Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit, sed do eiusmod tempor incididunt ut labore et dolore magna aliqua. Ut enim ad minim veniam, quis nostrud exercitation ullamco laboris nisi ut aliquip ex ea commodo consequat.

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
k-kshetauly-tardy-27-belg-s

Көкшетаулықтардың 27 белгісі
2665

06.05.2017

Көкшетаулықтардың 27 белгісі

Көкшетау — айналасы биік шоқылар мен қалың орманмен қоршалған шағын, таза және аса жайлы қала. Ал көкшетаулықтарға келсек, онда басқа қазақстандықтардан бөлектеп тұратын көптеген ерекшеліктерді айтуға болады. Біз бүгін нағыз көкшетаулықтың қандай екенін айтып береміз. Бізге бұл тізімді құруға тұрғылықты көкшетаулықтар Жаннат Бабагулова, Мерей Мустафина, Самал Макатова, Бахтияр Каюпов, Куракина Ольга, Ажар Уаисова мен Кульжиян Инкарбековалар көмектескен болатын.




1. Көкшетаулықтар жазда Бурабайға емес, Имантау, Шалқар немесе Зерендіге барғанды құп көреді.


2. Көкшетаулықтан қайдан екенін сұрағанда, қаланың өзінен бе деп нақтыласа, онда тұрғылықты көкшетаулық сұрап тұрған адамның сырттан келгенін бірден біледі.


3. Қазір Қопа көліне ешкім түспейді, алайда жергілікті тұрғындар жағажайдың адамдарға толып тұрған уақытын әлі күнге ұмытпайды.


4. Көкшетаулықтар ырғақты өмір салтын ұстанады, асықпайды.


5. Көкшетаулықтар тату, көршілерімен араласады және оларда ұжымдық рух бар.


6. Көкшетауда ыстық су жоқ, сондықтан әр үйде су жылытқыш бар. Дәл осы себепті көбісі суды үнемдейді және босқа төкпейді.


7. Сондай-ақ, қалада орталықтандырылған газ жүргізілмегендіктен, әр үйде уақытылы толтырылып отыратын баллон бар.


8. Көкшетаулықтарда кептеліс жоқ. Егер бір қиылыста екі бағдаршамда тұрып қалсаң, онда мұның өзі кептеліс болып саналады.


9. Көкшетаулықтар коммуналдық қызметтерге ең ірі көлемде ақша төлейтіндердің бірі.


11. Көптеген көкшетаулықтың балалық шағының естелігі бұғылары бар Мақтай тауымен байланысты.


12. «Орталық дәмхананың» өркендеу дәуірінде болған көкшетаулықтар әлі күнге дейін дәмді бәліштер мен бұрын ЦУМ-ның жанында болған осы дәмхананың басқа да тәттілерін сағына еске алады.


13. Көкшетаулықтар «Гормолзавод» балмұздағын жақсы көріп, онымен ерекше мақтанады.


14. Жаз басталысымен, бөшкедегі квас көкшетаулықтардың сүйікті сусынына айналады.


15. Жергілікті тұрғындар орысша айтқанда өз қалаларын Кокчетав емес, Кокшетау деп айтады.


16. Жастар Көкшетауды Кокчикаго деп атайды.


17. Көкшетауда құда қарсылағанда міндетті түрде бауыр қосылған кішкене бәліштер — «бүйрек» дайындалады.


18. Көкшетаулықтар Лос-Анджелестегі шоқыда орнатылған «Hollywood» жазуына ұқсас «Көкшетау» жазуымен мақтанады.


19. Көкшетаулықтар үшін «Шанхай» Қытай қаласы емес, қаланың криминалды ауданы.


20. Көкшетаулықтар балықтың екі түрін артық көреді: рипус пен пелядь.


21. Көкшетаулықтар мұнда, дәлірек айтқанда Шоқан Уәлиханов атындағы университетте ағылшын мен неміс тілдерінің үздік негізін береді деп есептейді.


22. Заманауи жастардың жиналатын сүйікті орны — ЦУМ-ның тұрағы. Сол жерде кештерде жастар жиналып, араласып, дөнер жеп, көліктерімен жүреді.


23. Тұрғылықты көкшетаулықтың Омск қаласында туысы немесе танысы тұрады.


24. Көкшетауда ыстық су жоқ болғандықтан, бәрі дерлік қоғамдық моншаға барып көрген, ал көбісі жиі буланып тұрғанды ұнатады.


25. Көкшетаулықтар радиация мөлшерін АЭС-нан емес, Васильков кен байыту комбинатынан (КБК) алады.


26. Көкшетаулықтар тәрбиелі, сондықтан да қоғамдық көлікте үнемі орын береді.


27. Көкшетауда жұпыны емес қалалықтар тұратын «Кедейлер алқабы» бар.