сорпасын көбірек ішуге кеңес берді, жеті жүктілігімде де осыны орындадым.


Бірақ, кенже ұлымыз, Аянды күтіп жүргенде аздап қиналғаным рас. Себебі, жас организм бұл кезеңді жеңіл өткереді. Өз тәжірибемнен айтар болсам, мұндай жастағы жүктілік — оңай нәрсе емес. Жасым 42-де болғандықтан, ауыл дәрігерлері мені аудан орталығына жіберді. Ондағы мамандардың көмегі мен бақылауының арқасында ұлымды аман-есен дүниеге әкелдім. Өзге үйлердің кенжелері секілді Аян да ерке, басқаларға ұқсамайды, оның мінезі де мүлдем бөлек.



Сәуле Өтеулиева, 47 жаста, туған қаласы — Орал, қоғамдық тамақтану, жылжымайтын мүлікті жалға беру


Менің үш балам бар, тұңғыш ұлым 1991 жылы өмірге келді, ол кезде 21 жаста едім, екінші ұлымды 31 жасымда босандым және қызымды 41 жасымда дүниеге әкелдім.


Күйеуім екеуміздің екі үлкен ұлымыз болғандықтан, қызымыздың болғанын қаладық. Бұған дайын екеніміз жөнінде шешім қабылдап, дәрігерімізден кеңес алып, жүктілікке дайындалдым. Дәрумендер, фолий қышқылы, «Йодомарин», кальций қабылдадым, дәрігерлердің кеңесі мен нұсқауы бойынша жүрдім. Мен 41 жастың үлкен жас екенін ескеріп, жүктіліктің оңай болмайтынына дайын болдым.


IMG-20170428-WA0006.jpg


Дәрігерлер жүктіліктен бас тарту туралы айтқан емес, алайда әйелдің жасы ұлғайған сайын баланың Дауна синдромымен туылу қаупінің жоғары болатынын ескертіп отырды. Жүкті кезімде скринингтерден өттім, алғашқысы баламның сау болмайтынын көрсетті, бірақ екінші скрининг ауытқушылықтың байқалмайтынын көрсетті.


Менің жүктілік кезеңдерім оңай өтті, жүкті әйелдерде жиі кездесетін жүрек айну, қыжыл, басқа да мәселелер болмайтын. Үшінші баламда да солай болды. Үлкен балаларыма қарағанда қызымды босану оңай болды. Мерзімінде сап-сау болып дүниеге келді, қазір 6 жаста.


IMG-20170428-WA0007.jpg


Жасың ұлғайғанда дүниеге әкелген балаң «тәттірек» көрінетін сияқты. Жолдасым қыз болса деп армандайтын, сондықтан көптен күткен қызымыз дүниеге келгенде ол қатты қуанды. Үлкен балаларым да қарындастарының дүниеге келгеніне қуанды.


40 жастан кейін бала дүниеге әкелуді жоспарлап жүргендер өз ағзасын дайындауы керек, себебі бұл соншалықты оңай нәрсе емес. Ал, негізінен баланы жас кезінде босанған жөн.



Тұрсын Мәлікова, 45 жаста, туған қаласы — Павлодар, қаржы


Екі қызым бар, үлкен қызым 1991 жылғы. Ал кішісі — 2014 жылы дүниеге келді. Күйеуім үнемі бала болғанын қалайтын, ал мен енді бала көтере алмаймын деп ойлаушы едім. Мен өз қаупім туралы айтқаныма қарамастан, күйеуім тексерістен өтті, мен де дәрігерге қаралдым. Алайда, жүкті екенімді білгенде аздап қорықтым әрі ұзақ уақыт бойы сене алмадым. Күйеуім қатты қуанды, ал мен уайымдадым.


Жүктілігім жеңіл өтті. Жүрек айну болған жоқ, тек қатты қыжыл мазалайтын, бірінші қызымда мұндай болмап еді. Бәрінен қыжыл болатын, тіпті шәй ішсем де қыжыл пайда болатын. Мені «Печаевские» дәрісі құтқаратын еді, ол өте арзан, 200 теңге шамасында тұратын, қазір 500 теңге тұрады. Және маған каркаде шәйі жақсы көмектесетін, оны қайнатып, салқындатып алып, компот сияқты ішетінмін. Көптеген таныстарым, тіпті дәрігерлердің өзі мұны баланың шашы өсіп жатқандықтан болар деп айтатын. Бірақ, Дариға дүниеге келгенде оның шашы ұзын әрі қалың болды деп айта алмаймын. Мұның себебі жүктілікке дейін өт жолында проблемалар болғандықтан шығар. Жүктілік барлық туа бітті аурулардың асқындырады, сондықтан жас кезіңде босансаң, саған жеңілірек болады. Жасы ұлғайған әйелдің денсаулығында жүкті кезінде көптеген мәселелер пайда болады.


Бұрын дәрігерлер «кеш босанушы» деген терминді қолданатын. Қазір бұл жоқ, сондықтан көптеген әйелдер 40 жастан кейін де босануда. Дәрігерлердің өзі қазір әйелдер тіпті 48 жаста да бала босанады дейді. Дәрігерім маған: «Тағы да босанамын деп шешуің мүмкін» деп айтқан болатын.


Мен ескіліктің адамымын және дәрігерлердің кеңестері мен тағайындауына өте мұқият қараймын. Есепке жүктіліктің 4-5 аптасында тұрдым, ең бірінші скринингті 11 аптада өттім, бұл анализді тапсыруға болатын ең ерте мерзім. Барлық анализдің нәтижесі оң болды.


IMG-20170429-WA0010.jpg


Желтоқсанда Алматыдан Ақтауға іссапармен ұшып жүрдім, қаңтарда босандым. Ұшаққа отырар алдында дәрігерден ұшуға болатыны туралы анықтама аласыз, алайда менің үстімде тон болғандықтан, әуежай қызметкерлері байқамай да қалды.


Жүкті әйелдерге дәрумендерден «Кальцеминнің» орнына «Кальций-Д3 Никомедті» ішуге кеңес беремін, бұл препаратты қабылдағаннан кейін әсері бір-екі күнде көрінді, шашым түспейтін болды. Мен оны ұзақ мерзім бойы қабылдадым, лактация кезінде де, босанғаннан кейін де қабылдап жүрдім.


Алайда, бәрінің өз уақыты бар және мен жас кезде босанған жөн деп ойлаймын. Күш пен энергияң тасып, денсаулығың жарап тұрған шақта босану қажет. Маған қазір қызымның жанында болған ұнайды. Алда мектебі бар, онымен бірге сабағын орындау қажет, ол өскенше көп қиындықтардан өтуімізге тура келеді, ал ол үшін күш-жігері тасыған ана керек. Алайда, мен мұны ойламауға тырысамын және баламның кішкентай екені және аналық сезімнен рахат аламын.