facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
k-yeuge-s-tt-shy-u-a-tuystary-k-mek-tig-zgender-turaly-3-o-i-a
logo
Күйеуге сәтті шығуға туыстары көмек тигізгендері туралы 3 оқиға
Өмір сүру стилі

10.08.2018

Күйеуге сәтті шығуға туыстары көмек тигізгендері туралы 3 оқиға

Александра Соболева, 45 жаста, туған жері — Өскемен, wellness-коуч



Отбасы туралы



Жұбайым екеуміз жақсы отбасыдан шықтық. Толық отбасы еркек пен әйел арасындағы өзара әрекетте суүлгісін қалыптастырады. Күйеуімнің аты Владимир, тұрмыс құрғанымызға 26 жыл болды, 2 баламыз бар. Балаларымыз ересек, үлкені 25, ал кішісі 21.



Біз қалайша таныстық



Ата-анамыз бізді достастыруды жөн көрді. Ата-анамыз отбасыларымен араласты, бірақ біз барлық кездесулерде болмадық, сол себепті анамның құрбысының ұлын жақсы есте сақтай алмадым. Ал ол менен үлкен болды, сондықтан мені есте сақтай алды. Жасым 17 болғанда тағы бір рет таныстық. Ол басқа қалаға институтқа кетті, ал анам оған менің нөмірімді берді, осылайша біз хат алмасуды бастадық. Оған белгілі бір жоспар құрған жоқпын, себебі жасым әлі кішкентай еді. Қазіргі стандарттарға сәйкес, 17 жаста неке туралы ойлау ерте деп саналады. Бірақ, ол қонаққа келіп, тосынсыйлар жасап, көзқарасы мен қарым-қатынасы арқылы көңілімді өзіне аудартты. Сондықтан 18 жасымда тұрмысқа шықтым.

Бала кезінде қыздарға көңілді ұлдар ұнайды. Ал сенімді, батыл ұлдар аса көзге түсе қоймайды. Мен де бастапқыда оны көре алмадым, кейін ғана байқадым. Және тұрмысқа шыққан кезде бұл адаммен ештеңеден қорықпайтынымды түсіндім.



Қоршаған адамдардың көзқарасы



90 жылдары 20-21 жаста тұрмысқа шығу қалыпты жағдай еді. Ол кезде 22 жастағы қызға қарап, отырып қалды деп айта бастайтын, сондықтан 18-19 жаста тұрмысқа шығу сирек жайт болды. Менің шеңберімдегі адамдар Владимирді білмейтін. Достарым біз үшін қуанып, некеге сәттілік тіледі.



Оң мен теріс жақтары туралы



Ата-ана арқылы танысу әр кезде өзекті. Бұны әмбебап дауа деп айта алмаймын, бірақ ана ретінде ата-аналарымыз жақсырақ білетінін байқадым. Адамдар танысып, өздерін шынайы көрсетпейтін жағдайлар болып тұрады. Ал ересек адам мұны тезірек түсінеді. Ата-аналар бала тәрбиеленген отбасыны, олардың құндылықтарын білгені және ол құндылықтар бір-біріне жақын болғандығы маңызды. Бұл өте маңызды, себебі адам кез келген рөлді сомдап, кез келген нәрсені айта алады. Бірақ, жасырын отбасылық келіспеушіліктер мен мінез-құлық үлгілері ерте ме, кеш пе сыртқа шығады.

Балаларменің араласуымсыз да қарым-қатынастарын сәтті жүргізіп келеді, бірақ менің пікірімді тыңдайды. Кіші ұлымның қарым-қатынасы біздің отбасыдағы қарым-қатынасқа ұқсайды, ал үлкен ұлым әлі ізденіс жолында. Егер біз бір қалада тұрсақ, мен көмектесер едім. Бірақ балам шешім қабылдап, ал маған бір нәрсе дұрыс емес болып көрінсе, оған кедергі жасамаймын.


Муслима Баходирова, 20 жаста, туған жері — Ташкент, студент


Отбасы туралы



Отбасымыздың он ұрпағы Ташкентте тұрып келеді. Күйеуімнің отбасысы біздің отбасыға ұқсайды. Олар да Ташкенттен және діни отбасы. Біздің үйлену тойымыз, атастыруымыз, құда түсу өзбек салттары бойынша өтті. Біздің ата-анамыз таныстырды, кейін екі жақ үйлену туралы келісіп, ортақ нанды үзетін «Потаха-туй» рәсімі өтті. Осы сәттен мен қалыңдыққа айналып, дайындық басталды.



Біз қалайша таныстық



Біз бала кезімізден таныспыз, отбасыларымыз дос. Менің тұрмысқа шығатыным жайлы шешім қабылданған кезде біздің үйде танысу кеші өтті. Бұл да күйеу бала ата-анасымен және туыстарымен қалыңдықтың туыстарымен танысу үшін келетін рәсім. Егер біз екеуміз де бас тартсақ, өзімізге басқа жұп қарастыра бастаймыз. Танысу біздің келісетінімді немесе келіспейтінімзді шешеді.

Біздің отбасыда қызда үйлену тойына дейін қарым-қатынасы болмау керек деп саналады. Сондықтан мені не күтіп тұрғанын елестете алмадым. Менің жалғыз қалаған нәрсем — оның менен сәл үлкен болып, мінезіміз ұқсап, отбасылық құндылықтарды сыйлауы болды. Мені бірден бірнеше жігітке аттастырды, үш үміткерді көрдім. Нәтижесінде, сенетін, жаныма жақын адамды таңдадым. Бірінші кездесудекүйеуімді толықтай көре алмадым, себебі ұялып, еденге қарап отырдым. Кейін бірнеше рет үйлену тойы істерімен жүріп, кездесуге бардым, осылайша, тұрмыстағы өмірім қалай болатынын оңай елестете бастадым. Кездесулер ресми тілде «учрашув» деп аталады, бірінші кездесуге анам мен ағамның әйелі менімен бірге барды. Ол да анасымен және тәтесімен бірге келді, біз саябақта серуендегенше, олар бізден бөлек сөйлесіп отырды.



Қоршаған адамдардың көзқарасы



Менің мектеп құрбыларымның барлығы тұрмыста. Кейбіреулері 17-18 жастарында неке құрды. Сондықтан олар мен үшін тек қуанышты болды.



Оң мен теріс жақтары туралы



Егер жүрегің «иә» деп айтса, мұндай таныстырудың еш жаман жері жоқ деп ойлаймын. Менің отбасымда ешкім мені ата-анамның шешімімен, еріксіз күйуге шығармас еді. Біз барлығын бірге, келісіп шешеміз. Егер жаным қалаған басқа бір адамды кездестірсем, ата-анам бұған қарсы болмас еді. Менің өмір салтым жабық, көп оқимын, үй шаруасымен айналысамын, курстарға барамын. Болашақ күйеуіммен қай жерде танысатынымды елестете де алмаймын. Менің ойымша, дәстүр өз маңыздылығын жоғалтпайды. Дәстүр бойынша тұрмыс құрмағандар қарым-қатынастарын өздері құрып, өз жолдарымен бара алады. Балаларыма жарын іздестіруге көмек қажет болса, мен көмектесемін.


Ольга Пак, 44 жаста, туған жері — Целиноград, нейрохирург-дәрігер


Отбасы туралы



Ата-анамызда біз үшеуміз — екі үлкен ағам және мен. Үлкен ағам отбасымыздың достарының қызына үйленді, ал ортаншы ағама қалыңдықты анам өзі тауып берді. Ал біз күйеуіміз екеуміз оның немере әпкесі арқылы таныстық.

Некеде керемет тұрып жатырмын. Біздің отбасыда бірнеше ұрпақ бойы ажырасу жоқ, бұл отбасылық дәстүр.

Тамыз айында отбасымызға 15 жыл толады және 3 баламыз бар.

Жұбайыммен сырттай таныстық. Мен оның немере әпкесімен бірге оқыдым, ол ағасы бар екенін айтты. Маған бұл мүмкін емес болып көрінді, себебі ол Қостанайда, ал мен Астанада тұрдым. Жаңа жылда құрбым маған хабарласқан еді, ал мен болашақ күйеуіме сәлем айт деп әзілдедім. Ол сәлемімді жеткізді, ал күйеуім бұған байыпты қарап, менің байланыс нөмірімді сұрай бастады. Менің нөмірімді біліп, екінші қаңтар күні маған хабарласты. Бастапқыда телефонмен араласып, кейін жарты жыл бойы e-mail арқылы хат алмастық. Құрбым тұрмысқа шыққан кезде ол шақырылған қонақтардың бірі болды. Бірінші рет сол жерде кездестік. Екінші кездесу бір айдан соң болды. Ол маған қонаққа келіп, ұсыныс жасады. Үшінші рет оны аттастыруда көріп, төртінші рет біз үйлену тойымызда жолықтық.

Құрбым ағасын жақсы, байыпты, жауапты және сол секілді басқа да оң қасиеттермен сипаттады. Ол ағасының қыдырып, көңіл көтермейтінін айтты, ал мен бұл жағынан белсенді болдым. Сол себепті құрбым бір-бірімізге келмей қалуымыз жайлы уайымдады. Араласқан кезде менде ол туралы жақсы әсер туындады.

Ең алғашқы әсер 100% күткен ойлармен сәйкес келмеді. Оны ән айтып, гитарада ойнай алады деп ойладым, бірақ керісінше болып шықты.



Қоршаған адамдардың көзқарасы



Ол қонаққа келген кезде оны құрбыларыммен кездесуге шақырдым. Ол оларға әсер ете алды, себебі әрқайсысына мағынасы бар кішігірім сыйлық алды. Құрбыларымның жүрегін жаулап, олар келісетіндерін айтты.



Оң мен теріс жақтары туралы



Ата-ана мен таныс арқылы танысу әрқашан болады. Кейбір халықтарда бұл әлі де таныстырудың негізгі әдісі. Біздің жағдай ата-ана арқылы танысуға ұқсамайды, себебі біз саналы шешім қабылдадық. Егер мінезіміз келіспесе, отбасы құрмас едік. Ал ата-аналар таныстырған кезде бұл міндетті түрде үйленуді қажет ететінін білдіреді. Мұның да оң жақтары бар, себебі ата-ана ақылдырақ, олар отбасы мен некеге ненің жақсы екенін біледі. Теріс жағы — жастар бір-біріне ұнамаулары мүмкін. Ал сүймейтін адаммен бірге өмір сүру — күмәнді қуаныш.

Алдыма мақсат қойып, балаларыма жар іздемеймін, бірақ пікіріме құлақ асуларын сұраймын.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.