facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
kel-n-t-s-ruge-baylanysty-salt-d-st-rler-aza-stanny-rt-rl-rler-nde-alay-oryndalady
logo
Келін түсіруге байланысты салт-дәстүрлер Қазақстанның әртүрлі өңірлерінде қалай орындалады
Таңғажайып Қазақстан

03.01.2019

Келін түсіруге байланысты салт-дәстүрлер Қазақстанның әртүрлі өңірлерінде қалай орындалады

Оңтүстік аймақтар


— оңтүстікте беташар — тойдан бөлек өткізілетін салт

— беташарда келін иіліп сәлем салады

— беташар кезінде орамалдың бір шеті оқтауға байланады. Келін иіліп сәлем берген кезде, күйеу жігіттің отбасындағы ең кіші ұл бала сол оқтауды ұстап тұрады. Оқтау келіннің отбасының қамын ойлап, үй шаруашылығына жақын болсын деген мағына береді

— беташарда еттің орнына палау беріледі

— енесі келінге қызыл түсті халат пен аяқтары түгел жабылып тұратындай шалбар береді. Қызыл түс жаңа келіннің түскенін білдіреді

— оңтүстік жақтарда келін ерте тұрып, үйдің үлкен кісілеріне міндетті түрде сәлем береді

— келін күйеуінің үлкен ағалары мен кіші іні, қарындастарының есімдерін атамауы тиіс. Тек «қайын аға», «ерке қыз», «ерке бала» деп айта алады




Батыс аймақтар

— батыста келін аздап иіліп сәлем салуы мүмкін

— қыздың төркініне шайды енесі құйып береді. Ал қалған кезде келіндер қонақтарды өздері қарсы алып, дастархан жаяды, дастарханды жинаған кезде, қонақтарға иіліп сәлем береді

— келіндерге ұлттық нақыштағы киім мен бұйымдар сыйлайды. Үйде келін басынан орамал түспейді




Солтүстік аймақтар

— Қазақстанның солтүстігінде қалың малдың орнына көбінесе «ана сүті» ақысы беріледі. Көп жағдайда бағалы бұйымдар сыйға тартылады

— бұл аймақта беташар тойдың үстінде өткізіледі

— құдалыққа қалта әкелініп, қонақтарға сыйлықтар таратылады

— «сәлем салу» салты тойдан басқа кезде орындалмайды




Шығыс аймақтар

— «сырға салу» салты құдалықпен бірге өткізіледі

— шығыс өңірлерде солтүстіктегідей «сәлем салу» салты көбінесе сақталмаған

— үйде келін басына орамал тағып жүреді




Сонымен қатар өзіндік ерекшеліктері бар Алматы аймағын бөлек атап кетуге болады

— «сырға салу» кезінде алтын сырғамен қоса келінге үкі тігілген орамал жабады. Бұл салт «үкі тағу» деп аталады. Ол келіннің атастырылып қойылғанның белгісі болып саналады

— құдалықта аруақтарға арнап киім, шапан береді

— күйеу жігіт жағынан ең бағалы сый қызын мәпелеп өсіргені үшін «ана сүті» беріледі. Соңғы кездері әке еңбегі үшін де сыйлық жасайды

— «күйеу қоржын» бөлек орындалатын салт. Күйеу жігіт жағы жиналып, қонақтарды шақырып, дастархан жаяды. Дастарханнан кейін қоржын жиналып тігіледі. Қоржынға тәттілер, киім, маталар, орамалдар салынады. Қоржынның сырты бұйымдармен әшекеленеді. Сол сыйлықтар құдалықта беріледі

— құдалар келген кезде, «арқан тарту» салты орындалады. Арқаннан өту үшін құдалар оны сатып алады немесе сыйлықтарын береді



Материалды дайындауға атсалысқаны үшін Гүлназ Тілеубаеваға. Ақжарқын Каироваға, Мақпал Аширбаеваға, Толқын Галиеваға, Алия Бегалиеваға алғысымызды білдіреміз.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.